|
|
|
Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінiң "А. Жұбанов атындағы республикалық қазақ орта музыка мектеп-интернаты" мемлекеттiк мекемесiн қайта атау туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 7 қазандағы N 1041 қаулысы Бұрынғы редакция Қазақстан Республикасының Үкiметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Білiм және ғылым министрлігінiң "А. Жұбанов атындағы республикалық қазақ орта музыка мектеп-интернаты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Білiм және ғылым министрлiгінiң "А. Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ орта мамандандырылған музыка мектеп-интернаты" мемлекеттiк мекемесі болып қайта аталсын. 2. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлігі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын. 3. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерістер енгізiлсін: 1) Қазақстан Республикасының Білiм және ғылым министрлігінiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 19 қарашадағы N 1754 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 51, 504-құжат): көрсетілген қаулымен бекітiлген Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінiң қарауындағы ұйымдардың тізбесiнде: "Мемлекеттiк мекемелер" деген 2-бөлімнің реттiк нөмiрi 163-жолы мынадай редакцияда жазылсын: "163. А. Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ орта мамандандырылған музыка мектеп-интернаты"; 2) "2004 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 1327 қаулысында: көрсетілген қаулыға 196-қосымшада: "Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөнiндегі іс-шаралар жоспары" деген 6-тармақтың кестесінде: 7-бағандағы "A. Жұбанов атындағы музыкалық қазақ орта мектеп-интернаты" деген сөздер "А. Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ орта мамандандырылған музыка мектеп-интернаты" деген сөздермен ауыстырылсын; 3) "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелер штат санының лимиттерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 1 маусымдағы N 604 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 23, 292-құжат): көрсетiлген қаулымен бекiтiлген республикалық бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiнiң штат санының лимиттерiнде: "Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгі" деген 4-бөлiмде: "А. Жұбанов атындағы республикалық қазақ орта музыка мектеп-интернаты 94" деген жол "А. Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ орта мамандандырылған музыка мектеп-интернаты 94" деген жолмен ауыстырылсын. 4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |