|
|
|
Мемлекеттiк мекемелердiң мемлекеттiк қызметшi емес қызметкерлерiне және қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлерiне еңбекақы төлеу жүйесi туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 11 қаңтардағы N 41 қаулысы (ҚР Үкіметінің 22.05.02 ж. N 550; 30.07.02 ж. N 854; 24.01.03 ж. N 91; 30.09.03 ж. N 1008; 27.11.03 ж. N 1191 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен) Осы редакция ҚР Үкіметінің 2004 ж. 27 қаңтардағы N 89 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Бұрынғы редакцияларды қара ҚР Үкіметінің 24.01.03 ж. N 91 қаулысымен тақырыбы толықтырылды (бұр. ред. қара) "Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы" 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 9-бабының 9) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді: ҚР Үкіметінің 24.01.03 ж. N 91 қаулысымен 1-тармақ толықтырылды (бұр. ред. қара) 1. Мемлекеттiк мекемелердiң мемлекеттiк қызметшi емес қызметкерлерiне және қазыналық кәсiпорындардың қызметкерлерiне (бұдан әрi - мемлекеттiк мекемелер мен қазыналық кәсiпорындардың қызметкерлерi) еңбекақы төлеу жүйесi уақыт бойынша еңбекақы төлеу жүйесi болып табылады, деп белгiленсiн. Уақыт бойынша еңбекақы төлеу жүйесi: Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген мемлекеттiк мекемелер мен қазыналық кәсiпорындар қызметкерлерi лауазымдарының тiзiлiмi; мемлекеттiк мекемелер мен қазыналық кәсiпорындар қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақыларын (ставкаларын) есептеу үшiн алынатын базалық лауазымдық жалақыға қолданылатын коэффициенттер; қосымша ақылар, үстемеақылар мен өтемақылар негiзiнде еңбекақы төлеудi қамтиды. ҚР Үкіметінің 24.01.03 ж. N 91 қаулысымен 2-тармақ толықтырылды (бұр. ред. қара) 2. Мыналар: Мемлекеттiк мекемелердiң мемлекеттiк қызметшi емес қызметкерлерiнiң және қазыналық кәсiпорындардың қызметкерлерiнiң санаттар бойынша лауазымдар тiзiлiмi 1-қосымшаға сәйкес; мемлекеттiк мекемелердiң мемлекеттiк қызметшi емес қызметкерлерiне және қазыналық кәсiпорындардың қызметкерлерiне еңбекақы төлеу шарттары 2,3,4,5,6,7,8,9,10,11,12,13,14,15,16,17,18,19,20,21,22-қосымшаларға сәйкес бекiтiлсiн. ҚР Үкіметінің 24.01.03 ж. N 91 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 3. Мыналар: 1) мемлекеттiк мекемелер мен қазыналық кәсiпорындардың қызметкерлерiне еңбекақы төлеу қоры лауазымдық жалақылардан (ставкалардан); еңбек жағдайы үшiн қосылатын қосымша ақылар мен үстемеақылардан; Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiмен көзделген өтемақылардан белгiленедi; заңнамаға сәйкес ерекше мәртебе берiлген мемлекеттік жоғары оқу орындары қызметкерлерiнiң жекелеген санаттарына еңбекақы төлеу лауазымдық жалақылардың (ставкалардың) белгiленген мөлшерiне жоғарылататын коэффициентпен жүзеге асырылады; 2) мемлекеттiк мекемелер мен қазыналық кәсiпорындар қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақылары (ставкалары) олардың лауазымдарының лауазымдар санаттарының қай топтарына жататындығына және мамандығы бойынша жұмыс стажына, тағайындалған бiлiктiлiк разрядтарына (мемлекеттiк мекемелер мен қазыналық кәсiпорындар