|
|
|
Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарын жiктеу ережесi мен шарттарын және республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тiзбесiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 ж. 5 желтоқсандағы N 1809 қаулысы (ҚР Үкіметінің 27.12.02 ж. N 1389;22.08.03 ж. N 849; 14.05.04 ж. N 541 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен) Осы редакция ҚР Үкіметінің 2004 ж. 6 қыркүйектегі N 935 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды (Бұр. ред. қара) ҚР Үкіметінің 22.08.03 ж. N 849 қаулысымен тақырыбы және кіріспе өзгертілді (бұр.ред. қара) "Автомобиль жолдары туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шiлдедегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді: ҚР Үкіметінің 22.08.03 ж. N 849 қаулысымен 1- тармақ өзгертілді (бұр.ред. қара) 1. Қоса берiлiп отырған: 1) Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарын жiктеу ережесi мен шарттары; 2) Қазақстан Республикасының республикалық маңыздағы жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тiзбесi бекiтiлсiн. 2. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiмен бiрлесiп бiр ай мерзiмде мемлекеттiк меншiктегі және республикалық маңыздағы жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тiзбесiне кiрмеген, соның iшiнде қалаларға кiреберiс жолдарды және қалалардың шекараларынан өтетiн жолдарды, сондай-ақ мемлекеттiк меншiк болып табылатын олардағы құрылыстарды коммуналдық меншiкке берудi қамтамасыз етсiн. 3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi: 1) осы қаулының 2-тармағында көрсетiлген объектiлердi коммуналдық меншiкке қабылдауды және олардың пайдаланылып ұсталуын қамтамасыз етсiн; 2) осы қаулының 2-тармағында көрсетiлген объектiлердi қабылдауды аяқтағаннан кейiн бiр ай мерзiмде жергiлiктi маңыздағы жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тiзбелерiн бекiтудi және олардың көшiрмелерiн Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгiне ұсынуды қамтамасыз етсiн. 4. "Жол саласының кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 14 қазандағы N 1527 қаулысына мынадай өзгерiс енгiзілсiн: 4-тармақтың төртінші абзацындағы "және жергілікті маңыздағы автомобиль жолдарының тізбесін" деген сөздер алынып тасталсын. 5. "Қазақстан Республикасы Президентінің "Жол қоры туралы" заң күші бар Жарлығын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 1996 жылғы 21 ақпандағы N 221 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 9, 63-құжат) күші жойылды деп танылсын. 6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 5 желтоқсандағы N 1809 қаулысымен бекiтiлген ҚР Үкіметінің 22.08.03 ж. N 849 қаулысымен қосымша жаңа редакцияда жазылды (бұр.ред. қара) Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарын жiктеу ережесi мен шарттары 1. Жалпы ережелер 1. Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарын жiктеу ережесi мен шарттары "Автомобиль жолдары туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегi Заңына сәйкес әзiрленген. 2. Жiктеу тәртiбi және шарттары 2. Жалпы пайдаланымдағы республикалық және жергiлiктi маңызы бар автомобиль жолдарын жiктеу жол қозғалысының геометриялық параметрлерi мен есептiк қарқындылығына байланысты мемлекеттiк стандарттарға сәйкес жүзеге асырылады. Шаруашылық автомобиль жолдарын, қалалар мен елдi мекендердiң көшелерiн жiктеу жолдың көрсетiлген түрлерiне талаптарды ескере отырып, ұқсас тәртiппен жүзеге асырылады. 3. Халықаралық не республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолы пайдалануға қабылданғаннан кейiн отыз күн iшiнде автомобиль жолдары жөнiндегi мемлекеттiк уәкiлеттi орган (бұдан әрi мемлекеттiк уәкiлеттi орган) автомобиль жолын жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тiзбесiне енгiзу үшiн Қазақстан Республикасының Yкiметiне ұсыныс енгiзедi. 4. Жергiлiктi маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолын пайдалануға қабылдаған күннен бастап жиырма күннiң iшiнде жергiлiктi атқарушы орган мемлекеттiк уәкiлеттi органға жергiлiктi маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тiзбесiне автомобиль жолын енгiзудi келiсуге материалдар жiберуге мiндеттi. Жiберiлетiн материалдар автомобиль жолы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен пайдалануға қабылдағанын растайтын құжаттарды, автомобиль жолының атауы мен индексi туралы мәлiметтердi, сондай-ақ жергiлiктi маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тиiстi тiзбесiн қамтуы тиiс. Мемлекеттiк уәкiлеттi орган ұсынылған құжаттарды жиырма күннiң iшiнде қарайды. Автомобиль жолын кейiннен жергiлiктi маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тiзбесiне енгiзу үшiн жергiлiктi атқару органына жазбаша келiсiм жiберiледi. Автомобиль жолын жергiлiктi маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тiзбесiне енгiзу үшiн жергiлiктi атқарушы органдарға келiсуге материалдар толық мәлiметтерсiз және/немесе осы тармақта көзделген құжаттарсыз ұсынылған жағдайда мемлекеттiк уәкiлеттi орган барлық кемшiлiктердi жою үшiн өтiнiштi қайтарады. 3. Автомобиль жолдарының атаулары және индекстерi 5. Қазақстан Республикасының жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының атаулары және индекстерi болуы тиiс. Жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолының атауына елдi мекендердiң бастапқы және соңғы, қажет болғанда аралық мекендердің атаулары кiредi. Автомобиль жолының индексi латын әлiпби әрiптерiнен және сандар топтарынан тұрады. Автомобиль жолдарының индексiндегi сандар индекс әрiптерiнен кейiн дефис арқылы берiледi. 6. Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өтетiн халықаралық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолына атау мен индекстi беру халықаралық келiсiмдермен белгiленедi. 7. Республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолының индексi латын әлiпби әрiптерiнен және сандар топтарынан тұрады. Республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолы индексiнiң әрпi автомобиль жолының сыныбына сәйкес келедi және мыналармен айқындалады: "M" - шақырым есебi, шектес мемлекеттiң аумағынан басталатын аса маңызды мемлекетаралық көлiк байланысын қамтамасыз ететiн автомобиль жолдары үшiн; "А" - Қазақстан Республикасының iрi әкiмшiлiк, мәдени және экономикалық орталықтарының, сондай-ақ қорғаныстық маңызы бар жолдарды қоса алғанда, көршiлес мемлекеттердiң арасындағы көлiктiк қатынасты қамтамасыз ететiн автомобиль жолдары үшiн; "P" - қалғандары үшiн; 8. Жергiлiктi маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолының индексi латын әлiпби әрiптерiнен және сандар топтарынан тұрады. Жергiлiктi маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолы индексiнiң бiрiншi әрпi "К"-мен белгiленедi. Жергiлiктi маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолының индексiндегi келесi әрiптерi жолдың әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерiне тиесiлiгі бойынша, кестеге сәйкес белгiленедi: "К" әрпiнен кейiн индекстiң келесi әрпiн меншiктеу кестесi
Автомобиль жолы екi және одан да көп әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер арқылы өткен жағдайда жергiлiктi маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолының тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерге тиесiлiгi бойынша индекстiң бiрiншi әрпiнен кейiн әрiптер әлiпбилiк тәртiппен меншiктеледi. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 5 желтоқсандағы N 1809 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағындағы республикалық маңыздағы жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тізбесі ҚР Үкіметінің 27.12.02 ж. N 1389; 14.05.04 ж. N 541 қаулыларымен тізбе өзгертілді
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |