|
|
|
Жердің ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жатқызу ережесін бекіту туралы (2006.29.09. берілген өзгерістерімен)
ҚР Үкіметінің 2006.29.09. № 943 Қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр. ред. қара)
ҚР Үкіметінің 2006.29.09. № 943 Қаулысымен кіріспе өзгертілді (бұр. ред. қара) Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексiне сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді: ҚР Үкіметінің 2006.29.09. № 943 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 1. Қоса берiлiп отырған Жердi ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жатқызу ережесi бекітілсiн. 2. ҚР Үкіметінің 2006.13.09. № 862 Қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара) 3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Үкіметінің 2003 жылғы 8 қыркүйектегі № 910 қаулысымен бекiтілген ҚР Үкіметінің 2006.29.09. № 943 Қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр. ред. қара)
Жердi ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жатқызу ережесi ҚР Үкіметінің 2004.29.12. № 1417 қаулысымен мәтінде сөздер өзгертілді (бұр. ред. қара)
ҚР Үкіметінің 2006.06.06 № 511 қаулысымен мәтіндегі «жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық орган (бұдан әрі - облыстық жер ресурстарын басқару жөніндегі орган)», «жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық орган», «облыстық жер ресурстарын басқару жөніндегі орган», «жер ресурстарын басқару жөніндегі облыстық органның» деген сөздер тиісінше «жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - облыстық жер қатынастары жөніндегі орган)», «облыстық жер қатынастары жөніндегі орган», «облыстық жер қатынастары жөніндегі органның» деген сөздермен ауыстырылды (бұр. ред. қара)
1. Жердi ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жатқызу, сондай-ақ басқа санаттардың құрамындағы жердi олардың нысаналы мақсатының өзгеруiне байланысты жердi ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың санатына ауыстыруды Қазақстан Республикасының Үкіметі және облыстық атқарушы органдар (республикалық маңызы бар қала, астана) Қазақстан Республикасының Жер кодексiнде белгiленген жер учаскелерiн алып қою және беру жөніндегі өзiнiң құзыретi шегiнде жүргiзедi. Жердi ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жатқызу мүдделi орталық атқарушы органдардың ұсынымы бойынша мемлекеттік экологиялық сараптаманың және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi органның табиғи-ғылыми және техникалық-экономикалық негiздемелерiне оң қорытынды болған кезде жүргiзiледi. ҚР Үкіметінің 2004.29.12. № 1417 қаулысымен (бұр. ред. қара) 2-тармақ өзгертілді 2. Облыстық атқарушы органның (республикалық маңызы бар қала, астана) тапсырмасы бойынша және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы аумақтық уәкiлеттi органның (республикалық маңызы бар қала, астана) (бұдан әрі - аумақтық орган) ұсыныстары негiзiнде тиiстi облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - облыстық жер қатынастары жөніндегі орган) сұралған жердi жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жатқызу жөніндегі жерге орналастыру жобасын әзiрлеудi ұйымдастырады және қамтамасыз етедi. Жердi жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жатқызу жөніндегі жерге орналастыру жобасы қоршаған ортаны қорғау жөніндегі аумақтық органмен, облыстық органдармен келісіледi және оны облыстық жер қатынастары жөніндегі орган бекiтедi. Жердi жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жатқызу туралы бекітілген жерге орналастыру жобасының негiзiнде тиiстi облыстық жер қатынастары жөніндегі орган облыстық атқарушы органныә осы мәселе бойынша шешiмiнiң жобасын дайындайды. Жердi жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жатқызу облыстық атқарушы органның (республикалық маңызы бар қала, астана) шешiмi бойынша жүргiзiледi. ҚР Үкіметінің 2004.29.12. № 1417 қаулысымен (бұр. ред. қара); 2006.06.06 № 511 қаулысымен ( бұр ред. қара) 3-тармақ өзгертілді 3. Жердi республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жатқызу үшiн ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi органның ұсынымы негiзiнде облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органы тиiстi жерге орналастыру жобасын әзiрлеудi ұйымдастырады. Жердi республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жатқызу жөніндегі жерге орналастыру жобасы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органмен, орталық атқарушы органмен келісіледi және оны облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органы бекiтедi. Жердi республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жатқызу туралы бекітілген жерге орналастыру жобасы және облыстық атқарушы органның осы мәселе бойынша шешiмi негiзiнде ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi орган облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органымен бiрлесiп Қазақстан Республикасы Үкіметінiң осы мәселе бойынша шешiмiнiң жобасын дайындайды. Жердi республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың санатына жатқызу Қазақстан Республикасы Yкіметінiң шешiмi бойынша жүргiзiледi. 4. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жатқызуға арналған жер құрамына енгiзiлген жердi жер учаскелерiнiң меншiк иелерiнен және жер пайдаланушылардан алып қою (сатып алу) жер заңнамасында белгiленген тәртiппен жүргiзiледi. ҚР Үкіметінің 2004.29.12. № 1417 қаулысымен 5-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 5. ҚР Үкіметінің 2006.29.09. № 943 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 6. ҚР Үкіметінің 2006.29.09. № 943 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара) ҚР Үкіметінің 2004.29.12. № 1417 қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 7. ҚР Үкіметінің 2006.29.09. № 943 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 8. ҚР Үкіметінің 2006.29.09. № 943 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 9. ҚР Үкіметінің 2006.29.09. № 943 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара) ҚР Үкіметінің 2004.29.12. № 1417 қаулысымен 10-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 10. ҚР Үкіметінің 2006.29.09. № 943 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 11. ҚР Үкіметінің 2006.29.09. № 943 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 12. ҚР Үкіметінің 2006.29.09. № 943 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 13. ҚР Үкіметінің 2006.29.09. № 943 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 14. ҚР Үкіметінің 2006.29.09. № 943 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара) ҚР Үкіметінің 2006.06.06 № 511 қаулысымен 15-тармақ өзгертілді ( бұр ред. қара) 15. ҚР Үкіметінің 2006.29.09. № 943 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |