«Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 1003 Қаулысы (2020.28.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме! Стоимость документа 300 тенге
Получить полный доступ к документу
  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің мәселелері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 1003 Қаулысы

(2020.28.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту және оның тиімділігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған:

1) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі туралы ереже (бұдан әрі - Ереже);

2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

2. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес республикалық мемлекеттік заңды тұлғалар қайта аталсын.

3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі осы қаулыға 1-қосымшада көрсетілген республикалық мемлекеттік заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласын (аясын) басқару жөніндегі уәкілетті орган болып айқындалсын.

4. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдасын.

5. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

ҚР Үкіметінің 2019.20.03. № 131 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2019.26.04. № 228 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2020.28.10. № 717 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 6-тармақ өзгертілді

6. Осы қаулы 2014 жылғы 21 қарашадан бастап қолданысқа енгізілетін Ереженің 16-тармағының 7) тармақшасын және 17-тармағының 32) және 33) тармақшаларын, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілген күнінен бастап қолданысқа енгізілетін Ереженің 16-тармағының 127), 128), 129), 130) және 131) тармақшаларын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

;