Ішкі істер органдарында нысанды киіммен қамтамасыз ету, сақтау, есепке алу және есептен шығару қағидаларын бекіту туралы (2023.09.08. берілген өзгерістермен)
ҚР Ішкі істер министрінің 2023.09.08. № 626 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияды (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 107) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Ішкі істер органдарында нысанды киіммен қамтамасыз ету, сақтау, есепке алу және есептен шығару қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Тыл департаменті (Қ.Ә. Сұлтанбаев) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды; 4) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Iшкi істер министрiнiң жетекшілік ететін орынбасарына және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Тыл департаментіне (Қ.Ә. Сұлтанбаев) жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|