|
|
|
Табиғи монополиялар туралы Қазақстан Республикасының 1998 ж. 9 шiлдедегі N 272-1 Заңы (ҚР 13.07.99 ж. N 413-I; 29.03.00 ж. N 42-II; 06.12.01 ж. N 260-II; 26.12.02 ж. N 364-II; 05.07.04 ж. N 568-II Заңдарымен енгізілген өзгерістерімен) Осы редакция 2004 ж. 9 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды ҚР 26.12.02 ж. N 364-II Заңымен кiрiспе өзгертілді (бұр. ред. қара) Осы Заң Қазақстан Республикасындағы табиғи монополия аясындағы iс-әрекеттi реттейдi және тұтынушылары мен табиғи монополия субъектiлерiнiң мүдделерiн қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған. ҚР 26.12.02 ж. N 364-II Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 1-бап. Осы Заңның мақсаты Осы Заңның мақсаты: 1) табиғи монополия аясындағы қызметтi мемлекеттiк бақылау мен реттеудiң құқықтық негiздерiн белгiлеу; 2) тұтынушылар мен табиғи монополия субъектiлерi мүдделерiнiң теңдестiрiлуiне қол жеткiзу болып табылады. ҚР 26.12.02 ж. N 364-II Заңымен 2-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) 2-бап. Осы Заңның қолданылуы 1. Осы Заң табиғи монополия субъектiлерiнiң өмiр сүруiне және iс-әрекетiне байланысты қызметтер (тауарлар, жұмыстар) рыногында туындайтын қатынастарды реттейдi. 2. Осы Заңның ережелерi табиғи монополиялар субъектiлерiнiң, олардың құрылтайшыларының (қатысушыларының) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде жасалатын әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) де, осы әрекеттер (әрекетсiздiк) осы Заңға қайшы келген және табиғи монополиялардың қызметтерiн (тауарларын, жұмыстарын) тұтынушыларға залал келтiрген жағдайларда қолданылады. 3. Осы Заңның күшi табиғи монополия аясына жатқызылған, бiрақ тек жеке өзiнiң ғана мұқтаждарына арналған объектiлердi салу мен пайдалануға байланысты iс-әрекеттi жүзеге асыратын жеке кәсiпкерлер мен заңды тұлғаларға қолданылмайды. 3-1. Осы Заңмен табиғи монополия аясына жатқызылған iс-әрекеттi жүзеге асыратын рынок субъектiлерi үшiн мемлекеттiк реттеу мен бақылау осындай iс-әрекетке қатысты ғана қолданылады. 4. Осы Заңда қамтылмаған құқықтық қатынастар Қазақстан Республикасының монополияға қарсы және басқа да заңдарымен реттеледi. ҚР 26.12.02 ж. N 364-II Заңымен 3-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) 3-бап. Осы Заңда пайдаланылатын ұғымдар Осы Заңда мынадай ұғымдар пайдаланылады: 1) жалпыға бiрдей қызмет көрсету - табиғи монополия субъектiлерiнiң табиғи монополия субъектiлерi iс-әрекетiн жүзеге асыратын және қызметтерiн (тауарларын, жұмыстарын) ұсына алатын Қазақстан Республикасының белгiлi бiр аумағында барлық тұтынушыларға қызметтерiн ұсынуы және тауарлар өндiрiп, жұмыстарды орындауы: 1-1) уақытша өтемдiк тариф - табиғи монополиялар субъектiсiнiң тұтынушыларға келтiрген шығындарға өтем жасауы мақсатында уәкiлеттi орган белгiлеген тариф (баға, алым ставкасы); 1-2) уақытша төмендету коэффицентi - тұтынушылар мен табиғи монополия субъектiсi мүдделерiн қорғау мақсатында уәкiлеттi орган белгiлеген және тарифке (бағаға, алым ставкасына) қолданылатын шама; 2) тұлғалар тобы - табиғи монополия субъектiсiнiң дауыс беретiн акцияларының (үлестерiнiң) он және одан көп процентiн иеленетiн, келiсiм нәтижесiнде бiрлесiп тiкелей немесе жанама шешiм айқындауға және (немесе) табиғи монополия субъектiсiнiң қабылдайтын шешiмдерiне ықпал етуге құқығы бар заңды тұлғалардың, заңды және жеке немесе жеке тұлғалардың жиынтығы; 3) табиғи монополия - қызметтердiң осы түрiн (тауарлардың, жұмыстардың) өндiру мен ұсынудың технологиялық ерекшелiктерiне байланысты қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) белгiлi бiр түрiне сұранысты қанағаттандыру үшiн бәсекелестiк жағдай жасау мүмкiн болмайтын немесе экономикалық жағынан тиiмсiз болатын қызметтер (тауарлар, жұмыстар) рыногының жай-күйi; 4) табиғи монополия субъектiсiнiң қызметтерiн (тауарларын,жұмыстарын) тұтынушы - табиғи монополия субъектiсiнiң тауарларын, жұмыстары мен қызметтерiн пайдаланатын жеке немесе заңды тұлға; 4-1) жария тыңдау - табиғи монополия субъектiсiнiң қызметтерiне тарифтердiң (бағаның, алым ставкаларының) жобасын депутаттарды, мемлекеттiк органдардың, тұтынушылар мен олардың қоғамдық бiрлестiктерiнiң өкiлдерiн, тәуелсiз сарапшыларды, бұқаралық ақпарат құралдарын және табиғи монополиялар субъектiлерiн шақыра отырып талқылау рәсiмi; 5) табиғи монополия субъектiсi - табиғи монополия жағдайында тауарлар өндiрумен, жұмыс орындаумен және (немесе) тұтынушыларға қызмет көрсетумен айналысатын жеке кәсiпкер немесе заңды тұлға; 5-1) табиғи монополия аясы - жеке кәсiпкер немесе заңды тұлға табиғи монополия субъектiсi болып танылуы мүмкiн қызметтер (тауарлар, жұмыстар) рыногында туындайтын қоғамдық қатынастар саласы; 5-2) тариф (баға, алым ставкасы) - табиғи монополия субъектiсi қызметтерiнiң уәкiлеттi орган бекiткен құнының ақшалай көрiнiсi; 5-3) тарифтiк смета - табиғи монополия субъектiсiнiң, уәкiлеттi орган жыл сайын бекiтетiн, кiрiстерi мен шығыстарының баптары туралы жиынтық деректер; 6) уәкiлеттi орган - табиғи монополия аясындағы iс-әрекеттi бақылау мен реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк орган; 7) табиғи монополия субъектiсiнiң қызметтерi - тұтынушыға белгiлi бiр тауар беру түрiнде қызметтер ұсыну реттерiн қоса алғанда, табиғи монополия жағдайларында ұсынылатын және тұтынылатын қызметтер, тауарлар, жұмыстар; 8) төтенше реттеушi шаралар - азаматтардың өмiрiн, денсаулығын, жеке және заңды тұлғалардың мүлкiн, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау мақсатында уәкiлеттi орган қолданатын шаралар. ҚР 06.12.01 ж. N 260-II; 26.12.02 ж. N 364-II (бұр. ред. қара); 05.07.04 ж. N 568-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 4-бап өзгертілді 4-бап. Табиғи монополияның iс-әрекет аясы 1. Қазақстан Республикасында табиғи монополиялар аясында мынадай iс-әрекет түрлерi жатады: 1) магистралды труба құбырлары арқылы мұнайды және (немесе) мұнай өнiмдерiн тасымалдау; 2) газды немесе газ конденсатын сақтау, магистральдық және (немесе) тарату құбырлары арқылы тасымалдау, газ тарату қондырғыларын және олармен байланысты газ таратушы газ құбырларын пайдалану; 3) электр және (немесе) жылу энергиясын беру мен (немесе) бөлу; 3-1) жылу энергиясын жылыту қазандықтарында, өндiрiстiң құрамдастырылған үлгісіндегі станцияларда өндіру; 3-2) электр энергиясын желiге берудi және тұтынуды техникалық диспетчерлендiру жөнiндегi қызметтер; 4) магистральдық темір жол желісінің қызметі; 4-1) бәсекелес кiрме жолдар және оны салудың технологиялық мүмкiндiктерi не экономикалық тиiмдiлiгi болмаған кездегi кiрме жолдардың қызметтерi; 5) әуенавигация, айлақтар, әуежайлар көрсететiн қызмет; 6) тарифтерін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін телекоммуникацияның әмбебап қызметтерін көрсетуді қоспағанда, техникалық мүмкіндіктің болмауынан не экономикалық тиімсіздіктен телекоммуникация қызметтерін көрсететін бәсекелес байланыс операторы болмаған жағдайда көрсетілетін телекоммуникация қызметтері; 6-1) телекоммуникация желілерін ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісіне қосу мақсатында кәбілдік кәріз бен технологиялық мүлікті жалға немесе пайдалануға беру қызметтері; 7) су шаруашылығы және (немесе) канализация жүйелерi көрсететiн қызмет; 8) почта байланысының жалпыға бiрдей қолжетiмдi қызметтерi; 2. Табиғи монополия субъектiлерi республикалық және жергiлiктi бөлiмдерден тұратын Табиғи монополия субъектiлерiнiң мемлекеттiк тiркелiмiне енгiзiлуге жатады. 3. Табиғи монополия субъектiлерiн Мемлекеттiк тiркелiмге енгiзу және одан шығару тәртiбiн уәкiлеттi орган белгiлейдi. 3-1. Табиғи монополия субъектiсi өзiнiң тұрақты жұмыс iстейтiн органының орналасқан жерi бойынша тiркеледi. ҚР Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігі төрағасының 25.04.01 ж. N 86-ОД бұйрығын қараңыз ҚР 13.07.99 ж. N 413-I Заңымен 5-бап толықытырылды ҚР 26.12.02 ж. N 364-II Заңымен 5-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 5-бап. Табиғи монополия субъектiлерiнiң қызметiн шектеу 1. Табиғи монополия субъектiсiне: 1) осы Заңның 18-1-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, өзiнiң негiзгi қызметiне қатысы жоқ қызметтер көрсетуге және өзге қызметтi жүзеге асыруға; 2) табиғи монополия субъектiсiнiң өндiрiспен және қызмет көрсетулермен, сондай-ақ осы Заңның 18-1-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында аталған қызметтi жүзеге асырумен байланысы жоқ мүлiкке меншiк және (немесе) шаруашылық жүргiзу құқығына ие болуға; 3) мемлекеттiк емес жинақтаушы зейнетақы қорларынан және осы Заңмен табиғи монополия субъектiсi үшiн рұқсат етiлген қызметтi жүзеге асырушы ұйымдардан басқа, коммерциялық ұйымдардың акцияларын (үлестерiн) иеленуге немесе олардың қызметiне өзге де түрде қатысуға; 4) ұсынылған қызметтер (тауарлар, жұмыстар) үшiн уәкiлеттi орган белгiлеген мөлшерден асатын ақы алуға, сондай-ақ шығындары бекiтiлген тарифтерде (бағаларда, алымдар ставкаларында) ескерiлмеген қызметтер (тауарлар, жұмыстар) үшiн тұтынушылардан ақы алу есебiнен кiрiс алуға; 5) табиғи монополия субъектiлерi көрсететiн қызметке қол жеткiзу шарттарын күштеп таңуға немесе табиғи монополия субъектiлерiнiң қызметтерi тұтынушыларды кемсiтуге әкеп соғатын өзге де ic-әpeкeттep жасауға; 6) егер ұсынылатын қызметтерге (өндiрiлетiн тауарларға, жұмыстарға) байланысты талап ету құқығын үшiншi тұлғаларға беру, табиғи монополия субъектiсiнiң қызметтерi тарифтерiнiң (бағаларының, алымдар ставкаларының) көтерiлуiне әкеп соғатын болса, бұл әрекеттi жасауға; 7) пайдаланған қызмет көрсетулер (тауарлар, жұмыстар) көлемiн жосықсыз тұтынушылардың төлемеуiне байланысты адал тұтынушыларға қызметтер (тауарлар, жұмыстар) ұсынудан бас тартуға; 8) қызмет көрсетулерге (тауарларға, жұмыстарға) байланысты емес шығындарды олардың тарифтерiне (бағаларға, алымдар ставкаларына) енгiзуге тыйым салынады. 2. Осы баптың 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген шектеулер табиғи монополия аясына жатқызылған қызметi ол үшiн негiзгi болып табылмайтын рынок субъектiсiне қолданылмайды. ҚР 26.12.02 ж. N 364-II Заңымен 6-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) 6-бап. Табиғи монополия субъектiсiнiң құқықтары Табиғи монополия субъектiсiнiң: 1) заңдарға сәйкес тұтынушылар сақтауға мiндеттi техникалық талаптар белгiлеуге; 1-1) барлық тұтынушыларға ұсынылатын қызметтер (тауарлар, жұмыстар) үшiн тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) қолданылуы кезеңiнде уәкiлеттi орган бекiткен тәртiппен төмендетуге; 1-2) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен техникалық қызмет көрсетудi жүргiзуге және есептеу аспаптарын тексерудi ұйымдастыруға; 2) уәкiлеттi орган шешiмдер қабылдаған кезде өзiнiң iс-әрекетi мен құқықтық мәртебесi мәселелерiн қозғайтын ұсыныстар енгiзуге; 3) уәкiлеттi органның Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келетiн әрекетiне (әрекетсiздiгiне) сотқа шағымдануға; 4) басқа субъектiлердiң өз iс-әрекетiне, табысына, меншiгiне немесе құқықтық мәртебесiне әсер ететiн әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) уәкiлеттi органға немесе сотқа шағымдануға; 5) заң белгiленген тәртiппен өзiн Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң мемлекеттiк тiркелiмiнен шығару туралы уәкiлеттi органға өтiнiш жасауға; 6) Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген өзге де құқықтарының болуына хақылы. ҚР 26.12.02 ж. N 364-II Заңымен (бұр. ред. қара) 7-бап өзгертілді 7-бап. Табиғи монополия субъектiлерiнiң мiндеттерi Табиғи монополия субъектiсi: 1) уәкiлеттi органның Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн шешiмдерiн орындауға; 2) ұсынылатын қызметтер (тауарлар, жұмыстар) үшiн уәкiлеттi орган белгiлеген тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) ескере отырып, қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) тұтынушыларға жан-жақты сапалы қызмет көрсетудi қамтамасыз етуге; 3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жеңiлдiктер мен артықшылықтар ескерiлген қызметтер (тауарлар, жұмыстар) ұсынудан басқа жағдайларда, қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) тұтынушыларға тең жағдайлармен ұсынуға; 4) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiнде белгiленген тәртiппен материалдық, қаржылық ресурстарды және қызметтердi сатып алуды жүзеге асыруға; 5) уәкiлеттi органның талап етуi бойынша қаржы есептiлiгi мен өзге де қажеттi ақпарат беруге; 6) қоғамдық, экологиялық қауiпсiздiк және азаматтар денсаулығы үшiн қауiпсiздiк принциптерiн сақтай отырып, табиғи монополияның қызметтер өндiруi мен ұсынуының неғұрлым тиiмдi әдiстерi мен технологияларын таңдап алуға; 7) аудиторлық ұйымдармен (аудиторлармен) Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңдарында белгiленген аудит жүргiзу шартына қосымша талаптарға сәйкес жыл сайынғы мiндеттi аудит жүргiзуге. Тексеру нәтижелерi және жылдық қаржы есептiлiгi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен тексеру нәтижелерi бекiтiлген кезден бастап отыз күннен кешiктiрмей, табиғи монополия субъектiсi өзiнiң қызметiн жүзеге асыратын әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң тиiстi аумағында таратылатын мерзiмдi баспасөз басылымдарында жариялануға тиiс; 7-1) осы Заңмен рұқсат етiлген өзге қызметтi жүзеге асыру кезiнде бөлек бухгалтерлiк есеп жүргiзуге; 7-2) тарифтiк сметаны орындауға; 8) Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен үлгi шартқа сәйкес табиғи монополия аясына жататын, ұсынылатын қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) әрбiр түрiне тұтынушылармен шарт жасасуға; 9) ұсынылатын коммуналдық қызметтердi есептеу аспаптарын сатып алуға және тұтынушыларға оларды орнатуға; 10) тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) бекiту кезiнде ескерiлетiн инвестициялық жобаларды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен негiзгi құралдарға қайта бағалау жүргiзудi уәкiлеттi органмен келiсуге; 11) уәкiлеттi органның талап етуiмен тоқсан қорытындысы бойынша тарифтiк сметаның орындалуы туралы есеп беруге; 12) қызметтер (тауарлар, жұмыстар) ұсынуға шарттар жасасу кезiнде тұтынушылар құқықтарының бұзылуына жол бермеуге; 13) тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) төмендету туралы оларды қолданысқа енгiзгенге дейiн он күн бұрын уәкiлеттi орган мен тұтынушыларды хабардар етуге мiндеттi. ҚР 26.12.02 ж. N 364-II Заңымен 8-бап алып тасталды (бұр. ред. қара) ҚР 26.12.02 ж. N 364-II Заңымен 9-бап алып тасталды (бұр. ред. қара) ҚР 26.12.02 ж. N 364-II Заңымен (бұр. ред. қара) 10-бап өзгертілді 10-бап. Табиғи монополия субъектiсiнiң қызметтерiн (тауарларын, жұмыстарын) тұтынушының құқықтары Табиғи монополия субъектiсiнiң қызметтерiн (тауарларын, жұмыстарын) тұтынушы: 1) табиғи монополия субъектiсiнiң қызметтерiн уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен және тарифтер (бағалар, алымдар ставкалары) бойынша сатып алуға, есепке алу аспаптарын орнатуды талап етуге; 2) шешiмдерге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу, жаңа шешiмдер қабылдау немесе қолданылып жүрген шешiмдердiң күшiн жою туралы уәкiлеттi органға өтiнiш беруге; 3) уәкiлеттi органның әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне), сондай-ақ ол қабылдаған шешiмдерге сот тәртiбiмен шағымдануға; 4) уәкiлеттi органға және (немесе) сот тәртiбiмен табиғи монополия субъектiсiнiң Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келетiн әрекеттерiне шағымдануға; 4-1) жария тыңдауларға қатысуға; 5) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де құқықтарының болуына хақылы. ҚР 26.12.02 ж. N 364-II Заңымен (бұр. ред. қара) 11-бап өзгертілді 11-бап. Табиғи монополия субъектiсiнiң қызметтерiн тұтынушының мiндеттерi 1. Табиғи монополия субъектiсiнiң қызметтерiн (тауарларын, жұмыстарын) тұтынушы: 1) табиғи монополия субъектiсiнiң қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) жасалған шарттардың талаптарына сәйкес уақтылы және толық көлемде ақы төлеуге; 2) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес табиғи монополия субъектiлерi белгiлейтiн техникалық талаптарды орындауға мiндеттi. 2. Табиғи монополия субъектiсiнiң қызметтерiн тұтынушының (мемлекеттiк органдардан басқа) дербес немесе бiр топ адамдар құрамында өзi қызметтерiн (тауарларын, жұмыстарын) пайдаланатын табиғи монополия субъектiсiнiң дауыс беретiн акцияларының (үлестерiнiң) 25 проценттен астамын иеленуiне (немесе өзгедей түрде бақылау жасауына) тыйым салынады. 3. Табиғи монополия субъектiсiнiң қызметтерiн тұтынушының өтiнiшi бойынша уәкiлеттi орган, егер бұл тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) төмендеуiне әкеп соғатын болса, осы бапта белгiленген шектеулердiң күшiн жоюға хақылы. ҚР 26.12.02 ж. N 364-II Заңымен (бұр. ред. қара) 12-бап жаңа редакцияда 12-бап. Уәкiлеттi орган Уәкiлеттi органның қызметiн ұйымдастыру тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi. ҚР 26.12.02 ж. N 364-II Заңымен (бұр. ред. қара) 13-бап өзгертілді 13-бап. Уәкiлеттi органның мiндеттерi Уәкiлеттi орган мынадай мiндеттердi атқарады: 1) Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң мемлекеттiк тiркелiмiн құрады және жүргiзедi, олардың iс-әрекетiн мемлекеттiк реттеу мен бақылауды жүзеге асырады; 2) өз құзыретi шегiнде осы Заңның және Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар субъектiлерiнiң қызметiн реттейтiн өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнiң сақталуын бақылауды жүзеге асырады және жолсыздықтарды анықтау мен жою жөнiнде шаралар қолданады; 3) табиғи монополиялар туралы заңдарды жетiлдiру жөнiнде белгiленген тәртiппен ұсыныстар енгiзедi; 4) табиғи монополия аясында тарифтер (бағалар, алымдар ставкаларын) белгiлеудiң кемсiтпейтiн әдiстемелерiн әзiрлейдi, бекiтедi және қолданады; 5) Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңдарын қолдану практикасын жинақтайды, соның негiзiнде әдiстемелiк ұсынымдар шығарады. ҚР 29.03.00 ж. N 42-II; 26.12.02 ж. N 364-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 14-бап өзгертілді 14-бап. Уәкiлеттi органның құқықтары 1. Уәкiлеттi орган: 1) табиғи монополия аясында iс-әрекеттi жүзеге асыратын субъектiлердi Мемлекеттiк тiркелiмге кiргiзу туралы не одан шығару туралы шешiмдер қабылдауға; 2) осы Заңға және өзге де заң актiлерiне сәйкес табиғи монополиялар субъектiлерiнiң қызметiн реттейтiн шешiмдер қабылдауға; 3) мемлекеттiк реттеудi енгiзу, өзгерту немесе тоқтату туралы табиғи монополиялар субъектiлерi үшiн мiндеттi шешiмдер қабылдауға; 4) өз құзыретi шегiнде табиғи монополиялар аясында осы Заңды бұзу фактiлерi бойынша жолсыздықтарды тыю мен олардың салдарларын жою туралы шешiмдер қабылдауға; 5) табиғи монополия субъектiлерiне Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген жағдайларда, табиғи монополия субъектiлерiнiң көрсететiн қызметтерiне тұтынушылармен шарттар жасасу туралы, жасалған шарттарға өзгерiстер енгiзу туралы орындалуға мiндеттi нұсқамалар енгiзуге; 6) табиғи монополия субъектiсiне технологиялық жағынан байланысты, табиғи монополиялар болып табылмайтын өндiрiстердi иелiктен айыру туралы орындалуы мiндеттi нұсқамалар енгiзуге; 7) осы Заң бұзылған жағдайларда сотқа жүгiнуге; 8) Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып, жеке және заңды тұлғалардан, оның iшiнде мемлекеттiк органдардан, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарынан, сондай-ақ олардың лауазымды адамдарынан өз өкiлеттiгiн жүзеге асыру үшiн қажеттi ақпаратты сұратуға және алуға; 9) өз бастамасымен, бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлары мен өздерiнiң қолында бар өзге де материалдардың негiзiнде, мемлекеттiк органдардың, заңды тұлғалардың, азаматтардың, мүдделi адамдардың жазбаша арыздары мен хабарларының және табиғи монополия субъектiлерi өтiнiштерiнiң негiзiнде Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңды тұрғысынан әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға; 9-1) табиғи монополия субъектiлерiнiң тұтынушылармен жасасатын үлгi шарттарын әзiрлеуге және оларды Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бекiтуiне ұсынуға; 9-2) табиғи монополия субъектiлерiнiң қызметтерiне тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) өзгертуге бастамашылық жасауға; 9-3) табиғи монополия субъектiсi жүргiзетiн сатып алуларға Қазақстан Республикасы заңдарында белгiленген тәртiппен бақылауды жүзеге асыруға; 9-4) Табиғи монополия субъектiлерi мемлекеттiк тiркелiмiнiң жергiлiктi бөлiмдерiне енгiзiлген табиғи монополия субъектiлерiнiң тарифтерiн (бағаларды, алымдар ставкаларын) өзгертуге өтiнiмдердi қарау кезiнде жария тыңдаулар өткiзуге; 9-5) табиғи монополия субъектiсiнiң тарифтiк сметаны орындауын бақылауды жүзеге асыруға; 9-6) табиғи монополия субъектiсiнiң қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) қолданылу мерзiмдерiн кемiнде алты айға белгiлеуге; 10) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыруға хақылы. 2. Уәкiлеттi орган мемлекеттiк, коммерциялық және қызметтiк құпия болып табылатын мәлiметтердiң жария етiлгенi үшiн заңдарда белгiленген тәртiппен жауап бередi. ҚР 26.12.02 ж. N 364-II Заңымен 14-1-баппен толықтырылды 14-1-бап. Уәкiлеттi органның мiндеттерi Уәкiлеттi орган: 1) табиғи монополия субъектiсiнiң тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) заңсыз арттыруынан және (немесе) iс жүзiнде орындалмаған жұмыстардың құнын тарифке (бағаға, алым ставкасына) енгiзуiнен келтiрген шығындарды тұтынушыларға өтеу үшiн уақытша өтемдiк тарифтi бекiту туралы шешiм қабылдауға; 2) табиғи монополия субъектiсiнiң тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) бекiтуге немесе өзгертуге өтiнiмiн қарауға қабылдаудан бас тартуын жазбаша негiздеуге; 3) табиғи монополия субъектiлерi мемлекеттiк тiркелiмiнiң жергiлiктi бөлiмдерiне енгiзiлген табиғи монополия субъектiлерiнiң тарифтерiн (бағаларды, алымдар ставкаларын) бекiтуге немесе өзгертуге өтiнiмдi қарау кезiнде тұтынушылардың немесе табиғи монополия субъектiсiнiң жазбаша өтiнiшi бойынша жария тыңдауларды өткiзу қажеттiгiн белгiлеуге; 4) тұтынушыларды коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтерi барынан басқа, табиғи монополия субъектiлерiнiң қызметiн реттеу мәселелерi бойынша қабылданған шешiмдермен таныстыруға; 5) Табиғи монополия субъектiлерi мемлекеттік тiркелiмiнiң республикалық бөлiмiне енгiзiлген табиғи монополия субъектiлерiнiң тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) өзгертуге өтiнiмдерiн қарау кезiнде жария тыңдауды өткiзуге; 6) тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) уақытша төмендету коэффициентiнiң жобаларын берудiң тәртiбiн белгiлеуге мiндеттi. ҚР 26.12.02 ж. N 364-II Заңымен (бұр. ред. қара) 15-бап жаңа редакцияда 15-бап. Табиғи монополия субъектiсiнiң қызметiн мемлекеттiк реттеу 1. Табиғи монополия субъектiсiнiң қызметiн мемлекеттiк реттеу: 1) тарифтi (бағаны, алымдар ставкасын) бекiтумен; 2) тарифтiк сметаны бекiтумен; 3) уақытша төмендету коэффициентiн белгiлеумен; 4) шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртiбiмен жүзеге асырылады. 2. Өндірістің құрамдастырылған үлгiсiндегi станцияларда жылу энергиясын өндiретiн табиғи монополия субъектiсiнiң қызметiн мемлекеттiк реттеу жылу және электр энергиясын шығарудың технологиялық режимiнiң ерекшелiктерi ескерiле отырып, кешендi тәсiл және бәсекелес рынокта электр энергиясына бағаларды қалыптастыру негiзiнде жүзеге асырылады. ҚР 26.12.02 ж. N 364-II Заңымен 15-1-баппен толықтырылды 15-1-бап. Табиғи монополия субъектiсi қызметтерiне тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) қалыптастырудың тәртiбi 1. Табиғи монополия субъектiсiнiң қызметтерiне уәкiлеттi орган бекiтетiн тарифтер (бағалар, алымдар ставкалары) қызметтердi ұсыну (тауар өндiру, жұмыстар) үшiн қажеттi шығын құнынан төмен болмауға және табиғи монополия субъектiсiнiң тиiмдi жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн пайда табу мүмкiндiгiн ескеруге тиiс. 2. Уәкiлеттi орган тарифтi (бағаны, алым ставкасын) бекiткен кезде шығындарды қалыптастырудың мынадай ережелердi: 1) тарифке (бағаға, алым ставкасына) енгiзiлетiн шығындарды реттеудi; 2) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бекiтiлген нормативтер шегiнде табиғи монополия субъектiсi шығыстарының баптарын шектеудi; 3) тарифтi (бағаны, алым ставкаларын) қалыптастыру кезiнде ескерiлмейтiн шығыстар тiзбесiн белгiлеудi; 4) тарифке (бағаға, алым ставкасына) енгiзiлетiн пайданы шектеудi; 5) негiзгi құралдардың тозуын есептеудiң қолданылатын әдiстерiн келiсудi; 6) негiзгi құралдарды қайта бағалауды және табиғи монополия субъектiсiнiң тарифтiк сметасында көзделген амортизациялық аударым қаражаттарын пайдалану бағыттарын келiсудi көздейтiн ерекше тәртiбiн қолданады. Шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртiбiн уәкiлеттi орган бекiтедi. 3. Табиғи монополия субъектiсi қызметтерiнiң тарифiне (бағаға, алым ставкасына) есептеу аспаптарын сатып алуға және орнатуға жұмсалатын шығындар енгiзiледi.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |