«Шымкент қаласы бойынша жерлеудің және зираттарды күтіп ұстау ісін ұйымдастырудың қағидаларын бекіту туралы» 2019 жылғы 27 маусымдағы №51/430-6с Шымкент қаласы мәслихатының шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШТІ: Шымкент қаласы мәслихатының «Шымкент қаласы бойынша жерлеудің және зираттарды күтіп ұстау ісін ұйымдастырудың қағидаларын бекіту туралы» 2019 жылғы 27 маусымдағы № 51/430-6с шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 53 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімге қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2022 жылғы 29 қыркүйектегі №21/195-VII шешіміне қосымша
Шымкент қаласы мәслихатының 2019 жылғы 27 маусымдағы № 51/430-6с шешімімен бекітілді
Шымкент қаласы бойынша жерлеудің және зираттарды күтіп ұстау ісін ұйымдастырудың қағидалары
1. Осы Шымкент қаласында жерлеу және зираттарды күтіп ұстау ісін ұйымдастырудың қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағының 1-16) тармақшасына сәйкес әзірленді және Шымкент қаласында жерлеу мен зираттарды күтіп ұстау ісін ұйымдастырудың тәртібін айқындайды. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|