|
|
|
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және сақтандыру брокерлерінің қаржылық есебінің тізбесі, нысандары мен ұсыну мерзімдері туралы нұсқаулықты бекіту жөнінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 ж. 25 шілдедегі № 241 қаулысы Осы редакция ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2004 жылғы 22 қарашадағы № 160 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және сақтандыру брокерлерінің қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарына көшуіне байланысты Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді: 1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және сақтандыру брокерлерінің қаржылық есебінің тізбесі, нысандары мен ұсыну мерзімдері туралы нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) бекітілсін. 2. Осы қаулы күшіне енген күннен бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қаржылық есебінің тізбесі, нысандары және ұсыну мерзімдері туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2002 жылғы 3 маусымдағы № 209 қаулысының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1915 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 2002 жылғы 15-28 шілдеде жарияланған) және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру және қайта сақтандыру қызметі жөніндегі есептерінің нысандары мен ұсыну мерзімі туралы нұсқаулықты бекіту жөнінде" 2002 жылғы 16 ақпандағы N 46 қаулысының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1808 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 2002 жылғы 25 наурыз - 7 сәуірде жарияланған) күші жойылды деп танылсын. 3. Қаржылық қадағалау департаменті (Бахмутова Е.Л.) және Ақпарат технологиясы департаменті (Молчанов С.Н.) қоса беріліп отырған Нұсқаулыққа сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және сақтандыру брокерлерінің қаржылық есебінің жиналуын, өңделуін және жинақталуын 2003 жылғы 1 қазаннан бастап қамтамасыз етсін. 4. Бухгалтерлік есеп департаменті (Шалғымбаева Н.Т.): 1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын; 2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына және сақтандыру брокерлеріне жіберсін. 5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Н.Қ.Абдулинаға жүктелсін. 6. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ал оның қолданылуы 2003 жылғы 1 қыркүйектен бастап туындаған қатынастарға таралады. Ұлттық Банк
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және сақтандыру брокерлерінің қаржылық есебінің тізбесі, нысандары мен ұсыну мерзімдері туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2003 жылғы 25 шілдедегі N 241 қаулысымен бекітілген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және сақтандыру брокерлерінің қаржылық есебінің тізбесі, нысандары мен ұсыну мерзімдері туралы нұсқаулық 1-тарау. Жалпы ережелер 1. Осы Нұсқаулық "Сақтандыру қызметі туралы" және "Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне және бухгалтерлік есептің халықаралық стандарттарына сәйкес әзірленді және қаржылық есеп тізбесін, нысандарын, оны жасау жөніндегі негізгі талаптарды және сақтандыру қызметін реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға (бұдан әрі - уәкілетті мемлекеттік орган) ұсыну мерзімдерін белгілейді. 2. Осы Нұсқаулықтың мақсаты уәкілетті мемлекеттік органға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары (бұдан әрі - сақтандыру ұйымдары) және сақтандыру брокерлері ұсынатын қаржылық есепке қойылатын бірыңғай талаптарды белгілеу болып табылады. 3. Сақтандыру ұйымдары мен сақтандыру брокерлерінің қаржылық есебі Қазақстан Республикасының заңдарында, бухгалтерлік есептің халықаралық стандарттарында және осы Нұсқаулықта белгіленген тәртіппен жасалады. 2-тарау. Қаржылық есепті ұсыну 4. Қаржылық есепті Қазақстан Республикасының аумағында сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін және сақтандыру брокері қызметін жүзеге асыруға құқық беретін лицензиясы бар барлық сақтандыру ұйымдары мен сақтандыру брокерлері уәкілетті мемлекеттік органға ұсынады. 5. Филиалдары және/немесе өкілдіктері бар сақтандыру ұйымдары бірыңғай қаржылық есепті жасайды және уәкілетті мемлекеттік органға ұсынады. Филиалдар және/немесе өкілдіктердің қаржылық есепті жасау және/немесе ұсынуға қойылатын талаптарды сақтандыру ұйымдары дербес белгілейді. 