Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 68-бабын қолдану жөніндегі сот практикасы туралы (2023.16.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Жоғарғы Сотының 11.07.03 ж. № 6 нормативтік қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұрынғы ред. қара); ҚР Жоғарғы Сотының 2017.31.03. № 3 Нормативтік қаулысымен тақырыбындағы және бүкіл мәтін бойынша «67» деген цифрлар «68» деген цифрлармен ауыстырылды, бүкіл мәтін бойынша «КІЖК-нің», «КІЖК-ге», «ҚІЖК-не» деген сөздер тиісінше «КПК-нің», «ҚПК-ге», «ҚПК-не» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара)
ҚР Жоғарғы Сотының 11.07.03 ж. № 6 нормативтік қаулысымен (бұрынғы ред. қара); ҚР Жоғарғы Сотының 2017.31.03. № 3 Нормативтік қаулысымен (бұр.ред.қара) кіріспе өзгертілді Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамның жәбiрленушімен татуласуына байланысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі - ҚК-нің) 68-бабының негізiнде қылмыстық жауапкершiлiктен босату жөніндегi сот тәжiрибесiнiң қорытындыларын талқылап, соттардың аталған заңның нормаларын бiрыңғай қолдануы мақсатында төмендегiдей түсiндiрме беру жөнiнде қаулы етеді: ҚР Жоғарғы Сотының 11.07.03 ж. № 6 нормативтік қаулысымен (бұрынғы ред. қара); 2011.21.04. № 1 Нормативтік қаулысымен (бұр.ред.қара); ҚР Жоғарғы Сотының 2017.31.03. № 3 Нормативтік қаулысымен (бұр.ред.қара); 2020.11.12. № 6 Нормативтік қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді 1. Тараптарды татуластыру институтын дұрыс қолдану жәбірленушiнiң, арыз берушінің қылмыстық процестегі рөлi мен белсенділігін арттыруға, олардың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын тез қалпына келтiруге жәрдемдеседi, сонымен бiрге қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасаған, соңынан жәбiрленушiмен, арыз берушімен татуласу және зиянның есесiн толтыру түрiнде байқалатын оң тәртібімен танылған адамдарға адамгершiлiкпен қарауға бағытталған. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|