|
|
|
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Қаржы Бұрынғы редакцияларды қара Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында кадрлар даярлауды несиелендiру жөніндегі банк операцияларын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлiгінiң "Қаржы орталығы" мемлекеттік мекемесi (бұдан әрi - Қаржы орталығы) құрылсын. 2. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі: 1) Қаржы орталығының жарғысын бекiтсiн және оның әдiлет органдарында тiркелуiн қамтамасыз етсiн; 2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 3. Қаржы орталығын 2000 жылы қаржыландыру Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлiгіне 2000 жылға арналған республикалық бюджетте 9 "Жоғары оқу орындарында республикалық деңгейде кадрлар даярлау" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебiнен және шегiнде жүзеге асырылады деп белгiленсiн. 4. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі 2001 жылдан бастап Қаржы орталығын ұстауға арналған шығыстарды республикалық бюджеттiң тиiстi бағдарламасы бойынша көздесiн. 5. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 1) ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. № 1111 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара) 2) "2000 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 7 желтоқсандағы № 1872 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 53, 530-құжат): көрсетiлген қаулыға 1-қосымшада: IV "Шығыстар" бөлiмiнде: 4 "Білім беру" функцияналдық тобында: 6 "Жоғары білім" кіші функциясында: "225 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі" мемлекеттік әкiмшiсiнде: 9 "Жоғары оқу орындарында республикалық деңгейде кадрлар даярлау" бағдарламасында: мынадай мазмұндағы 38-кiшi бағдарламамен толықтырылсын: "38 Қаржы орталығы 2064"; 97 "Банк-агентке несиелендiру процесiне қызмет көрсеткенi үшiн комиссиялық сыйақы (мүдде) төлеу" кiшi бағдарламасындағы "2200" деген сан "136" деген санмен ауыстырылсын; көрсетiлген қаулыға 3-қосымшада: IV "Шығыстар" бөлiмiнде: 4 "Білім беру" функцияналдық тобында: 6 "Жоғары білiм" кiшi функциясында: "225 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі" мемлекеттік әкiмшiсiнде: 9 "Жоғары оқу орындарында республикалық деңгейде кадрлар даярлау" бағдарламасында: мынадай мазмұндағы 38-кiшi бағдарламамен толықтырылсын: "38 Қаржы орталығы Ұстау"; 3) ҚР Үкіметінің 24.06.04 ж. № 604 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара) 6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |