|
|
|
АҚТҚ инфекциясының және ЖҚТБ-ның алдын алу мен емдеу туралы (2007.15.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР 2009 жылғы 18 қыркүйектегі № 193-IV Кодексімен күші жойылды
2006.07.07. № 172-III ҚР Заңымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2004.12.20. № 13-III ҚР Заңымен (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара) 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар: Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады: 1) жасырын тексеру - адамның жеке басын анықтамай, АҚТҚ жұқтыруын медициналық тексеру; 2006.07.07. № 172-III ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды 1-1) ЖҚТБ-мен ауыратын науқас - жұқтырылған қорғаныш тапшылығы салдарынан осы аурудың органдар мен жүйелерді жаппай зақымдай отырып өлімге апаратын үдемелі дамуымен сипатталатын АҚТҚ инфекциясының терминалды сатысындағы адам; 2) АҚТҚ - адамның қорғаныш тапшылығының қоздырғышы; 3) АҚТҚ инфекциясы - АҚТҚ-дан туындаған ауру; 4) АҚТҚ инфекциясын жұқтырушы - АҚТҚ жұқтырған адам; 2006.07.07. № 172-III ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды 4-1) диспансерлеу - денсаулық сақтау ұйымдарында АҚТҚ жұқтырған адамның және ЖҚТБ-мен ауыратын науқастың денсаулық жағдайын байқау және оған емдеу-алдын алу көмегін көрсету; 2006.07.07. № 172-III ҚР Заңымен 4-2) тармақшамен толықтырылды 4-2) құпия медициналық куәландыру - тексерілетін адамның жеке басы мен куәландыру нәтижелерінің дәрігерлік құпиясын медициналық қызметкердің сақтауына негізделген, адамның АҚТҚ жұқтыруына тексеру жүргізу; 2006.07.07. № 172-III ҚР Заңымен 4-3) тармақшамен толықтырылды 4-3) медициналық куәландыру - адамның АҚТҚ жұқтыруына медициналық тексеру жүргізу; 2006.07.07. № 172-III ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 5) ЖҚТБ-ның алдын алу мен емдеудi жүзеге асыратын ұйымдар негiзгi қызметi халыққа медициналық көмек пен медициналық қызмет көрсету болып табылатын денсаулық сақтау ұйымдары; 6) ЖҚТБ-ның алдын алу мен емдеу жөніндегі iс-шаралар ұйымдастыруды жүзеге асыратын органдар - өз құзыретіндегі мәселелер бойынша ЖҚТБ-ның алдын алу жөніндегі мемлекеттік, салалық және өңiрлiк бағдарламаларды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы органдары; 7) ЖҚТБ - жұқтырылған қорғаныш тапшылығы белгiсi - адамның қорғаныш жүйесiнiң АҚТҚ-дан қатты зақымдануынан болған патологиялық белгiлер байқалатын АҚТҚ инфекциясының соңғы сатысы; 2006.07.07. № 172-III ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 8) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - азаматтардың денсаулығын сақтау, медициналық және фармацевтикалық ғылым, медициналық және фармацевтикалық білім беру, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы, дәрілік заттар айналымы, медициналық қызметтер көрсету сапасына бақылау жасау саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган. 2006.07.07. № 172-III ҚР Заңымен 1-1-баппен толықтырылды 1-1-бап. Қазақстан Республикасының АҚТҚ инфекциясының және ЖҚТБ-ның алдын алу мен емдеу туралы заңнамасы 1. Қазақстан Республикасының АҚТҚ инфекциясының және ЖҚТБ-ның алдын алу мен емдеу туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
2006.07.07. № 172-III ҚР Заңымен 1-2-баппен толықтырылды 1-2-бап. АҚТҚ инфекциясының және ЖҚТБ-ның алдын алу мен емдеу саласындағы мемлекеттік реттеу АҚТҚ инфекциясының және ЖҚТБ-ның алдын алу мен емдеу саласындағы мемлекеттік реттеуді Қазақстан Республикасының Үкіметі, уәкілетті орган, өзге де орталық және жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шегінде жүзеге асырады.
