|
|
|
Тауарлардың жекелеген түрлеріне арналған шығарушылық кеден баждарының ставкалары туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 ж. 5 маусымдағы N 841 қаулысы (ҚР Үкіметінің 14.11.00 ж. N 1713; 20.03.01 ж. N 372; 09.01.02 ж. N 13; 12.02.04 ж. N 170 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен) Осы редакция ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 1404 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Отандық тауар өндірушілерді қолдау және республикалық бюджеттің кіріс бөлігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қосымшаға сәйкес Кеден одағына қатысушы мемлекеттерден тысқары жерлерге Қазақстан Республикасының аумағынан шығарылатын тауарларға арналған кеден баждарының ставкалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі белгіленген тәртіппен Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының, Ресей Федерациясының және Тәжікстан Республикасының Интеграциялық комитетін қазақстандық тарап қабылдаған сауда қызметін реттеу жөніндегі іс-шаралар туралы хабардар етсін. 3. Осы қаулы жарияланғаннан кейін отыз күннен соң күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 5 маусымдағы N 841 қаулысына қосымша ҚР Үкіметінің 14.11.00 ж. N 1713; 20.03.01 ж. N 372 қаулыларымен қосымша толықтырылды; ҚР Үкіметінің 09.01.02 ж. N 13 қаулысымен қосымша өзгертілді; ҚР Үкіметінің 12.02.04 ж. N 170 қаулысымен қосымша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) Қазақстан Республикасының аумағынан Кеден одағына қатысушы мемлекеттерден тысқары жерлерге әкетілетін тауарларға арналған кедендiк баждардың ставкалары ┌────────────────┬───────────────────────────────────┬────────────────────┐ │ ЕурАзЭқ │ │ Баж ставкасы │ │ СЭҚ TH │ Тауардың атауы* │ (кедендiк │ │ бойынша │ │ құннан %-бен │ │ тауардың │ │ не евромен) │ │ коды │ │ │ ├────────────────┼───────────────────────────────────┼────────────────────┤ │ 1 │ 2 │ 3 │ ├────────────────┼───────────────────────────────────┼────────────────────┤ │ 4101 │Iрi қара малдың немесе жылқы │10, бiрақ 1000 кг │ │ │тұқымдасына жататын жануарлардың │үшiн 90 евродан │ │ │өңделмеген терiлерi, түк басқан │кем емес │ │ │немесе түк баспаған, қосарланған │ │ │ │немесе қосарланбаған │ │ │ 4102 ├Қойлардың өңделмеген терiлерi │10, бiрақ 1000 кг │ │ │немесе қозылардың жүн басқан │үшiн 70 евродан │ │ │немесе жүн баспаған терiлерi, │кем емес │ │ │қосарланған немесе қосарланбаған, │ │ │ │осы топқа 1в ескертуiмен │ │ │ │алынып тасталғандардан басқа │ │ │ 4103 ├Өзге де өңделмеген терiлер, түк │10, бiрақ 1000 кг │ │ │басқан немесе түк баспаған, │үшiн 60 евродан │ │ │қосарланған немесе қосарланбаған, │кем емес │ │ │осы топқа 1в немесе 1а ескертуiмен │ │ │ │алынып тасталғандардан басқа │ │ │ 5101- │Кардамен немесе тарақпен тарауға │10, бiрақ 1000 кг │ │ 5104 00 000 0 │ұшырамаған жүн, жануарлардың │үшiн 50 евродан │ │ │қылдары, олардың қалдықтары; │кем емес │ │ │түтiлген шикiзат │ │ │ 7204** ├Қара металдардың қалдықтары мен │15 бiрақ 1 тонна │ │ │сынықтары; қара металдардың │үшiн 20 евродан │ │ │қайта балқытуға арналған құймалары │кем емес │ │ │(шихталық құймалар) │ │ │ 7302 │Темiр жол немесе трамвай жолдары │20, бiрақ 1 тонна │ │ │үшiн пайдаланылатын қара металдан │үшiн 20 евродан │ │ │жасалған бұйымдар: рельстер, │кем емес │ │ │қарсы рельстер және тiстi │ │ │ │рельстер, ауыспалы рельстер, │ │ │ │тұйық қиылыс айқаспалары, ауыспалы │ │ │ │штангалары және өзге де көлденең │ │ │ │қосылыстар, шпалдар, түйiспе │ │ │ │жапсырмалары мен төсемдерi, │ │ │ │сыналар, тiрек тақталары, iлгектi │ │ │ │рельс бұрандамалары, төсемдер мен │ │ │ │созғыштар, тұғырлар, көлденең │ │ │ │жақтаулар мен рельстердi қосуға │ │ │ │немесе бекiтуге арналған өзге де │ │ │ │бөлшектер │ │ │ 7404 00 │Мыс қалдықтары мен сынықтары │30, бiрақ 1 тонна │ │ │ │үшін │ │ │ │330 евродан кем │ │ │ │емес │ │ 7601, ├Өңделмеген қайталама алюминий │15, бiрақ 1 тонна │ │ 7603 - 7616 │және қайталама алюминийден │100 евродан кем │ │ │жасалған бұйымдар │емес │ │ 8607 │Темiр жол локомотивтерiнiң немесе │20, бiрақ 1 тонна │ │ │трамвайдың моторлы вагондарының │үшiн 15 евродан │ │ │немесе жылжымалы құрамның │кем емес │ │ │бөлшектерi │ │ └────────────────┴───────────────────────────────────┴────────────────────┘ * Тауарлар номенклатурасы тауарлардың кодымен де, атауымен де айқындалады. ** Көрсетілген тауарларға әкетілетін кедендік баждардың ставкалары Еуропалық Одаққа мүше елдерге қатысты қолданылмайды.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |