Акциялар эмиссиясын мемлекеттік тіркеу, мемлекеттік тіркелуге жатпайтын ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 04.07.03 ж. № 217 қаулысымен күші жойылды Қазақстан Республикасының эмиссиялық бағалы қағаздарының рыногын мемлекеттік реттеуді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Акциялар эмиссиясын мемлекеттік тіркеу, мемлекеттік тіркелуге жатпайтын акциялардың эмиссияларына ұлттық бірегейлендіру нөмірін беру, акцияларды шығару және орналастыру қорытындылары жөніндегі есепті қарау және акциялар эмиссиясын жою ережесі бекітілсін. 2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енеді. 3. Осы қаулы күшіне енген күннен бастап Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясының "Қазақстан Республикасында акциялар эмиссияларын мемлекеттік тіркеу, акциялар эмиссияларын жою және акциялар шығару және орналастыру қорытындылары жөніндегі есептерді бекіту тәртібі туралы ережені бекіту туралы" 1996 жылғы 29 қарашадағы № 141 қаулысының және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің банктердің бағалы қағаздарының эмиссия проспектілеріне және бағалы қағаздарды шығару және орналастыру қорытындылары жөніндегі есептерге сараптама жүргізуі туралы ережені бекіту жөнінде" 1997 жылғы 23 мамырдағы № 220 қаулысының күші жойылды деп танылсын. 4. Бағалы қағаздар нарығын реттеу департаменті (Шалғымбаева Г.Н.): 1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|