Ипотекалық ұйымдардың қаржылық есеп (2007.20.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2009 жылғы 25 мамырдағы № 49 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Ұлтық Банкі Басқармасының 2004.15.12. № 179 (бұр. ред. қара); 2006.12.08. № 79 (бұр. ред. қара); 2007.20.07. № 84 (бұр.ред.қара) қаулыларымен тақырыбы, кіріспе және 1-тармақ өзгертілді
Ипотекалық ұйымдардың қызметін реттейтін нормативтік құқықтық базаны жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді: 1. Ипотекалық ұйымдардың қаржылық есеп беру тізбесі, нысандары мен мерзімдері туралы нұсқаулық бекітілсін. 2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енеді. 3. Қаржылық қадағалау департаменті (Бахмутова Е.Л.): 1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркеуден өткізу шараларын қабылдасын; 2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне және аумақтық филиалдарына жіберсін. ҚР Ұлтық Банкі Басқармасының 2006.12.08. № 79 (бұр. ред. қара); 2007.20.07. № 84 (бұр.ред.қара) қаулыларымен 4-тармақ өзгертілді 4. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдары осы қаулыны алған күннен бастап үш күндік мерзімде ипотекалық ұйымдарға жіберсін. 5. Осы қаулы күшіне енген күннен бастап осы қаулының қосымшасына сәйкес нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп танылсын. 6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ә.Ғ. Сәйденовке жүктелсін. Ұлттық Банк Төрағасы Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|