Халықаралық рейтингтік агенттіктермен өзара іс-қимылды жақсарту жөнінде комиссия құру туралы (2010.18.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2011 жылғы 24 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 10 қыркүйектегі № 1341 Қаулысымен тақырыбы және мәтін өзгертілді (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасының инвестициялық имиджін арттыру үшін Қазақстан Республикасының Халықаралық рейтингтік агенттіктермен тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес құрамда Халықаралық қаржылық қоғамдастықпен өзара іс-қимылды жақсарту жөніндегі комиссия құрылсын. 2. Қоса беріліп отырған: 1) Халықаралық қаржылық қоғамдастықпен өзара іс-қимылды жақсарту жөніндегі комиссия туралы ереже; 2) Халықаралық қаржылық қоғамдастықпен өзара іс-қимылды жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілсін. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 30 қаңтардағы № 89 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2009.10.09. № 1341 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.18.06. № 612 қаулысымен (бұр.ред.қара) құрам өзгертілді Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 шілдедегі № 688 қаулысымен бекітілген
Халықаралық қаржылық қоғамдастықпен өзара іс-қимылды жақсарту жөніндегі комиссия құрамы
ҚР Үкіметінің 2009.10.09. № 1341 Қаулысымен ереже жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 шілдедегі № 688 қаулысымен бекітілген
Халықаралық рейтинтік агенттіктермен өзара іс-қимылды жақсарту жөніндегі комиссия туралы ереже
1. Осы Халықаралық рейтингтік агенттіктермен өзара іс-қимылды жақсарту жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) туралы ереже Комиссияның мақсаттарын, міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды. 2. Комиссияның басты мақсаты халықаралық рейтингтік агенттіктермен тұрақты негізде қажетті келісілген ақпаратты оларға ұсыну жолымен тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз ету, сондай-ақ Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне ұқсас егемен кредиттік рейтингтері бар елдер тобында болуын қамтамасыз ету болып табылады.
2. Комиссияның негізгі міндеттері мен өкілеттіктері
3. Комиссияның міндеттері: халықаралық рейтингтік агенттіктермен ынтымақтастықтың тиімді нысанын айқындау жөнінде ұсыныстар әзірлеу; халықаралық рейтингтік агенттіктерге ақпарат беру стандарттары бойынша ұсыныстар әзірлеу; Халықаралық рейтингтік агенттіктермен өзара іс-қимылды жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыруды қамтамасыз ету болып табылады. 4. Комиссия өз құзыреті шегінде өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін: халықаралық рейтингтік агенттіктермен өзара іс-қимылды ұйымдастыру, үйлестіру және жетілдіру үшін қажетті іс-қимыл жасауға; сараптамалар мен консультациялар жүргізу үшін мемлекеттік органдар мен ұйымдардан тиісті бейіндегі мамандарды тартуға, сондай-ақ қажет болған жағдайда қойылған міндеттерді шешу үшін сарапшы топтарды ұйымдастыруға; мемлекеттік органдар мен ұйымдардан Комиссияның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен ақпарат сұратуға және алуға; өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ұсынымдар әзірлеуге және Қазақстан Республикасының Үкіметі мен мүдделі мемлекеттік органдарға ұсыныстар енгізуге құқылы.
3. Комиссияның қызметін ұйымдастыру
5. Комиссияны оның төрағасы басқарады. 6. Комиссияның төрағасы оның жұмысын ұйымдастырады, төраға болмаған жағдайда Комиссияның отырысын төраға орынбасарларының бірі өткізеді. ҚР Үкіметінің 2010.18.06. № 612 қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 7. Комиссияның жұмыс органы Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі болып табылады. 8. Комиссияның отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі. Комиссияның отырысын өткізу туралы шешімді төраға не оның орынбасары қабылдайды. 9. Комиссияның шешімдері оның отырыстарының хаттамаларымен ресімделеді. Комиссияның шешімдері ашық дауыс беру жолымен көпшілік дауыспен қабылданады және егер оған Комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысы берілсе, қабылданды деп саналады. Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешім қабылданды деп саналады.
ҚР Үкіметінің 2009.10.09. № 1341 Қаулысымен жоспар жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2010.18.06. № 612 қаулысымен жоспар өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 шілдедегі № 688 қаулысымен бекітілген
Халықаралық рейтинтік агенттіктермен өзара іс-қимылды жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспары
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы: АӨҚОҚРА - Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі СА - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі ҚҚҚ - Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы ҚНРА - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі ИЖТМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Қаржымині - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі ЭДСМ - Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі ҰБ - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі |