Получить полный доступ к документу
|
Стань пользователем
|
Автомобиль көлiгi саласында лицензиялау ережесін, соның iшінде
лицензиаттарға қойылатын біліктілiк талаптарын бекіту туралы
ҚазақстанРеспубликасы Үкіметінің 2005 жылғы 19 қаңтардағы № 29 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 28 маусымдағы № 544 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының "Лицензиялау туралы" 1995 жылғы 17 сәуірдегі және "Автомобиль көлiгi туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегi Заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса беріліп отырған Автомобиль көлiгi саласында лицензиялау ережесi, соның iшiнде лицензиаттарға қойылатын білiктілiк талаптары бекітілсiн.
2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д.К. Ахметов |
?кіметінiң
2005 жылғы 19 қаңтардағы
№ 29 қаулысымен
бекітілген
Автомобиль көлігі саласында лицензиялау ережесі, соның ішінде
лицензиаттарға қойылатын біліктілік талаптары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Автомобиль көлiгi саласында лицензиялау ережесi, соның ішінде лицензиаттарға қойылатын біліктілiк талаптары (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасының "Автомобиль көлiгi туралы" 2003 жылғы 4 шiлдедегi және "Лицензиялау туралы" 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заңдарына сәйкес әзiрлендi.
2. Ереже Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автомобиль көлiгiмен қауiптi жүктердi тасымалдауға, жолаушылар мен жүктердi халықаралық тасымалдауға лицензиялар беру тәртібі мен шарттарын белгілейдi.
3. Автомобиль көлiгiмен қауіптi жүктердi тасымалдау, жолаушылар мен жүктердi халықаралық тасымалдау жөніндегі қызметпен айналысу құқығына арналған лицензияны уәкілеттi орган (бұдан әрi лицензиар) бередi.
4. Біліктілiк деңгейi осы Ереженiң талаптарына сәйкес келетiн жеке және заңды тұлғалар автомобиль көлiгi саласында лицензиялау субъектілерi болып табылады.
2. Лицензиялауға жататын қызметтің түрлерi
5. Автомобиль көлігi саласында лицензиялауға қызметтің мынадай түрлерi жатады:
1) қауiптi жүктердi тасымалдау;
2) жолаушылар мен жүктердi халықаралық тасымалдау.