2-бап. 2004.12.20. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
2004.12.20. № 13-III ҚР Заңымен 2-1-баппен толықтырылды (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi); 2006.07.07. № 172-III ҚР Заңымен 2-1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара) 2-1-бап. Қазақстан Республикасы Yкіметінiң құзыретi Қазақстан Республикасының Үкіметі: 1) АҚТҚ инфекциясының және ЖҚТБ-ның алдын алу мен емдеу саласындағы мемлекеттік саясаттың негiзгi бағыттарын айқындайды; 2) АҚТҚ инфекциясының және ЖҚТБ-ның алдын алу мен емдеу саласындағы бағдарламаларды бекiтедi; 3) орталық атқарушы органдардың АҚТҚ инфекциясының және ЖҚТБ-ның алдын алу мен емдеу мәселелерi бойынша қызметiн үйлестiрудi жүзеге асырады. 2004.12.20. № 13-III ҚР Заңымен 2-2-баппен толықтырылды (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) 2-2-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi Уәкiлеттi орган: 2006.07.07. № 172-III ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 1) АҚТҚ инфекциясының және ЖҚТБ-ның алдын алу мен емдеу саласында бiрыңғай мемлекеттік саясатты жүргiзедi; 2) Қазақстан Республикасының Үкіметіне республикада ЖҚТБ iндетi таралуынан сақтандыру жөніндегі ұсыныстар енгiзедi; 2006.07.07. № 172-III ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 3) АҚТҚ инфекциясының және ЖҚТБ-ның алдын алу мен емдеу саласында нормативтiк құқықтық актiлер әзiрлейдi және бекiтедi; 2006.07.07. № 172-III ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 4) АҚТҚ инфекциясының және ЖҚТБ-ның алдын алу мен емдеу бойынша мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметiн үйлестiредi; 5) салааралық үйлестiрудi, сондай-ақ мемлекеттік және салалық бағдарламаларды iске асыру бойынша қоғамдық және халықаралық ұйымдармен өзара ic-қимылды жүзеге асырады; 2006.07.07. № 172-III ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 6) АҚТҚ инфекциясын тiркеу, АҚТҚ инфекциясының және ЖҚТБ-ның алдын алу мен емдеу мәселелерi бойынша есепке алудың, есептiлiктiң тәртібін және құжаттама нысандарын айқындайды; 7) ЖҚТБ-ға қарсы күрес саласындағы мемлекеттік және салалық бағдарламаларды iске асыру мониторингiн ұйымдастырады; 8) АҚТҚ инфекциясының және ЖҚТБ-ның алдын алу мен емдеу жөніндегі Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген талаптардың орындалуына бақылауды жүзеге асырады; 9) AҚTҚ инфекциясын эпидемиологиялық қадағалауды және алдын алу мен емдеу iс-шараларының мониторингiн жүзеге асырады; 2006.07.07. № 172-III ҚР Заңымен 10) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 10) АҚТҚ жұқтырғандарға және ЖҚТБ-мен ауыратын науқастарға тегін медициналық және дәрі-дәрмектік көмек көрсету, сондай-ақ жасырын тексеру мен құпия медициналық куәландыру тәртібін белгілейді. 2004.12.20. № 13-III ҚР Заңымен 2-3-баппен толықтырылды (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) 2-3-бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдарының құзыретi 1. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi органдары: 1) АҚТҚ инфекциясының және ЖҚТБ-ның алдын алу мен емдеу саласындағы өңiрлiк бағдарламаларды бекiтедi; 2) АҚТҚ инфекциясының және ЖҚТБ-ның алдын алу мен емдеу саласындағы жұмыстың жай-күйi туралы жергiлiктi атқарушы органдар мен ұйымдардың ақпаратын тыңдайды. 2. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары: 1) АҚТҚ инфекциясының және ЖҚТБ-ның алдын алу мен емдеу саласындағы өңiрлiк бағдарламаларды әзiрлейдi; 2006.07.07. № 172-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 2) АҚТҚ инфекциясының және ЖҚТБ-ның алдын алу мен емдеу саласындағы мемлекеттік саясатты iске асырады; 2006.07.07. № 172-III ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 3) өңiрде АҚТҚ инфекциясының және ЖҚТБ-ның алдын алу мен емдеудi қамтамасыз ету жөнiнде шешiмдер қабылдайды; 4) өңiрлiк бағдарламаларды iске асыру мониторингiн ұйымдастырады; 5) салааралық үйлестiрудi, сондай-ақ өңiрлiк бағдарламаларды iске асыру бойынша қоғамдық және халықаралық ұйымдармен өзара iс-қимылды жүзеге асырады; 6) мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың АҚТҚ инфекциясының және ЖҚТБ-ның алдын алу мен емдеу саласындағы өзара iс-қимылын қамтамасыз етедi.
2006.07.07. № 172-III ҚР Заңымен 2-4-баппен толықтырылды 2-4-бап. АҚТҚ инфекциясының және ЖҚТБ-ның алдын алу мен емдеу мәселелеріндегі мемлекет кепілдіктерi Мемлекет: 1) тегін негізде жасырын тексерудің, ерікті, құпия медициналық куәландырудың қолжетімділігі мен сапасына, АҚТҚ жұқтырғандарды және ЖҚТБ-мен ауыратын науқастарды диспансерлеуді, психологиялық-әлеуметтік, заңдық және медициналық консультациялар беруді қамтамасыз етуге; 2) ЖҚТБ-ның алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталықтар мен денсаулық сақтау ұйымдарында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шегінде АҚТҚ жұқтырғандарға және ЖҚТБ-мен ауыратын науқастарға тегін медициналық және дәрі-дәрмектік көмек көрсетуге; 3) АҚТҚ жұқтырғандар мен ЖҚТБ-мен ауыратын науқастарды әлеуметтік және құқықтық қорғауға; 4) АҚТҚ жұқтырғандар мен ЖҚТБ-мен ауыратын науқастарды ауруының сипатына байланысты қандай да бір кемсітушілік нысандарына жол бермеуге; 5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шегінде АҚТҚ инфекциясы мен ЖҚТБ кезінде қоздырғыштарға қарсы тегін әрі арнайы емдеуге; 6) AҚTҚ инфекциясының анадан ұрыққа берілу қаупін азайту жөніндегі алдын алу іс-шараларын жүзеге асыруға; 7) АҚТҚ инфекциясы проблемалары жөніндегі ғылыми зерттеулерді дамытуға, АҚТҚ инфекциясының таралуының алдын алу жөніндегі шараларды іске асыру үшін мамандар даярлауға; 8) АҚТҚ инфекциясы таралуының алдын алудың халықаралық бағдарламалары шеңберінде халықаралық ынтымақтастықты дамытуға және ұдайы ақпарат алмасып отыруға кепілдік береді.
2006.07.07. № 172-III ҚР Заңымен 2-5-баппен толықтырылды 2-5-бап. АҚТҚ инфекциясының алдын алу жөніндегі іс-шаралар 1. Қазақстан Республикасында АҚТҚ инфекциясының алдын алу жөніндегі іс-шаралар осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген негізде және тәртіппен жүргізіледі. 2. АҚТҚ инфекциясының алдын алу жөніндегі іс-шаралар мынадай принциптермен жүзеге асырылады: 1) АҚТҚ жұқтырғандарға денсаулық сақтау ұйымдарында берілетін медициналық көмектің қолжетімділігі; 2) АҚТҚ инфекциясының алдын алуға қатысты ақпараттың қолжетімділігі; 3) ведомствоаралық (сектораралық) өзара іс-қимыл; 4) халықтың арасында АҚТҚ инфекциясының алдын алу мақсатында қоғамдық ұйымдарды тарту. 3. АҚТҚ инфекциясының алдын алу жөніндегі іс-шаралар: 1) халықтың әртүрлі топтарына арналған нысаналы алдын алу және білім беру бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру; 2) халықты бұқаралық ақпарат құралдары арқылы АҚТҚ инфекциясы бойынша эпидемиялық ахуал және оның алдын алу шаралары туралы хабардар ету; 3) халықтың әр түрлі топтары үшін ақпараттық материалдар әзірлеу және тарату; 4) АҚТҚ инфекциясының жыныстық қатынас пен қан арқылы жұғуынан қорғау жөніндегі бағдарламаларды іске асыру; 5) сенім, жасырын тестілеу, психологиялық, заңдық және медициналық консультациялар беру пункттерін ашу; 6) халыққа тері қабаттары бүтіндігінің бұзылуына байланысты қызметтер көрсету кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолымен жүзеге асырылады.
3-бап. ЖҚТБ-ның алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталықтар ЖҚТБ-ның алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі республикалық, облыстық, қалалық орталықтар ЖҚТБ ауруын уақтылы анықтауға, емдеуге және оның таралуының алдын ала сақтандыруға бағытталған емдеу-анықтау, алдын алу, iндетке қарсы шаралар кешенiн орындайтын ерекше үлгiдегi мамандандырылған емдеу-алдын алу мекемелерi болып табылады.
2004.12.20. № 13-III ҚР Заңымен 3-1-баппен толықтырылды (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) 3-1-бап. ЖҚТБ-ның алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі республикалық орталықтың құзыретi ЖҚТБ-ның алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі республикалық орталық: 1) республикада АҚТҚ инфекциясын эпидемиологиялық қадағалауды және алдын алу iс-шараларын жүзеге асырады; 2) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен нормативтiк құқықтық актiлердi, есепке алу мен есептiлiк нысандарын әзiрлеуге қатысады; 3) ЖҚТБ-ның алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталықтардың қызметiн үйлестiрудi жүзеге асырады; 4) бағдарламаларды iске асыру бойынша қоғамдық және халықаралық ұйымдармен өзара iс-қимылды ұйымдастырады; 2006.07.07. № 172-III ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 5) ЖҚТБ-ның алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі өңiрлiк орталықтарға, республикалық денсаулық сақтау ұйымдарына АҚТҚ инфекциясының және ЖҚТБ-ның алдын алу мен емдеудi ұйымдастыруға қатысты өз құзыретiне жататын мәселелер бойынша әдiстемелiк және практикалық көмек көрсетедi; 6) АҚТҚ инфекциясының және ЖҚТБ-ның алдын алу мен емдеу саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргiзедi; 7) АҚТҚ инфекциясын зертханалық зерттеулердiң сапасын тексерудi жүзеге асырады; 8) дәрiгерлердi, орта медицина қызметкерлерiн мамандандыру мен олардың біліктiлiгiн арттыруды жүзеге асыруға қатысады; 9) АҚТҚ инфекциясы мен ЖҚТБ-ға ұқсас инфекцияларды зертханалық зерттеулердi жүзеге асырады. 2004.12.20. № 13-III ҚР Заңымен 3-2-баппен толықтырылды (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) 3-2-бап. ЖҚТБ-ның алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі өңiрлiк орталықтардың құзыретi ЖҚТБ-ның алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі өңiрлiк орталықтар: 1) халықтың түрлi топтары үшiн алдын алу жұмыстарын ұйымдастырады және жүргiзедi; 2) АҚТҚ-ны жұқтырған адамдарға, ЖҚТБ-мен ауыратын науқастарға, халықтың түрлi топтарына медициналық, консультациялық көмек көрсетедi; 3) мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарға ЖҚТБ-ның алдын алу мәселелерi бойынша әдiстемелiк және практикалық көмек көрсетедi; 4) АҚТҚ инфекциясын диагноз қоюды, иммунологиялық, басқа да зертханалық зерттеу түрлерiн жүзеге асырады; 5) ЖҚТБ iндетiнiң алдын алу жөніндегі өңiрлiк бағдарламаларды әзiрлеуге қатысады; 6) өңiрлiк бағдарламаларды iске асыру мониторингiн жүргiзедi; 7) өңiрде АҚТҚ инфекциясын эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асырады; 8) халық арасында ЖҚТБ-ның алдын алу жөніндегі санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргiзудi жүзеге асырады. 2004.12.20. № 13-III ҚР Заңымен 4-бап өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара) 4-бап. ЖҚТБ-ның алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі шараларды қаржыландыру ЖҚТБ-ның алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі шараларды қаржыландыру бюджет қаражаты, сондай-ақ меншiк нысандарына қарамастан кәсiпорындардың, ұйымдар мен мекемелердiң, қоғамдық бiрлестiктер мен азаматтардың ерiктi жарналары, қайырмалдық қаржылар, қайырымдылық көмектер, сондай-ақ халықаралық қорлар қаражаттары есебiнен жүзеге асырылады. 2006.07.07. № 172-III ҚР Заңымен 5-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 5-бап. Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың медициналық куәландырудан өту құқығы 2007.26.03. № 240-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 1. Қазақстан Республикасы азаматтарының, Қазақстан Республикасының аумағында тұратын немесе онда жүрген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың денсаулық сақтау ұйымдарында тегін жасырын тексерілуге, ерікті, құпия медициналық куәландырудан өтуге және АҚТҚ жұқтыру мәселелері бойынша консультация алуға құқығы бар. Қазақстан Республикасы әділет органдарының қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде ұсталатын азаматтар АҚТҚ инфекциясына арналған міндетті құпия медициналық куәландырудан өтуге тиіс. 2. Он сегіз жасқа дейінгі балалар мен әрекет қабілеті жоқ адамдарды куәландыру олардың заңды өкілдерінің келісімімен немесе олардың қалауы бойынша жүргізіледі. 3. Медициналық куәландырудан өткен адамның өз қалауы бойынша сол немесе басқа денсаулық сақтау ұйымында қайта медициналық куәландырудан өтуге құқығы бар. 4. Медициналық куәландыру кезінде АҚТҚ жұқтырған адамды анықтаған денсаулық сақтау ұйымдары оған тексеру нәтижелері туралы жазбаша түрде хабар беріп, өз денсаулығын және айналасындағылардың денсаулығын сақтауға бағытталған сақтық шараларын орындау қажеттілігі туралы ұғындырады, сондай-ақ емделуден жалтарып, басқа адамдарға жұқтырғаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілігі туралы ескертеді. 5. AҚTҚ жұқтырғандар мен ЖҚТБ-мен ауыратын науқастардың диагностикасына, оларды емдеуге, зертханалық зерттеу нәтижелеріне қатысты мәліметтер құпия болып табылады және тек тікелей бұл мәліметтердің қатысы бар адамға, оның заңды өкіліне немесе денсаулық сақтау, прокуратура, алдын ала тергеу, анықтау және сот органдарының сұрауы бойынша ғана берілуі мүмкін.
2006.07.07. № 172-III ҚР Заңымен 6-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 6-бап. Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың медициналық куәландырудан өту жөніндегі міндеттерi 1. Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар олар AҚTҚ жұқтырған болуы мүмкін деген жеткілікті негіздер болған ретте денсаулық сақтау, прокуратура, тергеу мен сот органдарының сұрауы бойынша медициналық куәландырудан өтуге міндетті. Куәландырудан өтуден немесе алдын алу бақылауынан жалтарған Қазақстан Республикасының аумағында тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге аластатылады. Қазақстан Республикасының аумағында дипломатиялық артықшылықтар мен иммунитетті пайдаланатын шет мемлекеттердің дипломатиялық, өкілдік және консулдық мекемелерінің қызметкерлері мен өзге де адамдары куәландырудан тек өздерінің келісімдерімен ғана өтеді. Оларды куәландырудан өткізу қажеттігі туралы ұсынысты уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігімен алдын ала келіседі. 2. Қан және оның компоненттерінің, тіндер мен органдардың донорлары міндетті түрде медициналық куәландыруға жатады.
1999.11.16. № 477-I ; 2006.07.07. № 172-III ҚР Заңдарымен 7-бап өзгертілді (бұр.ред.қара) 7-бап. Адамның қорғаныш тапшылығы қоздырғышын жұқтырған адамдарды әлеуметтiк қорғау 1. Адамның қорғаныш тапшылығы қоздырғышын жұқтырып алған жағдайда Қазақстан Республикасының азаматтары мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында тегiн дәрi-дәрмекпен қамтамасыз етiлуге, амбулаторияда және тұрақты көмек алуға әрi емдеу орнына барып, қайтуымен байланысты шығындарды тұрғылықты жерi бойынша денсаулық сақтау ұйымдары есебiнен өтеуге құқығы бар. 2. 2007.15.05. № 253-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 3. Адамның қорғаныш тапшылығы қоздырғышын жұқтырған немесе ЖҚТБ-мен ауырған балалар мен жеткiншектердiң мектепте және басқа оқу орындарында оқуы қамтамасыз етiледi. 2007.15.05. № 253-III ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 4. Адамның қорғаныш тапшылығы қоздырғышын жұқтырған немесе ЖҚТБ-мен ауыратын адамдармен еңбек шартын тоқтатуға және оны жасасудан, мектеп жасына дейінгі балалар мекемелеріне және оқу орындарына қабылдаудан бас тартуға, сондай-ақ олардың өзге де құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келтіруге, сол сияқты олардың туысқандары мен жақындарының тұрғын үй және өзге де құқықтарына қысым жасауға жол берілмейді. 8-бап. 2006.07.07. № 172-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
9-бап. 2006.07.07. № 172-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
10-бап. 2006.07.07. № 172-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2006.07.07. № 172-III ҚР Заңымен 11-бап өзгертілді (бұр.ред.қара) 11-бап. Дәрiгерлiк құпияны сақтау АҚТҚ жұқтырған және ЖҚТБ-мен ауырған адамдар туралы мәлiметтердi өздерiнiң қызмет мiндеттерiн орындаумен байланысты бiлетiн медицина қызметкерлерi мен басқа да адамдар заңмен қорғалатын осы мәлiметтердi құпия сақтауға мiндеттi. 2006.07.07. № 172-III ҚР Заңымен 12-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 12-бап. Еңбек қызметі АҚТҚ жұқтыру қаупімен байланысты адамдар 1. АҚТҚ жұқтырылған материалмен жұмыс істейтін денсаулық сақтау ұйымдарының медицина және фармацевтика қызметкерлерінің қызметтік және кәсіби міндеттерін орындау кезінде АҚТҚ жұқтыруы кәсіби ауруларға жатады. 2007.15.05. № 253-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 2. Осы баптың 1-тармағында тізілген адамдарға кәсіби ауруына байланысты жұмысқа уақытша жарамсыздығы кезеңіне Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес әлеуметтік жәрдемақы тағайындалады.
