Концессияға берілуі мүмкін объектілердің техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу үшін іріктелген
ұсыныстардың тізілімін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 3 қарашадағы № 1005 Қаулысы
(2010.26.02. берілген өзгерістермен)
«Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 8-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған концессияға берілуі мүмкін объектілердің техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу үшін іріктелген ұсыныстардың тізілімі бекітілсін.
2. «Орта мерзімді кезеңге арналған (2007-2009 жылдарға арналған) концессияға беруге ұсынылатын объектілердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 28 қарашадағы № 1127 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., №42, 471-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген орта мерзімді кезеңге арналған (2007-2009 жылдарға арналған) концессияға беруге ұсынылатын объектілердің тізбесінде:
реттік нөмірі 18-жол алып тасталсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
ҚР Үкіметінің 2009.16.04. № 526 қаулысымен тізілім өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2010.26.02. № 137 қаулысымен (бұр.ред.қара) тізілім өзгертілді
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2008 жылғы 3 қарашадағы
№ 1005 қаулысымен
бекітілген
Концессияға берілуі мүмкін объектілердің техникалық-экономикалық
негіздемесін әзірлеу үшін іріктелген ұсыныстардың тізілімі
Р/с | Атауы | Тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органдары және облыс тардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары |
1 | «Алматы - Өскемен» автомобиль жолының «Алма- ты - Қапшағай» учаскесін салу (қайта жаңарту) және пайдалану министрлігі | Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация |
2 | «Ресей Федерациясының шекарасы (Екатерин- бургке) Қостанай, Астана, Қарағанды қалалары арқылы Алматы» автомобиль жолының «Астана министрлігі - Қарағанды» учаскесін қайта жаңарту және пайдалану | Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация |
3 | «Үлкен Алматылық орамды автомобиль жолы» (ҮАОАЖ) автомобиль жолын салу және пайдалану министрлігі | Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация |
4 | «Өзбекстан Республикасының шекарасы Қазақстан Республикасы (Ташкентке) - Қырғызстан Республикасының шекарасына кіреберістермен Көкпек, Көктал, Благовещенка арқылы Шымкент - Тараз - Қорғас» автомобиль жолының «Алматы -Қорғас» учаскесін қайта жаңарту және пайдалану | Көлік және коммуникация министрлігі |
5 | Астана қаласының жаңа көлік жүйесі | Астана қаласының әкімдігі |
6 | «Өзбекстан Республикасының шекарасы (Ташкентке) - Шымкент - Тараз - Алматы - Қырғызстан Республикасының шекарасына кіреберістермен бірге Көкпек, Көктал, Благовещенка арқылы Қорғасқа» автомобиль жолының «Ташкент - Шымкент - Жамбыл облысының шекарасы» учаскесін қайта жаңарту | Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі |
7 | «Зияткерлік-көлік жүйесін (ЗКЖ) енгізу және Көкшетау қаласы арқылы Астана - Петропавл автомобиль жолының «Астана - Щучье» учаскесін пайдалану | Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі |
8. | Маңғыстау облысының Ақтау қаласында автовокзал салу және пайдалану | Маңғыстау облысының әкімдігі |
9. | Маңғыстау облысының Маңғышлақ (Тамақ) станциясында темір жол вокзалын салу және пайдалану | Маңғыстау облысының әкімдігі |