Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейiнгi кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасын iске асыру жөнiндегi 2016 жылға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы (2016.06.10. берілген өзгерістермен)
«Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейiнгi кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2009 жылғы 24 тамыздағы № 858 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейiнгi кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасын iске асыру жөнiндегi 2016 жылға арналған іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Іс-шаралар жоспары) бекiтiлсiн. 2. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың (келiсiм бойынша) бiрiншi басшылары: 1) Іс-шаралар жоспарын орындау жөніндегі шараларды қабылдасын; 2) 2016 жылғы 20 мамырдан және 10 қарашадан кешiктiрмей Қазақстан Республикасы Әділет министрлiгiне Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы ақпарат берсін. 3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлiгi 2016 жылғы 10 маусымнан және 10 желтоқсаннан кешiктiрмей Қазақстан Республикасының Үкiметiне Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін. 4. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесі 2016 жылғы 10 шілдеден және 2017 жылғы 10 қаңтардан кешiктiрмей Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін. 5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлiгiне жүктелсін. 6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1151 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|