жұмысшылары үшiн) қарай лауазымдық жалақыларын (ставкаларын) есептеу үшiн бекiтiлген тиiстi коэффициенттердi Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiткен базалық лауазымдық жалақының мөлшерiне көбейту жолымен белгiленедi; педагог қызметкерлердiң жекелеген санаттары үшiн лауазымдық жалақылар (ставкалар) заңнамада бiр аптаға белгiленген нормативтiк оқу жүктемесiне қарай белгiленедi; 3) еңбек жағдайы үшiн қосылатын қосымша ақылар мен үстемеақылар әрбiр жағдайда коэффициентке сәйкес есептелген лауазымдық жалақыға (ставкаға) немесе базалық лауазымдық жалақыға қарай есептеледi; заңнамалық кесiмдерде белгiленген қосымша ақылардың жекелеген түрлерi ең төменгi айлық жалақы мөлшерiне қарай есептеледi; 4) өтемақылардың мөлшерi Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық кесiмдерiне сәйкес белгiленедi; ҚР Үкіметінің 24.01.03 ж. N 91 қаулысымен 4-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 4. Мыналар: 1) мемлекеттiк мекемелер мен қазыналық кәсiпорындардың қызметкерлерiне арналған еңбек жағдайы үшiн осы қаулыда белгiленген шекте қосылатын қосымша ақылар мен үстемеақылардың нақты мөлшерi заңнамаға сәйкес салалық келiсiмде, ұжымдық шартта және (немесе) жұмыс берушінің актiсiнде белгiленедi; 2) бiлiм беру денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет және спорт жүйесiнiң мемлекеттiк мекемелерiнiң және қазыналық кәсiпорындардың қызметкерлерiне арналып белгiленген еңбек жағдайы үшін қосылатын қосымша ақылар мен үстемеақылар, басқа қызмет салаларында тиiстi лауазымдарда iстейтiн және мамандығы бойынша жұмысты орындайтын мемлекеттiк мекемелердiң қызметкерлерiне де қолданылады; 3) мемлекеттiк мекемелер мен қазыналық кәсiпорындардың қызметкерлерiне жалақысындағы айырма қолданыстағы еңбекақы төлеу жүйесiне сәйкес олардың орташа жалақысы бұрын қолданылған еңбекақы төлеу жүйесi бойынша орташа жалақысынан төмен болып шыққан жағдайларда және олар дәл сол лауазымда жұмыс iстеп жүрген жағдайда төленедi; 4) мемлекеттiк мекемелер мен қазыналық кәсiпорындардың қызметкерлерi үшiн мамандығы бойынша жұмыс стажын (қызмет саласының ерекшелiктерiн ескере отырып) есептеудiң тәртiбi мен шарттарын орталық атқарушы және тиiстi қызмет салаларындағы өзге де уәкiлеттi мемлекеттiк органдар (келiсiм бойынша) белгiлейдi, деп белгiленсiн. ҚР Үкіметінің 24.01.03 ж. N 91 қаулысымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 5. Мыналарға: 1) мемлекеттiк басқару органдарына: мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсiпорындардың басшыларына олардың жұмыс нәтижелерi бойынша қаржыландыру жоспары бойынша тиiстi мемлекеттiк мекеменi ұстауға көзделген қаражатты үнемдеу есебiнен (мемлекеттiк бiлiм беру мекемелерiнде - еңбекақы төлеуге арналған қолда бар қаражат шегiнде) немесе мемлекеттік басқару органы қазыналық кәсiпорын үшiн бекіткен еңбекақы төлеу қоры шегiнде мемлекеттiк басқару органы белгiлеген тәртiппен сыйлықақы бepу; 2) мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсiпорындардың басшыларына: мемлекеттiк басқару органымен келiсiм бойынша мемлекеттік мекемелердiң мемлекеттiк қызметшi емес қызметкерлерi мен қазыналық кәсiпорындардың қызметкерлерi лауазымдарының санаттар бойынша тiзiлімiнде көрсетілген лауазымдар атауларына олардың қызметiнiң ерекшелiгін сипаттайтын арнаулы қосымша атауларды қолдану, сондай-ақ функционалдық мiндеттерiне қарай өзге де лауазымдар атауларын теңестiру; кредиторлық берешек болмаған кезде қаржыландыру жоспары бойынша тиiстi мемлекеттік мекеменi ұстауға көзделген қаражатты үнемдеу есебiнен (мемлекеттік бiлiм беру мекемелерiнде - еңбекақы төлеуге арналған қолда бар қаражат шегiнде) немесе кредиторлық берешегi болмаған кезде мемлекеттiк басқару органы қазыналық кәсiпорын үшiн бекiткен еңбекақы төлеу қоры шегiнде салалық келiсiмде, ұжымдық шартта және (немесе) жұмыс берушiнiң актiсiнде белгiленген тәртіппен қызметкерлердiң лауазымдық жалақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгiлеу, сыйлықақы беру және материалдық көмек көрсету құқығы берiлсiн. ҚР Үкіметінің 24.01.03 ж. N 91 қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 6. Орталық, жергiлiктi атқарушы және өзге де мемлекеттiк органдар (келiсiм бойынша) мемлекеттiк органдар болып саналмайтын мемлекеттiк мекемелердiң және қазыналық кәсiпорындардың еңбекақы төлеу, құрылымдары мен штаттық кестелерi мәселелерi жөнiнде бұрын қабылдаған кесiмдерiн осы қаулыға сәйкес келтiру жөнiнде қажеттi шараларды қабылдасын. 7. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтыру бекiтiлсiн. 8. Қоса берiлiп отырған тiзбеге сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын. 9. Осы қаулы 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 11 қаңтардағы N 41 қаулысына 1-қосымша ҚР Үкіметінің 22.05.02 ж. N 550 қаулысымен 1-қосымшаға өзгерістер енгізілді; ҚР Үкіметінің 24.01.03 ж. N 91 қаулысымен 1-қосымша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 30.09.03 ж. N 1008; 27.11.03 ж. N 1191 қаулыларымен 1-қосымша өзгертілді Қазақстан Республикасы Үкіметiнiң 2002 жылғы 11 қаңтардағы N 41 қаулысына 1-қосымша Мемлекеттік мекемелердiң мемлекеттік қызметшi емес қызметкерлерi мен қазыналық кәсіпорындар қызметкерлерi лауазымдарының санаттар бойынша тiзiлiмi Ғ санатының тобы Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институты Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясы Абай атындағы Мемлекеттiк академиялық опера және балет театры К. Байсейiтова атындағы ұлттық опера және балет театры Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот академиясы Ғ-1 Мемлекеттiк мекеме және қазыналық кәсiпорын басшысы Ғ-2 Академик хатшы Мемлекеттік мекеме және қазыналық кәсiпорын басшысының бiрiншi орынбасары Ғ-3 Бас ғылыми қызметкер Бас ғалым хатшы Мемлекеттiк мекеме және қазыналық кәсiпорын басшысының орынбасары Институт (факультет); зертхана; қызмет басшысы Ғ-4 Бас сарапшы Институт (факультет); зертхана; қызмет басшысының орынбасары Кафедра; кабинет жетекшiсi Кеңесшi Ғалым хатшы Көркемдiк жетекшi Ғ-5 Ғылыми жетекшi қызметкер Жетекшi сарапшы Профессор Бөлiмше; зертхана; қызмет жетекшiсi Ғ-6 Бас: әкiмшi, балетмейстер, дирижер, инженер, инспектор, конструктор, механик, редактор, режиссер, хормейстер, сақтаушы, суретшi, экономия, энергетик Доцент Баспасөз хатшысы Топтың; орталықтың басшысы Аға ғылыми қызметкер Аға: оқытушы, сарапшы F-7 Ғылыми қызметкер Мемлекеттiк мекеме және қазыналық кәсiпорын басшысының көмекшiсi Оқытушы Бөлiмше (бөлiм) секторының жетекшiсi Аға консультант Сарапшы F-8 Ассистент Консультант Кiшi ғылыми қызметкер Мемлекеттік мекеме және қазыналық кәсiпорын құрамындағы: мұрағаттың, мұрағат қоймасының, кiтапхананың, мұражайдың, труппаның, бөлiмнiң, (көркемдеп қою, әдеби-драмалық, музыкалық), цехтың меңгерушiсi Ғ-9 Бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi жоғарғы санаттағы маман: аккомпаниатор, актер, әртiс, мұрағатшы, балетмейстер, библиограф, кiтапханашы, бухгалтер, дирижер, дыбыс режиссерi, барлық мамандық инженерi, инспектор, нұсқаушы, өнертанушы, концертмейстер, мастер, менеджер, әдiстемешi, музыкатанушы, қоюшы-оператор, аудармашы, продюсер, психолог, редактор, режиссер, репетитор, референт, солист, социолог, хореограф, хормейстер, барлық атаудағы суретшілер, суретшi-конструктор (дизайнер), экономист, экскурсовод, заңгер консультант Ғ-10 Бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi бiрiншi санаттағы маман: аккомпаниатор, актер, әртiс, мұрағатшы, балетмейстер, библиограф, кiтапханашы бухгалтер, дирижер, дыбыс режиссерi, барлық мамандық инженерi, инспектор, нұсқаушы, өнертанушы, концертмейстер, мастер, менеджер, әдiстемешi, музыкатанушы, қоюшы-оператор, аудармашы, продюсер, психолог, редактор, режиссер, репетитор, референт, солист, социолог, хореограф, хормейстер, барлық атаудағы суретшілер, суретшi-конструктор (дизайнер), экономист, экскурсовод, заңгер консультант Ғ-11 Бiлiктiлігі жоғары деңгейдегi екiншi санаттағы маман: аккомпаниатор, актер, әртiс, мұрағатшы, балетмейстер, библиограф, кiтапханашы, бухгалтер, дирижер, дыбыс режиссерi, барлық мамандық инженерi, инспектор, нұсқаушы, өнертанушы, концертмейстер, мастер, менеджер, әдістемеші, музыкатанушы, қоюшы-оператор, аудармашы, психолог, редактор, режиссер, репетитор, референт, солист, социолог, хореограф, хормейстер, барлық атаудағы суретшiлер, суретшi-конструктор (дизайнер), экономист, экскурсовод, заңгер консультант Бiлiктiлiгi орташа деңгейдегi жоғарғы санаттағы аға маман: аккомпаниатор, әртiс, мұрағатшы, режиссердiң ассистентi, кiтапханашы, бухгалтер, инспектор, нұсқаушы, зертханашы, мастер, менеджер, механик, программист, жобалаушы, репетитор, барлық атаудағы суретшiлер, суретшi-конструктор (дизайнер), экономист, экскурсовод, заңгер консультант Ғ-12 Бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi санаты жоқ маман: аккомпаниатор, актер, әртiс, мұрағатшы, балетмейстер, библиограф, кiтапханашы, бухгалтеp, дирижер, дыбыс режиссерi, барлық мамандық инженерi, инспектор, нұсқаушы, өнертанушы, концертмейстер, мастер, менеджер, әдiстемешi, музыкатанушы, қоюшы-оператор, аудармашы, психолог, редактор, режиссер, репетитор, референт, солист, социолог, хореограф, хормейстер, суретшi, суретшi-конструктор (дизайнep), экономист, экскурсовод, заңгер консультант Біліктiлігі орташа деңгейдегi бiрiншi санаттағы аға маман: аккомпаниатор, әртiс, мұрағатшы, режиссердiң ассистентi, кiтапханашы, бухгалтер, инспектор, нұсқаушы, зертханашы, мастер, менеджер, механик, программист, жобалаушы, репетитор, барлық атаудағы суретшiлер, суретшi-конструктор (дизайнер), экономист, экскурсовод, заңгер консультант F-13 Біліктiлігi орташа деңгейдегi екiншi санаттағы аға маман: аккомпаниатор, әртiс, мұрағатшы, режиссердiң ассистентi, кiтапханашы, бухгалтер, инспектоp, нұсқаушы, зертханашы, мастер, менеджер, механик программист, жобалаушы, репетитор, барлық атаудағы суретшiлер, суретшi-конструктор (дизайнер), экономист, экскурсовод, заңгер консультант Бiлiктілігі орташа деңгейдегi жоғары санаттағы маман: аккомпаниатор, әртiс, мұрағатшы, маман ассистентi (көмекшiсi), режиссердің ассистентi, кiтапханашы, бухгалтер, инспектор, нұсқаушы, зертханашы, мастер, менеджер, механик, программист, жобалаушы, репетитор, барлық атаудағы техниктер, барлық атаудағы суретшiлер, суретші-конструктор (дизайнер), экономист, экскурсовод, заңгер консультант Ғ-14 Бiлiктiлiгi орташа деңгейдегi санаты жоқ аға маман: аккомпаниатор, әртiс, мұрағатшы, режиссердiң ассистентi, кiтапханашы, бухгалтер, инспектор, нұсқаушы, зертханашы, мастер, менеджер, механик, программист, жобалаушы, репетитор, барлық атаудағы суретшiлер, суретшi-конструктор (дизайнер), экономист, экскурсовод, заңгер консультант Бiлiктiлiгi орташа деңгейдегi бiрiншi санаттағы маман: аккомпаниатор, әртiс, мұрағатшы, маман ассистентi (көмекшiсi), режиссердiң ассистенті, кітапханашы, бухгалтер, инспектор, нұсқаушы, зертханашы, мастер, менеджер, механик, программист, жобалаушы, репетитор, барлық атаудағы техниктер, барлық атаудағы суретшілер, cуpeтшi-конструктор экскурсовод, заңгер консультант (дизайнер), экономист, экскурсовод, заңгер консультант F-15 Бiлiктiлiгі орташа деңгейдегi екіншi санаттағы маман: аккомпаниатор, әртiс, мұрағатшы, маман ассистентi (көмекшiсi), режиссердiң ассистентi, кiтапханашы, бухгалтер, инспектор, нұсқаушы, зертханашы, мастер, менеджер, механик, программист, жобалаушы, репетитор, барлық атаудағы техниктер, барлық атаудағы суретшiлер, суретшi-конструктор (дизайнер), экономист, экскурсовод, заңгер консультант Ғ-16 Бiлiктiлiгi орташа деңгейдегi санаты жоқ маман: аккомпаниатор, әртіс, мұрағатшы, маман ассистентi (көмекшiсi), кiтапханашы, бухгалтер, инспектор, нұсқаушы, зертханашы, мастер, менеджер, механик, программист, жобалаушы, барлық атаудағы техниктер, барлық атаудағы суретшiлер, суретшi-конструктор (дизайнер), экономист, экскурсовод, заңгер консультант Мемлекеттiк мекемедегi және қазыналық кәсiпорындағы әкiмшiлiк-шаруашылық қызмет көрсетумен айналысатын құрылымдық бөлiмшенiң жетекшiсi: видеотека, гараж, кеңсе, бюро (анықтама, машиналық жазба, ақпараттық, көшiрмелiк-көбейткiш), жатақхана, қойма, ауысым, учаске, фотозертхана, фильмотека, фонотека, шаруашылық, бөлiм Ғ-17 Техникалық орындаушылар: мұрағатшы; кезекшi әкімшi; рұқсаттама бюросының кезекшiсi; iс жүргiзушi; диктор, диспетчер; нұсқаушы; калькулятор; кассир; кодировщик; кодификатор; комендант; билеттер бақылаушысы; көшiргiш; шетел мәтiнiмен жұмыс iстеушi, диктофондық топтың, редакцияның, бюроның машинисткасы, машинистка-стенографистка; әкiмшi; дыбыс жабдықтарына, хабар беру техникасына, теледидар жабдықтарына қызмет көрсету жөнiндегi, кассалық, дизельдiк механик; бақылаушы; байланыс жүйесi, қауiпсiздiк қызметi, бейне жазба, дыбыс жазба, телетайп, телефакс, телекс, радио, компьютерлiк техника (бағдарламалар), электрондық есептеу машиналары, компьютерлiк құрылғыларға қызмет көрсету жөнiндегi, диспетчерлiк қызмет операторы; күзетшi, тiркеушi; стенографист-хатшы; статистик; стенографист; экспонат сақтаушы, сызушы, экспедитор. G санатының тобы Мемлекеттiк мекемелер және қазыналық кәсiпорындар G-1 Басшы: жоғары оқу орнының (ЖОО); ғылыми-зерттеу институтының (ҒЗИ); орталықтың (ұлттық, ұлттық ғылыми-практикалық, ғылыми, ғылыми-зерттеу, ғылыми-клиникалық, сот сараптамасы, геологиялық ақпарат) G-2 Академик хатшы Басшысының орынбасары: ЖОО-ның; ҒЗИ-дың; (ұлттық, ұлттық ғылыми-практикалық, ғылыми, ғылыми-зерттеу, ғылыми-клиникалық, сот сараптамалық, геологиялық ақпарат) орталықтың Басшы: бiлiктiлiктi арттыру институның; ҒЗИ (орталық), ЖОО жанындағы клиниканың G-3 Бас ғалым хатшы Бас ғылыми қызметкер Бiлiктiлiктi арттыру институты басшысының орынбасары Мәдениет және мұрағат iсi мемлекеттік мекемесiнiң және қазыналық кәсiпорнының басшысы; Орталық (ақпараттық, ақпараттық-талдау, ақпараттық-статистикалық, оқу, оқу-тәрбие, оқу-әдiстемелiк, ғылыми-енгiзу, ғылыми-педагогикалық, ғылыми-практикалық, ғылыми-өндiрiстiк, өндірiстік, жобалау-iздестiру, ақпаратты техникалық қорғау, зейнетақы төлеу жөнiндегi) жетекшiсi ЖОО оқу-есептеу орталығының басшысы Басшы: институт (филиал, факультет); зертхана, жасау; қызмет Су жолдары қазыналық кәсiпорнының басшысы Қорғаныс министрлiгi қазыналық кәсiпорнының басшысы G-4 Бас сарапшы Мәдениет және мұрағат iсi мемлекеттiк мекемесi және қазыналық кәсiпорны басшысының орынбасары Орталық (ақпараттық, ақпараттық-талдау, ақпарат-статистикалық, оқу, оқу-тәрбие, оқу-әдiстеме, ғылыми-енгiзу ғылыми-педагогикалық, ғылыми-практикалық, ғылыми-өндiрiстiк, өндiрiстiк, жобалау-iздестiру, ақпаратты техникалық қорғау, зейнетақы төлеу жөнiндегi) басшысының орынбасары Институт (факультет); зертхана; жасақ; қызмет басшысының орынбасары Су жолдары қазыналық кәсiпорны басшысының орынбасары Қорғаныс министрлiгінің қазыналық кәсiпорны басшысының орынбасары Мемлекеттік мекеме және қазыналық кәсiпорын басшысы (мектепке дейiнгi мемлекеттік мекемеден және қазыналық кәсіпорыннан басқа) Кафедра; кабинет; суда құтқару қызметiнiң жетекшiсi Кеңесшi Ғалым хатшы Көркемдiк жетекшi G-5 Жетекшi ғылыми қызметкер Жетекшi сарапшы Мемлекеттiк мекеме және қазыналық кәсiпорын басшысының орынбасары (мектепке дейiнгі мемлекеттiк мекемеден және қазыналық кәсіпорыннан басқа) Профессор Бөлiмше басшысы: станция, филиал, шлюз, кешен, цикл; зертхана; жасақ; қызмет; орталық; су жолдары қазыналық кәсiпорны; Қорғаныс министрлiгiнің мемлекеттiк мекемесi G-6 Бас: агроном, әкімшi, карантиндік зертхананың бактериологы, балетмейстер, ветеринариялық зертхананың биохимигi, карантиндiк зертхананың вирусологы, карантиндiк зертхананың гельминтологы, карантиндiк зертхананың гербологы, гидротехник, дирижер, флот жөнiндегі диспетчер, дыбыс режиссерi, инженер, инспектор, ветеринариялық зертхананың ихтиопатологы, кинооператор, конструктор, орманшы, механик, ветеринариялық зертхананың микологы, ветеринариялық зертхананың микробиологы, аң маманы, ветеринариялық зертхананың паразитологы, жұмыс өндiрушi (прораб), ветеринариялық зертхананың радиологы, редактор, режиссер, балық өсiрушi, ветеринариялық зертхананың серологы, құтқарушы, ветеринариялық зертхананың токсикологы, жаттықтырушы, хормейстер, сақтаушы суретші, карантиндiк зертхананың фитопатологы, эколог, экономист, энергетик, карантиндiк зертхананың энтомологы, ветеринариялық зертхананың эпизоотологы Бөлiмше, станция, филиал, шлюз, кешен, цикл; зертхана; жасақ; қызмет; орталық; су жолдары қазыналық кәсіпорны, Қорғаныс министрлiгiнiң мемлекеттік мекемесi басшысының орынбасары Доцент Баспасөз хатшысы Мемлекеттiк мекеме және қазыналық кәсiпорын бөлiмшесiнiң, филиалының басшысы Топ; консультация, инспекция; ЖОО кiтапханасының басшысы Қорғаныс министрлiгiнiң қазыналық кәсiпорны бөлiмiнiң (қызметiнің) басшысы Суда құтқару қызметі бөлiмiнiң, тобының басшысы Ғылыми-практикалық орталықтың аға әдiстемешiсi Аға ғылыми қызметкер Аға: жоғары оқу орнының оқытушысы, сарапшы G-7 Мемлекеттік мекеменiң және қазыналық кәсiпорнының бөлiмшесi, филиалы басшысының орынбасары Топ; консультация; инспекция басшысының орынбасары Қорғаныс министрлiгiнің қазыналық кәсiпорны бөлiм (қызмет) басшысының орынбасары Ғылыми-практикалық орталықтың әдiстемешiсi Ғылыми қызметкер Жоғарғы оқу орнының; ғылыми-зерттеу институтының; Ұлттық ғылыми-практикалық орталық басшысының көмекшiсi Жоғарғы оқу орнының және орта кәсiптiк оқу орнының оқытушысы Мектепке дейiнгi мемлекеттік мекеменiң және қазыналық кәсiпорынның басшысы Бөлiмше, филиал секторының, бөлiмшесiнiң (бөлiмiнiң) жетекшiсi Қорғаныс министрлiгiнiң мемлекеттiк мекемесi құрамындағы автоматтық станция, тренажер, гарнизондық жатақхананың басшысы Жоғарғы оқу орнының азаматтық қорғаныс штабының басшысы Аға: геоақпараттық қамтамасыз ету, жер қойнауын геологиялық зерделеу инженерi, консультант, жаттықтырушы, мастер Бiлiктіліктi арттыру институтының аға әдiстемешiсi Сарапшы G-8 Ассистент Геоақпараттық қамтамасыз ету, жер қойнауын геологиялық зерделеу инженерi Консультант Бiлiктiлiктi арттыру институтының әдiстемешiсi Әдiстемелiк кабинеттiң әдiстемешiсi Кiшi ғылыми қызметкер Бөлiмше, филиал секторының, бөлiмшесiнiң (бөлiмiнiң) жетекшiсiнiң орынбасары Қорғаныс министрлiгiнің мемлекеттік мекемесi құрамындағы автоматтық станция, тренажер, басшысының орынбасары Мемлекеттiк мекеме және қазыналық кәсiпорын құрамындағы: дәрiхана, мұрағат, мұрағат қоймасы, жоғарғы оқу орнының аспирантурасы, база, монша-кiр жуу комбинаты, жоғары оқу орнының бассейнi, кiтапханасы, интернаты, жоғары оқу орнының лагерi, шеберханасы, жөндеу-механикалық шеберханасы, мұражай, үйде көрсетiлетiн әлеуметтiк көмек бөлiмшесi (орталығы), өндiрiс, арнаулы медициналық жабдықтау қоймасы, тылды және пайдалану-техникалық қамтамасыз ету қоймасы, спорт ғимараты, асхана, труппа, жоғары оқу орнының оқу зертханасы, (көркемдеп қою, әдеби-драмалық, музыкалық) бөлiмнiң, цехтың меңгерушiсi Қорғаныс министрлiгi мемлекеттік мекемесiндегi бассейн, клуб, тұрмыстық қызмет көрсету комбинаты, кинофильмдi жалға алу бөлiмшесi, стадион, оқу кабинетiнің меңгерушiсi Бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi жоғары санаттағы маман: барлық мамандықтағы мұғалiмдер мен дәрiгерлер G-9 Бiлiктiлігі жоғары деңгейдегi бiрiншi санаттағы маман: барлық мамандықтағы мұғалiмдер мен дәрiгерлер Бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi жоғары санаттағы маман: агроном, агрохимик, аккомпаниатор, актер, әртiс, археограф, мұрағатшы, сәулетшi, карантиндiк зертхананың бактериологы, балетмейстер, библиограф, кiтапханашы, биохимик, бухгалтep, карантиндiк зертхананың вирусологы, мал дәрiгерi, жетекшi, тәрбиешi, гельминтолог, геодезист, герболог, гидрогеолог, гидротехник, дирижер, әуе және автомобиль тасымалдары диспетчерi, дыбыс режиссері, зоотехник, барлық мамандықтағы инженер, инспектор, нұсқаушы, өнертанушы, ихтиолог, ихтопатолог, капитан, кинорежиссер, командир, конструктор, әлеуметтік жұмыс жөнiндегi консультант, концертмейстер, корреспондент, орманшы, мастер, медициналық бике, менеджер, әдiстемешi, механик, миколог, микробиолог, музыкалық жетекшi, музыкатанушы, қоюшы-оператор, аң маманы, палеограф, паразитолог, аудармашы, провизор, продюсер, жұмыс өндiрушi (прораб), психолог, радиолог, редактор, режиссер, репетитор, референт, балық өсiрушi, селекционер, серолог, солист, социолог, құтқарушы, әлеуметтік жұмыс жөнiндегi маман, статистик, технолог, ветеринариялық зертхананың токсикологы, жаттықтырушы, химик-талдаушы, хореограф, хормейстер, мұражай қорын сақтаушы, барлық атаудағы суретшiлер, суретшi-конструктор (дизайнер), фитопатолог, эколог, экономист, экскурсовод, электроншы, карантиндiк зертхананың энтомологы, эпизоотолог, заңгер консультант G-10 Бiлiктілігі жоғары деңгейдегi екiншi санаттағы маман: барлық мамандықтағы мұғалiмдер мен дәрiгерлер Бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi бiрiншi санаттағы маман: агроном, агрохимик, аккомпаниатор, актер, әртiс, археограф, мұрағатшы, сәулетшi, карантиндiк зертхананың бактериологы, балетмейстер, библиограф, кiтапханашы, биохимик, бухгалтер, карантиндiк зертхананың вирусологы, мал дәрiгерi, жетекшi, тәрбиешi, гельминтолог, геодезист, герболог, гидрогеолог, гидротехник, дирижер, әуе және автомобиль тасымалдары диспетчерi, дыбыс режиссерi, зоотехник, барлық мамандықтағы инженер, инспектор, нұсқаушы, өнертанушы, ихтиолог, ихтопатолог, капитан, кинорежиссер, командир, конструктор, концертмейстер, корреспондент, зертханашы, орманшы, шебер, медициналық бике, менеджер, әдiстемешi, механик, миколог, микробиолог, музыкалық жетекшi, музыкатанушы, қоюшы-оператор, аң маманы, палеограф, паразитолог, аудармашы, провизор, продюсер, жұмыс өндiрушi (прораб), психолог, радиолог, редактор, режиссер, репетитор, референт, балық өсiрушi, селекционер, серолог, солист, социолог, құтқарушы, әлеуметтiк жұмыс жөнiндегі маман, статистик, технолог, ветеринариялық зертхананың
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |