|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 28 желтоқсандағы № 1406 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 8 қарашадағы № 680 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына «Бәсекеге қабiлеттi Қазақстан үшiн, бәсекеге қабiлеттi экономика үшiн, бәсекеге қабiлеттi халық үшін» 2004 жылғы 19 наурыздағы жолдауын халықтың салымдарын өтеу мерзiмiн ұзарту бөлiгiнде iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметі қаулы етеді: 1. «Мемлекеттік арнаулы өтем қазынашылық облигацияларын шығару, орналастыру, айналысқа қосу, қызмет көрсету және оларды өтеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2002 жылғы 28 желтоқсандағы № 1406 қаулысына Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 48, 482-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгiзiлсiн: 1) 2-тармақтағы «Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім» деген сөздер «Ақпарат» деген сөзбен ауыстырылсын; 2) көрсетiлген қаулымен бекітілген Мемлекеттік арнаулы өтем қазынашылық облигацияларын шығару, орналастыру, айналысқа қосу, қызмет көрсету және оларды өтеу ережесінде: 3-тармақтағы «үш шығарылыммен» деген сөздер алынып тасталсын; 7-тармақта: «облигациялар шығарылған сәттен бастап бiр жылдың iшiнде» деген сөздер «2004 жылдың аяғына дейiн» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын: «4) қосымша шығарылым: мұраға қалдырылған салымдарды ескере отырып, 1936 - 1940 жылдары туылған азаматтардың салымдарын өтеу сомасына»; 20-тармақтағы «облигациялар шығарылған сәттен бастап бiр жылдың iшiнде» деген сөздер «2004 жылдың аяғына дейін» деген сөздермен ауыстырылсын. 2. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енедi. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |