ҚР Қаржы министрінің 2007.21.06. № 217 Бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Бухгалтерлiк есеп жөніндегі Ұлттық комиссиясының 1996 жылғы 13 қарашадағы № 3 қаулысымен бекітілдi Бұрынғы редакцияларды қара Бухгалтерлiк есепке алудың 8 стандарты (ҚР Қаржы министрлігінің 28.01.03 ж. № 27 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен) Мақсаты мен қолданылу өрiсi 1. Осы стандарттың мақсаты қаржы инвестицияларын есепке алу және ұйымдардың қаржы есептемелеріндегі инвестициялар туралы ақпаратты ашып көрсету тәртібін айқындау болып табылады. ҚР Қаржы министрлігінің 28.01.03 ж. № 27 бұйрығымен 1-сілтеме алынып тасталды ҚР Қаржы министрлігінің 28.01.03 ж. № 27 бұйрығымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 2. Қаржы инвестицияларын есепке алу тәртібі мына мәселелердi қамтиды: 1) қаржы инвестицияларын санаттарға сыныптау (қысқа мерзiмдi және ұзақ мерзiмдi); 2) қаржы инвестицияларының құнын анықтау және қаржылық есептілігінде көрсету; 3) инвестицияларды санаттан санатқа аудару; 4) қаржы инвестициялары құнының сөзсiз төмендеуi. 3. Бұл стандарт мыналарды қарастырмайды: 1) инвестициялардан алынған сыйақылар, роялти, дивидендтер және жалақысы түріндегі табыстарды тану негiздерi; 2) еншiлес заңды тұлғаларға салынған инвестициялар; 3) гудвилл, патенттер, сауда таңбалары және басқа да осындай активтер; 4) ұзақ мерзiмдi жалға беру; 5) зейнетақымен қамтамасыз ету бағдарламаларына және қызметкерлердiң өмiрiн сақтандыру жөніндегі ұйымдарға салынған инвестициялар. 4. Қаржы инвестициялары табыс табу (мәселен, сыйақылар, роялти, дивидендтер және жал ақысы), инвестицияланған капиталды арттыру немесе өзге де (мәселен, коммерциялық қатынастардың нәтижесiнде) пайда табу мақсатында ұйым ие болып отырған актив. Қаржы инвестицияларына сондай-ақ пайдаланылмай тұрған жылжымайтын мүлiкке салынған инвестиция да жатады. 5. Өткізу құны - актив айырбасталатын немесе мәмiледен хабардар және оны жасауға дайын тәуелсiз тараптар арасындағы мiндеттемеге төленетiн құн. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|