Көрсетілетін төлем қызметтерін берушіні көрсетілетін төлем қызметтерін маңызды берушілерге жатқызатын көрсеткіштерді бекіту туралы (2020.30.11. берілген өзгерістермен)
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы, «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» 2016 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына, сәйкес көрсетілетін төлем қызметтерін берушіні көрсетілетін төлем қызметтерін маңызды берушілерге жатқызатын көрсеткіштерді айқындау мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2020.30.11. № 139 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 1. Көрсетілетін төлем қызметтерін берушіні көрсетілетін төлем қызметтерін маңызды берушілерге жатқызатын мына көрсеткіштер бекітілсін: 1) көрсетілетін төлем қызметтерін беруші Қазақстан Республикасының резиденттері операторлары болып табылатын жүйелік маңызы бар немесе маңызды төлем жүйесінде төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын Қазақстан Республикасының аумағында және шетелде осы төлем жүйесі арқылы жүргізілген төлемдердің және (немесе) ақша аударымдарының жалпы көлемінен жиырма бес пайыздан кем емес көлемінде жыл бойы жүзеге асыруды қамтамасыз еткен кезде; 2) көрсетілетін төлем қызметтерін беруші Қазақстан Республикасының банктері, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдары және «Қазпочта» акционерлік қоғамы шығарған төлем карточкаларының жалпы көлемінен жиырма бес пайыздан кем емес көлемінде төлем карточкаларын шығару бойынша және Қазақстан Республикасының аумағында және шетелде жыл бойы төлем карточкаларын пайдалана отырып жасалған төлемдердің және (немесе) ақша аударымдарының (операцияларының) жалпы көлемінен жиырма бес пайыздан кем емес көлемінде Қазақстан Республикасының аумағында және шетелде жыл бойы төлем карточкаларын пайдалана отырып операцияларды өңдеу бойынша қызметтер көрсетуді қамтамасыз еткен кезде; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|