|
|
|
ҚР 09.07.03 ж. N 482-11 Заңымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылған 1-баптың редакциясы ҚР 06.11.01.11.06. N 252-II;02.07.03 ж. N 443-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 1-бап өзгертілді 1-бап. Негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай ұғымдар пайдаланылады: 1) аваль - вексельдік кепілдік, оған орай мұны жасаған адам вексель бойынша міндетті басқа адамдардың міндеттемелерінің орындалу жауапкершілігін мойнына алады; 2) жалпы сыртқы борыш - алынған (игерілген) және өтелмеген мемлекеттік және мемлекеттік емес сыртқы заемдардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасы резиденттерінің Қазақстан Республикасы резидент еместерімен келісім-шарттары бойынша берешектік міндеттемелерінің белгілі бір күнгі сомасы; 3) сыртқы заем - Қазақстан Республикасының резидент емесi - заем берушi, ал Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе Қазақстан Республикасының резидентi заем алушы болатын заем қатынастары; 4) сыртқы мемлекеттiк борыш - Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң және Ұлттық Банкiнiң Қазақстан Республикасының резидент емес кредит берушiлерi алдындағы сыртқы мемлекеттiк заемдар мен басқа да борыштық мiндеттемелерi бойынша мемлекеттiк борышының құрамдас бөлiгi; 5) iшкi заем - Қазақстан Республикасының резидентi - заем берушi, ал Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе Қазақстан Республикасының резидентi заем алушы болатын заем қатынастары; 6) iшкi мемлекеттiк борыш - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң, жергiлiктi атқарушы органдардың және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Қазақстан Республикасының кредит берушi-резиденттерi алдындағы iшкi мемлекеттiк заемдар мен басқа да борыштық мiндеттемелерi бойынша мемлекеттiк борыштың құрамдас бөлiгi; 7) мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздар шығару - Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң, жергiлiктi атқарушы органдардың немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң заем берушiлерге ұсынатын, иелерiне бiрдей құқықтарды қамтамасыз ететiн әрi орналастыру, өтеу және қызмет көрсету шарттары бiрдей бағалы қағаздардың жиынтығы түрiндегi борыштық мiндеттемелерiнiң шешiм қабылдау және заң жүзiнде ресiмдеу процесi; 8) Қазақстан Республикасының мемлекеттік (үкiметтiк, егемен) кепілдiгi - Қазақстан Республикасының заем алушы-резидентi одан алынуға тиесiлi соманы белгiленген мерзiмде төлемеген жағдайда Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кредит берушiлер алдындағы берешектi толық немесе iшiнара өтеуге мiндеттемесi; 9) мемлекет кепілдiк берген борыш - Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiктерi бар, алынған және өтелмеген мемлекеттiк емес заемдардың белгiлi бiр күнгi сомасы; 10) мемлекет кепiлдiк берген заем - Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiгi бар мемлекеттiк емес заем; 11) мемлекеттiк борыш - белгiлi бiр күнге үкiметтiк борыштың, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi мен жергiлiктi атқарушы органдар борышының сомасы; 12) мемлекеттiк заем - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi, Қазақстан Республикасының Yкiметi немесе жергiлiктi атқарушы органы заем алушы болатын заем қатынастары; 13) мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаз - Қазақстан Республикасының Үкiметi, жергiлiктi атқарушы орган немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi заем алушы болатын заемға қатысты оны ұстаушының мүлiктiк құқықтарын куәландыратын эмиссиялық бағалы қағаз; 14) ақша рыногы - қысқа мерзiмдi (бiр жылға дейiн), өтiмдi борыштық қаржылық құралдар рыногы; 15) заем туралы шарт (келiсiм) - заем алушы сол арқылы заем қаражатын алатын және заем берушiнiң алдында оны қайтару жөнiнде әрi сыйақыны (мүдденi) сондай-ақ заемға байланысты басқа да төлемдердi төлеу жөнiнде мiндеттемелер алатын құқық қатынастарын тiркейтiн құжат; 16) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң борышы - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi алған және өтемеген мемлекеттiк заемдардың, сондай-ақ заң актiлерiмен белгілi бiр күнге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң борышына жатқызылған борыштық мiндеттемелердің сомасы; 17) қарыз алу - заем қаражатын тарту қажеттiгi туралы шешiмдер қабылдау, заемды тартудың, пайдаланудың, өтеудiң және оған қызмет көрсетудiң тәртiбi мен шарттарын анықтау рәсiмдерiн, келiссөздер, мiндеттемелердi қамтамасыз етудi және атқарылуына кепiлдiк беру, заем бойынша тиiстi құжаттарды ресiмдеу және қол қою, заем шарттарын бекiту (мемлекеттiк сыртқы қарыз алу кезiнде) рәсiмдерiн, тараптардың мiндеттемелердi орындауын есепке алу, бақылау және талдау рәсiмдерiн қоса алғанда, заем қаражатын алуды, пайдалануды, заемды өтеудi және оған қызмет көрсетудi қамтитын процесс; 18) банктің кепiлдiгi - заем алушы заем туралы шарт (келiсiм) бойынша өзi төлеуге тиесiлi соманы белгiленген мерзiмде төлемеген жағдайда екiншi деңгейдегi банктiң (банктердің) немесе шетелдiк банктiң (банктердiң) бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi органның алдындағы мемлекеттiк емес заем бойынша берешектi өтеу жөнiндегi мiндеттемесi; 19) жергілiктi атқарушы органның борыш лимиті - тиiстi жылға арналған жергілiктi бюджетте жоспарланған жергiлiктi атқарушы органның алған және өтелмеген заемдарының тiркелген сомасы, белгiлi бiр уақыттағы (қаржы жылының аяғындағы) жергiлiктi атқарушы органның нақты борышы одан аспауға тиiс; 20) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң сыртқы борыш лимитi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi алған және өтелмеген сыртқы заемдарының жоспарлы тiркелген сомасы, белгiлi бiр уақытта (қаржы жылының аяғында) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нақты сыртқы борышы одан аспауға тиiс; 21) алып тасталды 22) үкiметтiк борыш лимитi - тиiстi жылға арналған республикалық бюджетте жоспарланып отырған, үкiметтiк заемдардың алынған және өтелмеген тiркелген сомасы, белгiлi бiр уақытта (қаржы жылының аяғында) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң нақты борышы одан аспауға тиiс; 23) мемлекеттiк кепілдіктер беру лимитi - тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджеттiң құрамында бекiтiлетiн, соның шегiнде Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiктерi берiлуi мүмкiн тiркелген сома; 24) борыш мониторингi - борыштың қалыптасуы, өзгеруi және оған қызмет көрсету процесiн қадағалау, талдау және бақылау бойынша мемлекеттiң өзi уәкiлеттiк берген органдардың атынан атқаратын қызметi; 25) мемлекеттiк емес заем - Қазақстан Республикасының Үкiметiн, жергiлiктi атқарушы органдарды және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiн қоспағанда, Қазақстан Республикасының резидентi заем алушы болатын заем қатынастары; 26) сыйақының (мүдденiң) тiркелмеген (өзгермелi) ставкасы - рыноктық конъюнктураға байланысты өзгерiстерге бейiм кредиттер, заемдар бойынша сыйақының (мүдденiң) ставкасы немесе сыйақымен (мүддемен) бiрге бағалы қағаздар бойынша кiрiс; 27) борышқа қызмет көрсету - белгiлi уақыт кезеңiнде қарыз алу шарттарынан туындайтын сыйақы /мүдде/, комиссиялық, айыппұл және басқа да төлемдердi жинақтап төлеу; 28) заемға қызмет көрсету - заем алушының шоттарындағы заем қаражаттарын пайдалануды есепке алу және заем шарттарына сәйкес негiзгi борышты өтеуге төлемдердi, сыйақыны /мүдденi/, комиссиялық және басқа төлемдердi заем алушының жүзеге асыруы жөнiндегi уәкiлеттi органның немесе банктiң қызметi; 29) борышты өтеу - заем алушының алынған заемдар сомасын кредит берушiлермен (заем берушiлермен) шарттарда (келiсiмдерде) белгiленген тәртiппен қайтаруы (амортизациясы), борышты құрайтын басқа да мiндеттемелердi белгiленген тәртiппен орындауы; 30) бағдарламалық заемдар - Қазақстан Республикасының Үкiметiмен және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен келiсілген Қазақстан Республикасы экономикасын дамыту және реформалау жөнiндегi шараларды орындау талаптарымен халықаралық қаржы ұйымдарының Қазақстан Республикасының Үкiметiне немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне беретiн заемдары; 31) мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң, жергiлiктi атқарушы органдардың немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздарын азаматтық-құқықтық мәмiлелер жасасу жолымен алғашқы иеленушiлерге беру; 32) Қазақстан Республикасының резиденттерi - Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құрылған, Қазақстан Республикасында орналасқан орны бар заңды тұлғалар, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде орналасқан орны бар филиалдары мен өкiлдiктерi; 32-1) заем құрылымын өзгерту - тараптардың келiсiмiмен өздерiнiң заем туралы шарт (келiсiм) бойынша мiндеттемелердi орындау мерзiмдерiн, қаржылық және өзге де талаптарын өзгертуi; 33) несие капиталының рыногы - бос ақшаның жинақталуын қамтамасыз ететiн экономикалық қатынастар жүйесi, оларды несие капиталына айналдыру және оны өз қызметiн түрлi елдерде жүзеге асыратын молықтыру процесiне қатысушылардың арасында қайта бөлу; 34) несие капиталы - сыйақы (мүдде) түрiндегi ақы үшiн қайтарымдылық шарттарында берiлетiн ақша капиталы; 35) негiзгi борыш сомасы - алынған заемның өтелуге тиiстi және кредит берушiге қайтарылмаған, ол бойынша есептелетiн сыйақы (мүдде), комиссиялық төлемдер мен айыппұлдар сомасы есепке алынбаған сома.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |