Концессия объектілерін мемлекеттік меншікке қабылдау ережесін бекіту туралы (2013.13.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2016 жылғы 28 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 11-бабының 6-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Концессия объектілерін мемлекеттік меншікке қабылдау ережесі бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару және мемлекеттік сатып алу әдіснамасы департаменті (Б.К. Тәшенов) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның кейіннен ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 642 бұйрығымен Бекітілген
Концессия объектілерін мемлекеттік меншікке қабылдау ережесі
Осы Концессия объектілерін мемлекеттік меншікке қабылдау ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының (бұдан әрі - Заң) 11-бабының 6-тармақшасына сәйкес әзірленген және Концессия объектілерін мемлекеттік меншікке қабылдаудың тәртібін айқындайды.
ҚР Қаржы министрінің 2013.13.09. № 437 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Егер концессия шартында өзгеше көзделмесе, концессия шартының талаптарын орындау нәтижесінде пайда болған концессия объектілері құрылғаннан кейін мемлекеттік меншікке беріледі. ҚР Қаржы министрінің 2013.13.09. № 437 бұйрығымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 2. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: концессия - концессия объектілерін құруға (реконструкциялауға) және пайдалануға бағытталған, концессионердiң қаражаты есебiнен немесе концеденттiң қоса қаржыландыруы шарттарымен жүзеге асырылатын қызмет; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|