Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 20 шілдедегі № 600 бұйрығына 3-қосымша
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 30 мамырдағы № ҚР ДСМ-48 бұйрығымен күші жойылды
Аурулардың электрондық профилактикасын реттеу
1. Аурулардың электрондық профилактикасын реттеу стандарты (бұдан әрі - Стандарт) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес әзірленді және DIN EN 13940 «Медициналық көмек көрсетудің үздіксіздігін қамтамасыз ететін ұғымдар жүйесі» халықаралық стандартының талаптарын ескере отырып, медициналық көрсетілетін қызметтерді берушілердің ауруларды электрондық профилактикалау жүйесіне (бұдан әрі - электрондық профилактика сервисі) қатысуы үшін шарттарды анықтайды. 2. Осы Стандарттың міндеті: электрондық профилактика процестерін іске асыру үшін электрондық денсаулық паспортының сыртқы ақпараттық жүйелерімен ұлттық және өзара іс-қимылын реттеу үшін функционалды талаптар мен қағидаттарды айқындау болып табылады. 3. Осы Стандартта мынадай терминдер мен ұғымдар пайдаланылады: 1) денсаулық сақтау тарапы - пациенттерді, медициналық көрсетілетін қызметтерді беруші және медициналық көмек көрсетуде қолдауды қамтамасыз ететін тараптарды қоса алғанда, денсаулық сақтау жүйесінде өзара іс-қимыл жасайтын жеке және заңды тұлғалар. 2) сыртқы медициналық ақпараттық жүйе - үшінші тараптар әзірлеген және пайдаланатын кез келген медициналық ақпараттық жүйе. 4. Электрондық профилактика сервисі электрондық денсаулық паспорты (бұдан әрі - ЭДП) көмегімен пациентке қатысты біріншілік, екіншілік және үшіншілік профилактикалық медициналық көрсетілетін қызметті жоспарлау, орындау және тіркеуді қамтамасыз ететін қызмет болып табылады. Электрондық профилактика сервисінің деректер көзі болып ЭДП табылады. 5. 4 және 7-тармақтарда көрсетілген іс-қимылдың нәтижесінде немесе іске асыру мақсатында алынған ақпарат осы Стандарттың реттеу мәні болып табылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|