Қазақстан Республикасы аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссиялары мөрлерінің үлгілері туралы (2023.19.01. берілген өзгерістермен)
ҚР Орталық сайлау комиссиясының 2023.19.01. № 16/667 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12-бабы 6) тармақшасына, 14-бабы 6-1) тармақшасына және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» 2007 жылғы 4 маусымдағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 1-бабының үшінші бөлігіне сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: ҚР Орталық сайлау комиссиясының 2023.19.01. № 16/667 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 1. Мыналардың: 1) облыстық сайлау комиссиялары (1-қосымша); 2) республикалық маңызы бар қалалардың және Республика астанасының сайлау комиссиялары (2-қосымша); 2-1) Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссиялары (2-1) қосымша); 2-2) мәслихаттардың депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссиялары (2-2) қосымша); 3) аудандық сайлау комиссиялары (3-қосымша); 4) қалалық сайлау комиссиялары (4-қосымша); 5) қаладағы аудандық сайлау комиссиялары (5-қосымша); 6) учаскелік сайлау комиссиялары (6-қосымша) мөрлерінің үлгілері бекітілсін. 2. Облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және Республика астанасының сайлау комиссиялары облыс (қала) бойынша дауыс беруге арналған сайлау учаскелерінің белгіленген бірыңғай нөмiрленуіне сәйкес учаскелік сайлау комиссияларының мөрлерін бөлсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|