|
|
|
Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiнiң арасында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерi мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарының арасында корреспонденттiк қатынастар орнату ережесiн бекiту туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі басқармасы 2000 ж. 25 қарашадағы N 428 Қаулысы (ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.01.03 ж. N 21 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен) Осы редакция ҚР ҰБ Басқармасының 2004 жылғы 22 маусымдағы N 99 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Бұрынғы редакцияларды қара Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол ақшамен жасалмайтын төлемдердi жүзеге асыруды реттейтiн нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiнiң арасында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерi мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарының арасында корреспонденттiк қатынастар орнату ережесi бекiтiлсiн және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн күшiне енгiзiлсiн. 2. Төлем жүйесi басқармасы (Мұсаев Р.Н.): 1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны және Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiнiң арасында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерi мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарының арасында корреспонденттiк қатынастар орнату ережесiн (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын; 2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны және Ереженi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң аумақтық филиалдарына және екiншi деңгейдегi банктерге жiберсiн. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 0 тг
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |