|
|
|
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жылғы 26 ақпандағы № 205 қаулысына Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. "2003 жылғы егiннiң астығын мемлекеттік сатып алудың кейбір мәселелерi және Мемлекеттік астық ресурстарын сақтау бойынша көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттік сатып алу ережесi мен Мемлекеттік астық ресурстарының орнын ауыстыру бойынша көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттік сатып алу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жылғы 26 ақпандағы № 205 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2003 ж., № 9, 103-құжат) мынадай өзгерістер енгiзiлсiн: 1-тармақта: "405722 (төрт жүз бес мың жетi жүз жиырма екi) тоннаға дейiнгi" деген сөздер "368250 (үш жүз алпыс сегiз мың екi жүз елу) тоннаға дейiнгi" деген сөздермен ауыстырылсын; 1) тармақшаның екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын: "есепке алынған табиғи салмағының бiр тоннасы үшiн, қосымша құн салығын қоса алғанда 14700 (он төрт мың жетi жүз) теңгеден кем емес баға бойынша 3167850000 (үш миллиард бiр жүз алпыс жетi миллион сегiз жүз елу мың) теңге сомасына және қосылған құн салығын төлеушiлер болып табылмайтын бiрыңғай жер салығын төлеушiлер үшiн қосылған құн салығын есептемей, франко-элеватор шартымен 215500 (екi жүз он бес мың бес жүз) тоннаға дейiнгi көлемдегi азық-түлiктiк жұмсақ бидай астығын; бұл ретте есепке алынған табиғи салмағының бiр тоннасы үшiн 10520 (он мың бес жүз жиырма) теңге есебiмен 2267060000 (екi миллиард екі жүз алпыс жетi миллион алпыс мың) теңге сомасына 2003 жылғы 25 шiлдеге дейiнгi мерзiмге кейiннен астықты жеткiзiп беру фактiсi бойынша есепке алынған табиғи салмағының бiр тоннасы үшін 4180 (төрт мың бiр жүз сексен) теңге есебiмен 900790000 (тоғыз жүз миллион жетi жүз тоқсан мың) теңге сомасына"; 2) тармақшаның екiншi абзацында "13230 (он үш мың екі жүз отыз) теңгеден кем емес баға бойынша 2106505000 (екi миллиард бiр жүз алты миллион бес жүз бес мың) теңге сомасына және қосылған құн салығын төлеушiлер болып табылмайтын бiрыңғай жер салығын төлеушiлер үшiн қосылған құн салығын есептемей, франко-элеватор шартымен 159222 (бiр жүз елу тоғыз мың екi жүз жиырма екi) тоннаға дейiнгi көлемдегi азық-түлiктiк жұмсақ бидай астығы" деген сөздер "14700 (он төрт мың жетi жүз) теңгеден кем емес баға бойынша 1789720000 (бiр миллиард жетi жүз сексен тоғыз миллион жетi жүз жиырма мың) теңге сомасына және қосылған құн салығын төлеушiлер болып табылмайтын бiрыңғай жер салығын төлеушiлер үшiн қосылған құн салығын есептемей, франко-элеватор шартымен 121750 (бiр жүз жиырма бір мың жетi жүз елу) тоннаға дейiнгi көлемдегi азық-түлiктiк жұмсақ бидай астығы" деген сөздермен ауыстырылсын. 2. Осы қаулы жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |