Мемлекеттік стандарттау жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеу және бекіту ережесін бекіту туралы
ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрінің м.а. 2010 жылғы 23 сәуірдегі № 41 Бұйрығымен күші жойылды
«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік стандарттау жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеу және бекіту ережесі бекітілсін. 2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Төраға орынбасары Т.А. Момышевқа жүктелсін. 3. Осы бұйрық оның бірінші ресми жарияланғанынан бастап он күнтізбелік күннен кейін күшіне енеді.
Төрағаның м.а.
Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология жөніндегі комитет Төрағасының м.а. 2005 жылғы 15 сәуірдегі № 106 бұйрығымен бекітілді
Мемлекеттік стандарттау жөніндегі жоспарлар мен бағдарламаларды әзірлеу және бекіту ережесі
Осы ереже «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 5) тармақшасына және 25-бабының 1 және 4-тармақтарына сәйкес әзірленді және мемлекеттік стандарттау жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеу және бекіту тәртібін белгілейді. Осы ереже мемлекеттік органдарға, стандарттау жөніндегі техникалық комитеттерге, меншік нысанына қарамастан жеке және заңды тұлғаларға таратылады.
1. Жалпы ережелер
1. Стандарттау жөніндегі жоспарлар (бұдан әрі - Жоспар) бір жылдық мерзімге құрылады. Мемлекеттік стандарттау жөніндегі жұмыс бағдарламалары (бұдан әрі - Бағдарлама) орташа мерзімге (3 жылдан кем емес) немесе орташа мерзімді үш жылдық кезеңдерге міндетті бөлініп 3 жылдан артық ұзақ мерзімді кезеңге құрылады. Ұзақ мерзімді бағдарламаларды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары сәйкес орташа мерзімді кезеңдерге әзірленеді. 1) оның мазмұны мен стандарттау объектілерін көрсететін стандарт атауы мен белгісі; 2) республикада қолданыстағы стандартты жіктеу және кодтау коды; 3) мемлекеттік стандарттарды дайындау және бекіту мерзімдері; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|