6. Сақтандыру ұйымдары мен сақтандыру брокерлерінің қаржылық есебіне: 1) бухгалтерлік баланс - N 1 нысан (осы Нұсқаулыққа 1-қосымша) және оған қосымшалар; 2) кірістер мен шығыстар туралы есеп - N 2 нысан (осы Нұсқаулыққа 2-қосымша) және оған қосымшалар; 3) ақша қозғалысы туралы есеп - N 3 нысан (осы Нұсқаулыққа 3-қосымша); 4) меншік капиталындағы өзгерістер туралы есеп - N 4 нысан (осы Нұсқаулыққа 4-қосымша); 5) баланстан тыс шоттар бойынша қалдықтар - NN 5 және 6 нысан (осы Нұсқаулыққа 5 және 6-қосымшалар); 6) міндеттемелердің көлемі жөніндегі деректер - N 7 нысан (осы Нұсқаулыққа 7-қосымша); 7) қайта сақтандыру қызметі жөніндегі деректер - N 8 нысан (осы Нұсқаулыққа 8-қосымша); 8) Қазақстан Республикасының резидент еместерімен жасалған сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары жөніндегі деректер - N 9 нысан (осы Нұсқаулыққа 9-қосымша); 9) қаржылық есепке түсіндірме жазба (осы Нұсқаулыққа 10-қосымша); 10) бухгалтерлік есеп стандарттарының талаптарына сәйкес жасалатын есепті саясат. 7. Сақтандыру ұйымдары қаржылық есепті осы Нұсқаулықта көзделген мынадай кезеңділікпен ұсынады: 1) ай сайын осы Нұсқаулықтың 21-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда - есептіден кейінгі айдың оныншы жұмыс күнінен кешіктірмей - N 1 нысан 1-4, 6-10, 12 қосымшалармен, N 2 нысан 1, 2, 4-6 қосымшалармен және NN 7, 8 және 9 нысандар; 2) тоқсан сайын - есептіден кейінгі айдың оныншы жұмыс күнінен кешіктірмей - N 1 нысан N 1-12 қосымшалармен, N 2 нысан 1 - 8 қосымшалармен, NN 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 нысан және оларға түсіндірме жазба. 8. Сақтандыру брокерлері қаржылық есепті тоқсан сайын - есептіден кейінгі айдың оныншы жұмыс күнінен кешіктірмей - NN 1, 2, 3, 4, 5 және 6 нысандары, сондай-ақ оларға түсіндірме жазбаны ұсынады. 9. Уәкілетті мемлекеттік орган өзінің құзыреті шегінде және өзінің бақылау әрі қадағалау функцияларын орындау мақсатында N 1 нысанға NN 9, 10, 14 және 15 қосымшалар кейбір жағдайларда жекелеген күндерге уәкілетті мемлекеттік органның сұратуы бойынша ұсынылады. 10. Сақтандыру ұйымы және сақтандыру брокері жыл сайын 1 ақпаннан кешіктірмей уәкілетті мемлекеттік органға сақтандыру ұйымының немесе сақтандыру брокерінің уәкілетті органы бекіткен есеп саясатын ұсынады. Есеп саясатына өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізілген жағдайда сақтандыру ұйымы немесе сақтандыру брокері бекітілгеннен кейін он жұмыс күні ішінде енгізілген өзгерістермен және/немесе толықтырулармен есеп саясатын уәкілетті мемлекеттік органға ұсынады. 11. Қаржылық есеп деректері ұлттық валюта - теңгемен көрсетіледі. 12. Қаржылық есепті жасау кезінде пайдаланылатын өлшем бірлігі мың теңгемен белгіленеді. Бес жүз теңгеден аз сома есепте нольге дейін дөңгелектенеді, ал бес жүз теңгеге тең және одан жоғары сома мың теңгеге дейін дөңгелектенеді. 13. Қаржылық есептің барлық парақтары нөмірленуі тиіс, олардың жалпы саны уәкілетті мемлекеттік органға жіберілген кезде ілеспе хатта көрсетіледі. 14. Қаржылық есепке қаржылық есепте көрсетілген деректердің шынайылығы мен уақтылы ұсынылуына жауап беретін сақтандыру ұйымының немесе сақтандыру брокерінің басшысы және бас бухгалтері қол қояды және мөрмен куәландырылады. 15. Сақтандыру ұйымдары мен сақтандыру брокерлері қаржылық есепті уәкілетті мемлекеттік органға электронды және қағаз тасымалдаушыларында ұсынады. 16. Қағазға басып шығарылған қаржылық есеп екі дана етіп жасалады, оның бірінші данасы уәкілетті мемлекеттік органға ұсынылады, екінші данасы сақтандыру ұйымында немесе сақтандыру брокерінде қалады. 17. Уәкілетті мемлекеттік орган түзетулері және өшірілгені бар қағазға басып шығарылған қаржылық есебін қабылдамайды және қайтаруға жатады. 18. Қағазға басып шығарылған қаржылық есеп электронды тасымалдаушымен ұсынылған есепке сәйкес келуі тиіс. 19. Уәкілетті мемлекеттік орган сақтандыру ұйымы немесе сақтандыру брокері ұсынған қаржылық есепте дәлсіздіктер немесе қателіктер анықталған қаржылық есепті пысықтау үшін қайтаруға құқылы. Сақтандыру ұйымы немесе сақтандыру брокері пысықтаған қаржылық есеп уәкілетті мемлекеттік органнан хабарландыруды алған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті мемлекеттік органға ұсынылуы тиіс. 20. Қаржылық есепке өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу қажет болған жағдайда сақтандыру ұйымы немесе сақтандыру брокері қаржылық есеп ұсынылған күннен бастап үш күндік мерзімде өзгерістер және/немесе толықтырулар қажеттілігінің себебін түсіндіре отырып уәкілетті мемлекеттік органға жазбаша өтініш береді. 21. Тоқсан сайынғы қаржылық есепті ұсынған кезде сақтандыру ұйымдары ай сайынғы қаржылық есепті ұсынбайды. 22. Сақтандыру ұйымы немесе сақтандыру брокері уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тізбесі, нысандары және мерзімдері бойынша жылдық қаржылық есепті ұсынады. 23. Қаржылық есепті ұсыну күні уәкілетті мемлекеттік органға қаржылық есепті нақты ұсынған күн болып есептеледі. 24. Қаржылық есепті уақтылы ұсынбау, ұсынбау немесе қаржылық есепте шынайы емес мәліметтерді ұсыну, сондай-ақ қағаз тасымалдаушысындағы қаржылық есептің электрондық тасымалдаушыдағы есепке сәйкес келмеуі Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген жауапкершілікке әкеліп соқтырады. 25. Сақтандыру ұйымы немесе сақтандыру брокері қайта құрылған жағдайда қаржылық есеп заңды тұлғалардың мемлекеттік тізіліміне тиісті жазбаны ұсыну сәтіне дейін уәкілетті мемлекеттік органға ұсынылады. 26. Сақтандыру ұйымы ерікті таратылған жағдайда сақтандыру ұйымының қаржылық есебі уәкілетті мемлекеттік органның ерікті тарату туралы рұқсаты берілгенге дейін ұсынылады. Сақтандыру ұйымы мәжбүрлеп таратылған жағдайда сақтандыру ұйымының қаржылық есебі соттың мәжбүрлеп тарату туралы шешімі заңды күшіне енген күніне дейін уәкілетті мемлекеттік органға ұсынылады. 27. Сақтандыру брокері таратылған жағдайда қаржылық есеп оны заңды тұлғалардың мемлекеттік тізілімінен шығару күніне дейін уәкілетті мемлекеттік органға ұсынылады. 3-тарау. Қорытынды ережелер 28. Осы Нұсқаулықта реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарында белгіленген тәртіппен шешіледі. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және сақтандыру брокерлерінің қаржылық есебінің тізбесі, нысандары мен ұсыну мерзімдері туралы нұсқаулыққа 1-қосымша N 1 нысан Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының/сақтандыру брокерінің______ бухгалтерлік балансы 200_ жылғы "___" __________ жағдайы бойынша (мың теңгемен) ┌──────────────────────────────────┬──────────┬─────────┬───────────┐ │ Баптың атауы │ Ескерту* │есепті │200_ жылдың│ │ │ │кезеңнің │31 желтоқ. │ │ │ │аяғында │санында │ ├──────────────────────────────────┴──────────┴─────────┴───────────┤ │ 1 2 3 4 │ ├───────────────────────────────────────────────────────────────────┤ │Активтер │ │Ақша 1 │ │Орналастырылған салымдар (күмәнді │ │борыштар бойынша резервтерді │ │шегергендегі) 2 │ │Саудаға арналған бағалы қағаздар │ │(күмәнді борыштар бойынша │ │резервтерді шегергендегі) 3 │ │Сату үшін қолда бар бағалы қағаздар │ │(күмәнді борыштар бойынша │ │резервтерді шегергендегі) 4 │ │"Кері РЕПО" операциялары 5 │ ├Қайта сақтандырушылардан алынатын │ │сомалар (күмәнді борыштар бойынша │ │резервтерді шегергендегі) 6 │ │Сақтандырушылардан (қайта │ │сақтандырушылардан) және │ │делдалдардан алынатын сақтандыру │ │сыйақылары (күмәнді борыштар │ │бойынша резервтерді шегергендегі) 7 │ │Басқа да дебиторлық берешек │ │(күмәнді борыштар бойынша │ │резервтерді шегергендегі) 8 │ │Сақтандырушыларға берілген заемдар │ │(күмәнді борыштар бойынша │ │резервтерді шегергендегі) 9 │ │Болашақ кезеңдердің шығысы 10 │ │Салық талабы 11 │ │Мерзімі кейінге қалдырылған │ │салық талабы 12 │ │Басқа да активтер 13 │ ├Өтелгенге дейін ұсталатын │ │бағалы қағаздар 14 │ │Басқа заңды тұлғалардың │ │капиталына салынатын инвестициялар 15 │ │Негізгі құрал-жабдықтар (нетто) 16 │ │Материалдық емес активтер (нетто) 17 │ │Міндеттемелер │ │Еңбек сіңірілмеген сыйлықақы │ │резерві, жалпы сомасы 18 │ ├Қайта сақтандырушының еңбек │ │сіңірілмеген сыйлықақыдағы үлесі 19 │ │Еңбек сіңірілмеген сыйлықақы │ │резервінің таза сомасы 20 │ ├Өмірді сақтандыру (қайта │ │сақтандыру) шарттары бойынша │ │болмаған шығындар резерві, │ │жалпы сомасы 21 │ ├Өмірді сақтандыру (қайта │ │сақтандыру) шарттары бойынша │ │болмаған шығындар резервіндегі │
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |