|
|
|
2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы 2003 жылғы 5 желтоқсандағы N 505-ІІ Қазақстан Республикасының Заңы Осы редакция 2004 ж. 16 маусымдағы N 564-II Қазақстан Республикасының Заңымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды 1-бап. 2004 жылға арналған республикалық бюджет 1-қосымшаға сәйкес мынадай көлемдерде бекітілсін: 1) түсімдер - 875 896 221 мың теңге, оның ішінде: кірістер - 791 306 164 мың теңге; алынған ресми трансферттер - 66 908 685 мың теңге; кредиттерді қайтару - 17 681 372 мың теңге; 2) шығыстар - 968 559 221 мың теңге, оның ішінде: шығындар - 930 652 184 мың теңге; кредиттер - 37 907 037 мың теңге; 3) тапшылық - 92 663 000 мың теңге, яғни елдің жалпы ішкі өнімнің болжамды көлемінің 1,9 проценті. Қазақстан Республикасының Үкіметі республикалық бюджеттің тапшылығын Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес қаржыландыруды қамтамасыз етсін. 2-бап. Ресей Федерациясының әскери полигондарды пайдаланғаны үшін төленетін жалдау ақысы республикалық бюджеттің кірісінде 4 215 750 мың теңге сомасында көрсетіледі, оның: 490 560 мың теңгесі ақшалай түседі; 3 725 190 мың теңгесі Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы сынақ полигондарын жалдау туралы шарттарда айтылған талаптарға сәйкес жүзеге асырылады және оны 006 "Қару-жарақты, әскери және өзге де техниканы, байланыс жүйелерін жаңғырту, сатып алу және қалпына келтіру" және 011 "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби білімді мамандар даярлау" республикалық бюджеттік бағдарламалары бойынша шығыстарды көрсете отырып, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі пайдаланады. 3-бап. 2004 жылға арналған республикалық бюджетте Ресей Федерациясының "Байқоңыр" кешенін пайдаланғаны үшін түсімдер: 17 629 500 мың теңге сомасындағы жалдау ақысы; 9 964 500 мың теңге сомасындағы жалдау ақысы бойынша берешек көзделсін. 4-бап. 2004 жылы "Өнімдерді бөлу туралы" келісім-шарттар бойынша алынатын өнімді бөлу жөніндегі Қазақстан Республикасының үлесі 100 процент мөлшерінде республикалық бюджетке есептелетін болып белгіленсін. 5-бап. Пайдалы қазбалар өндіруді жер қойнауын пайдалануға келісім-шарттар жасалғанға дейін жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар жер қойнауын пайдаланғаны үшін аударымдарды роялти түрінде республикалық бюджеттің кірісіне бірыңғай бюджеттік сыныптаманың кірістер сыныптамасының "Роялти" кодына Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушылардың жұмысын келісім-шарттық негізге көшіруді жеделдету жөніндегі шаралар туралы" 1998 жылғы 24 ақпандағы N 135 қаулысымен бекітілген ставкалар бойынша белгіленген мөлшерде аударсын. 6-бап. Шикізат секторы ұйымдарынан түсіп, республикалық бюджетке есептелетін 2004 жылға арналған салық түсімдерінің көлемі 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін. 7-бап. Мыналар: бірыңғай бюджеттік сыныптаманың кірістер сыныптамасының "Роялти" коды бойынша - жер қойнауын пайдаланушылардың Жер қойнауын қорғау және минералдық-шикізат базасын ұдайы молықтыру жөніндегі республикалық қор алдындағы берешегі, сондай-ақ келісім-шарттық аумақтарды геологиялық зерттеуден мемлекет шеккен, жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттардың негізінде осы кен орындарын пайдаланатын жер қойнауын пайдаланушылар өтейтін тарихи шығындар сомасы; бірыңғай бюджеттік сыныптаманың кірістер сыныптамасының "Әлеуметтік салық" коды бойынша - бұрын Зейнетақы қорына, Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталыққа, Мiндеттi медициналық сақтандыру қорына, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына, Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қорына аударылып келген жарналар жөніндегі берешек, сондай-ақ бұрын Жол қорына түсіп келген автомобиль жолдарын пайдаланушылардың аударымдары; "Өндiрушiлер көтерме саудада сататын, өзi өндiретiн бензин (авиациялық бензиндi қоспағанда)" коды бойынша - бұрын Жол қорына түсiп келген бензиннен алынатын алым бойынша бepeшeк; "Өндiрушілер көтерме саудада сататын, өзi өндiретiн дизель отыны" коды бойынша - бұрын Жол қорына түсіп келген дизель отынынан алынатын алым жөнiндегi берешек тиiстi бюджеттің кірiсiне есептелетін болып белгіленсiн. 8-бап. Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан төленiп келген, еңбекке уақытша жарамсыздығы, жүктiлiгi және босануы бойынша, бала туған кезде, жерлеуге жұмыс берушілер аударған жәрдемақы сомасының көрсетiлген қорға аударылған жарналар сомасынан асып түсуі нәтижесiнде 1998 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша жинақталған терiс сальдо ай сайын жалақы қорының 3 процентi шегiнде әлеуметтiк салық төлеу есебiне есептелiп отырады. 9-бап. Акционерлік қоғамдардан - ұлттық компаниялардан 2004 жылға арналған республикалық бюджетке түсетін түсiмдердiң көлемi 3-қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн. 10-бап. Шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсіпорындардан 2004 жылға арналған республикалық бюджетке түсетiн түсiмдердің көлемi 4-қосымшаға сәйкес бекітiлсiн. 11-бап. Облыстық бюджеттерден және Алматы қаласының бюджетiнен республикалық бюджетке бюджеттiк алулар мөлшерінің жалпы сомасы 2004 жылға 66 908 685 мың теңге, оның ішiнде: Атырау облысынан - 24 220 657 мың теңге; Маңғыстау облысынан - 11 133 594 мың теңге; Алматы қаласынан - 31 554 434 мың теңге болып белгiленсiн. 12-бап. Мынадай ұйымдардың: мемлекеттiк бiлiм беру мекемелерiнің; санитарлық-эпидемиологиялық мекемелердiң; сот сараптамасы органдарының; туберкулезге қарсы мекемелердің; психоневрологиялық мекемелердiң; Қазақ республикалық лепрозорийiнің; қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгiдегi интернат-үйлердің; ақыл-есi кем балаларға арналған интернат-үйлердiң; психоневрологиялық интернаттардың; мемлекеттiк мекеме нысанында құрылған ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың; Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнің; iшкi iстер органдары мамандандырылған күзет бөлiмшелерінің; iшкi iстер органдары тергеу изоляторларының; шекара заставаларында, шалғай аудандарда орналасқан оқшауланған жабық гарнизондарда қызмет өткерiп жүрген әскери қызметшiлердi (мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлерден басқа) және олардың отбасы мүшелерiн ақылы негiзде азық-түлiкпен қамтамасыз еткен жағдайда, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнің әскер бөлiмдерiнің, Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекара қызметiнiң бөлiмдерi мен бөлiмшелерінің; мемлекеттiк мұрағаттардың; мемлекеттiк кiтапханалардың; мемлекеттiк мұражай-қорықтардың; орман шаруашылығы мемлекеттiк мекемелерінің тауарлар сатуы мен қызметтер көрсетуінен түсетiн түсiмдер Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейтiн тәртiппен пайдаланылатын болып белгiленсiн. 13-бап. 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап: 1) жалақының ең төменгі мөлшерi - 6 600 теңге; 2) зейнетақының ең төменгi мөлшерi - 5 800 теңге; 3) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес зейнетақыларды, жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтiк төлемдердi есептеу үшiн, сондай-ақ айыппұл санкцияларын, салықтар мен басқа да төлемдердi қолдану үшiн айлық есептiк көрсеткiш 919 теңге мөлшерiнде белгiленсiн. 14-бап. 2004 жылға арналған республикалық бюджетте бала тууға байланысты он бес еселенген айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн тәртiппен жүзеге асырылатын бiржолғы мемлекеттiк жәрдемақы төлеуге 3 080 948 мың теңге сомасында шығыстар көзделсiн. 15-бап. 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап әскери қызметшiлерге (мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлерден басқа), сондай-ақ Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының жедел-iздестiру, тергеу және саптық бөлiмшелерiнiң, Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарының, Әдiлет министрлiгiнің қылмыстық-атқару жүйесi органдары мен мекемелерiнiң, қаржы полициясының қызметкерлерiне тұрғын үйдi ұстау және коммуналдық қызметтер шығыстарын төлеу үшiн ақшалай өтемақының айлық мөлшерi 3 430 теңге сомасында белгiленсiн. 16-бап. 2004 жылға арналған республикалық бюджеттiң шығыстарында: 1) резидент-заңды тұлғалардан корпорациялық табыс салығы бойынша Қазақстан Pecпубликасы Әдiлет министрлiгiнiң аумақтық органдары бойынша - 15 251 мың теңге сомасында; 2) Қазақстан Республикасының аумағында өндiрілген тауарларға, орындалған жұмыстарға және көрсетiлген қызметтерге қосылған құн салығы бойынша: Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс басқармасы бойынша 802 930 мың теңге сомасында; Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң аумақтық органдары бойынша - 7 392 мың теңге сомасында; 3) Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi үшiн арнайы жабдық берiлiмi үшін Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларға қосылған құн салығы бойынша - 73 033 мың теңге сомасында; 4) Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсіздiк комитетi үшiн арнайы жабдық берiлiмi үшiн әкелiнетiн тауарларға кеден баждары бойынша 1 743 мың теңге сомасында; 5) Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсіздiк комитетi үшiн арнайы жабдық берілімi үшiн кедендiк бақылау мен кедендiк рәсiмдерді жүзеге асырудан түсетiн түсiмдер бойынша - 1 607 мың теңге сомасында берешектердi өтеуге қаражат ескерiлсін. 17-бап. 2004 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Президентiнің 2002 жылғы 5 маусымдағы N 889 Жарлығымен бекiтілген 2003-2005 жылдарға арналған Мемлекеттiк аграрлық азық-түлiк бағдарламасын iске асыруды қамтамасыз ететiн ұйымдардың жарғылық капиталдарын ұлғайтуға 7 512 317 мың теңге сомасында қаражат, оның iшiнде: 121 000 мың теңге - "Аграрлық кредит корпорациясы" жабық акционерлiк қоғамына; 4 805 564 мың теңге - "ҚазАгроҚаржы" жабық акционерлiк қоғамына; 2 500 000 мың теңге - "Мал өнiмдерi корпорациясы" жабық акционерлік қоғамына; 85 753 мың теңге - "Азық-түлiк келiсiм-шарт корпорациясы" жабық акционерлiк қоғамына көзделсiн. 18-бап. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Іс басқармасы шығыстарының құрамында мемлекеттiк органдар үшiн автомашиналар паркiн жаңартуға 398 188 мың теңге сомасында шығындар көзделді деп белгіленсін. Мемлекеттiк органдардың тiзбесiн және сатып алынатын техниканың санын Қазақстан Республикасының Үкiметi анықтайды. 19-бап. Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi шығыстарының құрамында республикалық инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негiздемелерiн әзiрлеуге және оларға сараптамалар жүргiзуге 303 000 мың теңге сомасында шығындар көзделдi деп белгiленсiн. Республикалық инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негiздемелерiн әзiрлеу және оларға сараптамалар жүргiзу iсiн қаржыландыру Қазақстан Республикасының Үкiметi анықтайтын тәртiппен және тiзбе бойынша жүзеге асырылады. 20-бап. Республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге берiлетiн субвенциялар мөлшерiнiң жалпы сомасы 2004 жылға 128 944 652 мың теңге, оның iшiнде: Ақмола облысына - 13 866 205 мың теңге; Ақтөбе облысына - 1 865 067 мың теңге; Алматы облысына - 13 908 593 мың теңге; Шығыс Қазақстан облысына - 14 913 135 мың теңге; Жамбыл облысына - 14 923 777 мың теңге; Батыс Қазақстан облысына - 2 494 466 мың теңге; Қарағанды облысына - 6 605 669 мың теңге; Қостанай облысына - 8 884 864 мың теңге; Қызылорда облысына - 10 629 369 мың теңге; Павлодар облысына - 1 490 669 мың теңге; Солтүстiк Қазақстан облысына - 11 407 502 мың теңге; Оңтүстiк Қазақстан облысына - 27 955 336 мың теңге болып белгiленсiн. 21-бап. Облыстық бюджеттерге 2004 жылға арналған субвенциялар мөлшерiн анықтау кeзiнде республикалық бюджет алдындағы борышты өтеу үшiн 1 787 000 мың теңге, оның iшiнде: Ақтөбе облысына - 287 000 мың теңге; Батыс Қазақстан облысына - 500 000 мың теңге; Қостанай облысына - 500 000 мың теңге; Павлодар облысына - 500 000 мың теңге сомасында қаражат ескерiлдi деп белгiленсiн. 22-бап. 2004 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Сарышаған сынақ полигонын пайдалану мен жалдау және Приозерск қаласының тiршілік-тынысын қамтамасыз ету жағдайлары туралы 1995 жылғы 20 қаңтардағы келiсiмге сәйкес Қарағанды облысы Приозерск қаласының инфрақұрылымын қолдауға 100 000 мың теңге сомасында мақсатты трансферттер көзделсiн. 23-бап. Қызылорда облысының бюджетiне 2004 жылға арналған субвенция мөлшерiн анықтау кезiнде Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы "Байқоңыр" кешенiнде тұратын және (немесе) жұмыс iстейтiн Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы азаматтарының әлеуметтiк кепiлдiктерi туралы 1998 жылғы 12 қазандағы келiсiмге сәйкес, "Байқоңыр" кешенiнде тұратын және (немесе) жұмыс iстейтiн Қазақстан Республикасы азаматтарының әлеуметтiк кепiлдiктерiн қамтамасыз етуге жұмсалатын шығыстар ескерiлдi деп белгiленсiн. 24-бап. "Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" 2002 жылғы 11 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңын iске асыруға қаражат 2004 жылға арналған жергiлiктi бюджеттерде 5-қосымшада белгiленгеннен кем емес мөлшерде көзделетiнi ескерiлсiн. 25-бап. 2004 жылға арналған жергiлiктi бюджеттердiң шығыстарында 6-қосымшаға сәйкес кепiлдік берiлген көлемде тегiн медициналық көмек көрсетуге 15 000 000 мың теңге сомасында қосымша шығындар көзделетiнi ескерiлсiн. Қосымша шығыс қаражатын жұмсауды Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi. 26-бап. 2004 жылға арналған республикалық бюджетте жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын мамандандырылған бiлiм беру ұйымдарында оқитын, есту және көру қабiлетi бұзылған мүгедек балаларды сурдо- және тифлоқұралдармен қамтамасыз етуге облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне 112 165 мың теңге сомасында мақсатты трансферттер көзделгенi ескерiлсiн. Аталған соманы бөлу Қазақстан Республикасының Үкiметi анықтайтын тәртiппен және тiзбе бойынша жүзеге асырылады. 27-бап. 2004 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығымен бекiтiлетiн, 2004 жылға арналған көшi-қон квотасы бойынша келетiн оралмандардың отбасыларын тұрғын үймен қамтамасыз етуге 4 599 000 мың теңге сомасында қаражат көзделсiн. Бұл қаражат Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен отбасының бiр мүшесiне жүз еселенген айлық есептiк көрсеткiш есебiнен оралмандардың отбасыларына бөлiнетiн болып белгiленсiн. 28-бап. 2004 жылға арналған республикалық бюджетте Қызылорда облысының облыстық бюджетiне мақсатты трансферттер мынадай мөлшерде көзделсiн: 156 800 мың теңге - Арал және Қазалы аудандарының халқына мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек көрсету үшiн; 122 251 мың теңге - Арал және Қазалы аудандарының халқына кепiлдiк берiлген көлемде тегiн медициналық көмек көрсету үшiн. Арал және Қазалы аудандарының халқына мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек көрсетуге шығыстар жергіліктi бюджеттерде өз қаражаты есебiнен 116 000 мың теңгеден кем емес сомада көзделетiнi ескерілсiн. 29-бап. 2004 жылға арналған республикалық бюджетте Ақтөбе облысының облыстық бюджетiне мақсатты трансферттер мынадай мөлшерде көзделсiн: 43 200 мың теңге - Шалқар ауданының халқына мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек көрсету үшiн; 17 122 мың теңге - Шалқар ауданының халқына кепiлдiк берiлген көлемде тегiн медициналық көмек көрсету үшiн. Шалқар ауданының халқына мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек көрсетуге арналған шығыстар жергiлiктi бюджеттерде өз қаражаты есебiнен 95 000 мың теңгеден кем емес сомада көзделетiнi ескерiлсiн. 