Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитеті туралы ережені бекіту туралы
Осы редакция 2018 жылғы 18 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 және 2016 жылғы 3 мамырдағы № 264 қаулыларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті туралы ереже бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті (Ә. С. Жұмаділдаев) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қаржы министрінің 2016 жылғы 11 мамырдағы № 224 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитеті туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитеті (бұдан әрі -Комитет) орталық атқарушы органның құзыреті шегінде ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау, мемлекеттік сатып алу, мемлекеттік мүлік, аудиторлық қызмет, бухгалтерік есеп пен қаржылық есептілік саласында іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ведомствосы болып табылады. 2. Комитет Қазақстан Республикасының Конституциясы және басқа да заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес өз қызметін жүзеге асырады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|