2006.07.07. № 172-III (бұр.ред.қара); 2007.15.05. № 253-III (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 13-бап өзгертілді 13-бап. Адамның қорғаныш тапшылығы қоздырғышын кәсiби жұқтырған және ЖҚТБ-мен ауырған жағдайда медициналық және басқа қызметкерлердi сақтандыру Қызмет мiндеттерiн атқару ЖҚТБ-мен кәсiби ауруға шалықтыруы мүмкiн медициналық және басқа да қызметкерлер мiндеттi мемлекеттік сақтандыруға жатады. Медицина қызметкерлерi мен тұрмыстық қызмет көрсету саласы қызметкерлерiнiң өз мiндеттерiн тиiсiнше атқармауы салдарынан адамның қорғаныш тапшылығы қоздырғышын жұқтырған немесе ЖҚТБ-мен ауырған адамдардың да өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтету құқығы бар. 2006.07.07. № 172-III ҚР Заңымен 14-бап өзгертілді (бұр.ред.қара) 14-бап. ЖҚТБ ауруының алдын алу және емдеумен айналысатын медицина қызметкерлерiнiң жеңiлдiктерi ЖҚТБ-ның алдын алу, емдеу-анықтау және ғылыми-зерттеу жұмысымен тiкелей айналысатын ЖҚТБ-ның алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталықтар, басқа да денсаулық сақтау мекемелерi мен ведомстволары, медицина және ғылыми-зерттеу институттары медицина қызметкерлерiнiң, қызметшiлерi мен техник қызметкерлерiнiң қысқартылған алты сағаттық жұмыс күнiне, ұзақтығы күнтізбелік жиырма төрт жұмыс күн төленетiн қосымша демалысқа, кәсiби зияндылық үшiн белгiленген жалақының 60 процентi мөлшерiнде қосымша еңбекақы алуға құқығы бар.
2006.07.07. № 172-III ҚР Заңымен 15-баппен толықтырылды 15-бап. АҚТҚ жұқтырғандардың және ЖҚТБ-мен ауыратындардың құқықтары мен міндеттерi 1. АҚТҚ жұқтырғандардың және ЖҚТБ-мен ауыратындардың: 1) Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы ратификациялаған тиісті халықаралық шарттарда көзделген Қазақстан Республикасы азаматтарының барлық құқықтарын пайдалануға; 2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шегінде диспансерленуге және тегін емделуге құқығы бар. 2. АҚТҚ жұқтырғандар мен ЖҚТБ-мен ауыратындар өз денсаулығын және айналасындағылардың денсаулығын сақтау жөнінде сақтық шараларын орындауға міндетті. АҚТҚ жұқтырғандарға қан және оның компоненттерінің, тіндер мен органдардың донорлары болуға тыйым салынады.
2006.07.07. № 172-III ҚР Заңымен 16-баппен толықтырылды 16-бап. Қазақстан Республикасының АҚТҚ инфекциясының және ЖҚТБ-ның алдын алу мен емдеу туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық Қазақстан Республикасының АҚТҚ инфекциясының және ЖҚТБ-ның алдын алу мен емдеу туралы заңнамасын бұзушылық Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.
Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |