Бухгалтерлiк есепке алу стандарттарын бекіту туралы Қазақстан (ҚР Қаржы министрлігінің 28.08.02 ж. № 390; 17.01.03 ж. № 14; 28.01.03 ж. № 27 бұйрықтарымен енгізілген өзгерістерімен)
ҚР Қаржы министрінің 2007 жылғы 21 маусымдағы № 217 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Президентінің "Бухгалтерлiк есепке алу туралы" 1995 жылғы 25 желтоқсандағы № 2732 Заң күшi бар Жарлығына сәйкес, Қазақстан Республикасының Бухгалтерлiк есеп жөніндегі ұлттық комиссиясы қаулы етедi: 1. Қоса тiркелiп отырған Қазақстан Республикасының субъектiлерi үшiн бухгалтерлiк есепке алу стандарттары (БЕС) бекітілсiн. (Қазақстан Республикасы Президентінің "Бухгалтерлiк есепке алу туралы" 26.12.95 ж. № 2732 Заң күшi бар Жарлығы 1-бабының 1-тармағына сәйкес): БЕС 1 "Есеп жүргiзу саясаты және оның ашылымы"; БЕС 2 "Бухгалтерлiк баланс және қаржы есептеріндегі негiзгi ашылымдар"; БЕС 3 "Қаржы-шаруашылық қызметiнiң нәтижелерi туралы есеп"; БЕС 4 "Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп"; БЕС 5 "Табыс"; БЕС 6 "Негiзгi қорларды есепке алу"; БЕС 7 "Тауар-материалдық қорларды есепке алу"; БЕС 8 "Қаржы инвестицияларын есепке алу"; БЕС 9 "Шетелдiк валютамен жасалатын операцияларды есепке алу"; БЕС 10 "Байланысты тараптар туралы ақпараттың ашылымы"; БЕС 11 "Табыс салығы бойынша есепке алу"; БЕС 12 "Күрделi құрылысқа арналған мердiгерлiк келісімдер". II. Осы бухгалтерлiк есепке алу стандарттары 1997 жылғы 1 қаңтардан бастап енгiзiлсiн. III. Қазақстан Республикасының Бухгалтерлiк есепке алу жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесi Л.Ж. Айтхожина бекітілген бухгалтерлiк есепке алу стандарттарының 1996 жылғы 20 қарашаға дейiн Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде тiркелуiн қамтамасыз етсiн. IV. Қазақстан Республикасының Бухгалтерлiк есеп жөніндегі Ұлттық комиссиясының мүшесi Н.М.Чернова бухгалтерлiк есепке алу стандарттарының баспасөзде жариялануы жөніндегі ұсынысты 1996 жылғы 1 желтоқсанға дейiн табыс етедi. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|