30-бап. 2004 жылға арналған республикалық бюджетте облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне мынадай мөлшерде: мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарының үлгi штаттарын ұстауды қамтамасыз етуге - 2 731 921 мың теңге; жаңадан iске қосылатын бiлiм беру объектiлерiн ұстауға - 1 141 080 мың теңге; жаңадан іске қосылатын денсаулық сақтау объектілерiн ұстауға 438 887 мың теңге; шағын қалаларды, оның iшiнде экономикасы күйзелiске ұшыраған қалаларды дамытуға - 300 000 мың теңге; "Қазақстан темiр жолы" ұлттық компаниясы" жабық акционерлiк қоғамының балансынан алып берiлген жалпы бiлiм беретiн оқу орындарының жұмыс iстеуiн қамтамасыз етуге - 715 830 мың теңге; жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттiк тапсырысы негiзiнде орта кәсiптiк оқу орындарында оқитын студенттер стипендияларының мөлшерiн ұлғайтуға - 219 006 мың теңге; патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы (балаларды) асырауға арналған ақшалай қаражат төлеуге - 244 682 мың теңге; полицияның учаскелiк инспекторларының ақшалай ризығын ұлғайтуға және оларды материалдық-техникалық жарақтандыруға - 716 000 мың теңге мақсатты трансферттер көзделгенi ескерiлсiн. Бұл сомаларды облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне бөлу Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi негiзiнде жүзеге асырылады. 31-бап. 2004 жылға арналған республикалық бюджетте ауылдық (селолық) округтердің әкiмдерi аппараттарын ұстауға облыстық бюджеттерге 7-қосымшаға сәйкес берiлетiн 2 882 473 мың теңге сомасында мақсатты трансферттер көзделгенi ескерiлсiн. 32-бап. 2004 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2003 жылғы 10 шiлдедегi N 1149 Жарлығымен бекiтілген Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру шеңберiнде ауылдың әлеуметтiк инфрақұрылымын нығайтуға 15 000 000 мың теңге, оның iшiнде: ауылдық елдi мекендердi ауыз сумен қамтамасыз ету объектiлерiн салуға және реконструкциялауға - 5 460 000 мың теңге; ауылдық мектептер құрылысына облыстық бюджеттерге мақсатты инвестициялық трансферттер - 5 210 000 мың теңге; ауылдық (селолық) жердiң денсаулық сақтау объектiлерi құрылысына және реконструкциялауға облыстық бюджеттерге мақсатты инвестициялық трансферттер - 4 022 600 мың теңге; ауылдық (селолық) жердiң денсаулық сақтау iсiнде ұтқыр және телемедицинаны дамытуға - 250 000 мың теңге; 2003 жылғы 23 мамырда жер сiлкiнiсiнен зардап шеккен Т.Рысқұлов ауданындағы денсаулық сақтау объектiлерiн жөндеуге Жамбыл облысының облыстық бюджетiне мақсатты трансферттер - 57 400 мың теңге сомасында қаражат көзделсiн. 2004 жылғы республикалық бюджет қаражатының есебiнен салуға, реконструкциялауға, жөндеуге жататын ауылдық (селолық) жердiң бiлiм беру, денсаулық сақтау және ауыз сумен қамтамасыз ету объектiлерінің тiзбесiн Қазақстан Республикасының Yкiметi анықтайды. 33-бап. Тиiстi республикалық бюджеттiк бағдарламалар бойынша облыстық бюджеттерге, Астана, Алматы қалаларының бюджеттерiне 2004 жылға арналған республикалық бюджеттен бөлiнетiн мақсатты инвестициялық трансферттер есебiнен iске асырылатын жергiлiктi инвестициялық жобалардың тiзбесiн және көлемiн Қазақстан Республикасының Yкiметi анықтайтын болып белгiленсiн. 34-бап. Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне республикалық бюджеттен бөлiнген мақсатты инвестициялық трансферттер бойынша пайдаланылмаған қаражат 2004 жылдың есептiк кезеңiнiң соңына дейiн республикалық бюджетке қайтарылуға жатады деп белгiленсiн. 35-бап. 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап аумақтық iшкi iстер органдарының электрондық почта қызметтерiне жұмсалатын шығындар республикалық бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын болып белгiленсiн. 36-бап. 2004 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына берiлетiн ресми трансферттер 8 531 670 мың теңге сомасында көзделсiн. 37-бап. 2004 жылға арналған республикалық бюджетте өткен жылдардың мiндеттемелерiн орындауға 1 162 176 мың теңге, оның iшiнде: Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiне - шетелде Қазақстан Республикасының меншiгiне жылжымайтын мүлiк сатып алуға 201 894 мың теңге; Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiне - Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтардың зейнетақыларына үстеме ақы төлеуге 652 000 мың теңге; Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгiне - "Қазақстан темiр жолы" ұлттық компаниясы" жабық акционерлiк қоғамының әскери тасымалдар бойынша шығындарын өтеуге - 308 282 мың теңге көзделсін. 38-бап. 2004 жылға арналған республикалық бюджетте 12 264 000 мың теңге сомасында, оның iшiнде: "Қазақстанның Даму Банкi" акционерлiк қоғамының жарғылық капиталын ұлғайтуға - 7 665 000 мың теңге; "Қазақстанның Даму Банкi" акционерлiк қоғамына кредиттiк ресурстар беруге - 4 599 000 мың теңге қаражат көзделсін. 39-бап. 2004 жылға арналған республикалық бюджетте мына ұйымдардың жарғылық капиталын қалыптастыру мен ұлғайтуға 12 215 793 мың теңге сомасында қаражат: "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" акционерлiк қоғамына - 45 950 мың теңге; "Күйгенжар" акционерлiк қоғамына - 274 798 мың теңге; "Астана халықаралық әуежайы" акционерлiк қоғамына - 2 599 429 мың теңге; "Қазақстан келiсiм-шарт агенттiгi" акционерлiк қоғамына - 93 000 мың теңге; "Инжиниринг және технологиялар трансфертi орталығы" акционерлiк қоғамына - 400 000 мың теңге; "Маркетингтiк-талдамалық зерттеулер орталығы" акционерлiк қоғамына - 766 500 мың теңгe; "Ұлттық инновациялық қор" акционерлiк қоғамына - 6 500 000 мың теңге; "Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қоры" акционерлiк қоғамына - 750 000 мың теңге; "Қазақстан инжиниринг" (Kazakhstan Engineering) ұлттық компаниясы" акционерлiк қоғамына - 786 116 мың теңге көзделсiн. 40-бап. 2004 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан өңiрлерiнде үш технопарктің жарғылық капиталын қалыптастыруға және ақпараттық технологиялар паркiн құруға 1 200 000 мың теңге сомасында қаражат көзделсін. 41-бап. 2004 жылға арналған республикалық бюджетте тұрғын үй құрылыс жинақ ақшаларына салымдар бойынша сыйақыларды төлеуге 6 431 мың теңге сомасында қаражат көзделсiн. 42-бап. 2004 жылға арналған республикалық бюджетте "Тұрғынүйқұрылысбанк" жабық акционерлік қоғамы арқылы алынған жеңiлдiктi тұрғын үй кредиттерi қарыз алушыларының 2003 жылғы төлемдерi бойынша бағамдық айырманы төлеугe 96 582 мың теңге көзделсiн. 43-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2004 жылға арналған резервi 10 258 913 мың теңге, оның iшiнде: табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жою және Қазақстан Республикасы Үкіметiнiң шешiмдерiмен анықталатын өзге де күтпеген шығыстар үшiн - 9 428 000 мың теңге; Қазақстан Pecпубликасы Үкiметiнiң, орталық мемлекеттiк органдардың және олардың аумақтық бөлiмшелерiнiң сот шешiмдерi бойынша міндеттемелерiн өтеу үшiн - 230 913 мың теңге; кассалық алшақтықты жабуға төмен тұрған бюджеттерге кредит беру үшiн арнаулы резерв - 600 000 мың теңге сомасында бекiтiлсiн. 44-бап. 2004 жылға арналған республикалық бюджетте мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды өтеу және оларға қызмет көрсету үшiн 13 158 557 мың теңге көзделсін. 45-бап. 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес 2004 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша таратылған заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасы Үкiметінің мемлекеттiк кепiлдiктер бойынша мiндеттемелердi орындауға тартылған кредиттер мен қаражаттар бойынша талаптары тоқтатылатын болып; ұйымдардың тiзбесi мен берешек көлемiн Қазақстан Республикасының Үкiметi 2004 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша анықталатын болып белгiленсін. 46-бап. 2004 жылға арналған республикалық бюджетте: Қазақстан Республикасы Үкiметiнің шешiмдеріне сәйкес көктемгi егiс және жиын-терiм жұмыстарын жүргiзу үшiн сыйақының (мүдденiң) нөлдік ставкасы бойынша жергiлiктi атқарушы органдарға кредит беруге 5 500 000 мың теңге сомасында; лизингтiк негiзде ауыл шаруашылығы техникасымен қамтамасыз етуге кредит беруге 1 000 000 мың теңге сомасында;
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |