|
|
|
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 8 желтоқсандағы
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) "2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 8 желтоқсандағы № 1289 қаулысында: көрсетілген қаулыға 1-қосымшада: ІІ "Шығындар" бөлімінде: 01 "Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер көрсету" функционалдық тобында: 01 "Мемлекеттік басқарудың жалпы функцияларын орындайтын өкілді, атқарушы және басқа органдар" ішкі функциясында: 104 "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі" әкімшісі бойынша: 001 "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің қызметін қамтамасыз ету" бағдарламасы бойынша: 009 "Мемлекеттік органдарды материалдық-техникалық жарақтандыру" кіші бағдарламасындағы "371495" деген сандар "382287" деген сандармен ауыстырылсын; 017 "Ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету және мемлекеттік органдарды ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету" кіші бағдарламасындағы "124170" деген сандар "113378" деген сандармен ауыстырылсын; 2) "2005 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 22 желтоқсандағы № 1354 қаулысында: 104 "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі" әкімшісі бойынша: көрсетілген қаулыға 7-қосымшада: "Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары" деген 6-тармақтың кестесінде: "Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар" деген 5-бағанда: реттік нөмірі 3-жолдағы "70" деген сандар "77" деген сандармен ауыстырылсын; реттік нөмірі 4-жолдағы "31", "160", "12" деген сандар тиісінше "32", "170", "13" деген сандармен ауыстырылсын; "рентгеноскоп-сканер - 1 бірлік" деген сөздер алынып тасталсын; "конференц-байланыс - 1 жиынтық" деген сөздерден кейін мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын; "тележабдық - 1 жиынтық; цифрлық дубликатор - 1 бірлік; парақ іріктеуіш машина - 1 бірлік; бүгу-брошюралау аппараты - 1 бірлік; терможелім машинасы - 1 бірлік; жартылай автоматты қағаз кескіш машина - 1 бірлік; пакетті ламинаттауыш - 1 бірлік; пластик серіппеге брошюралау аппараты - 1 бірлік; бүгілім салу аппараты - 1 бірлік; металл есік - 2 бірлік; жұмсақ жиһаз - 1 жиынтық"; соңғы абзац мынадай редакцияда жазылсын: "Жабдықтарды орналастыру."; реттік нөмір 5-жолдағы "168", "3", "1646" деген сандар тиісінше "176", "4", "1444" деген сандармен ауыстырылсын; көрсетілген қаулыға 8-қосымшада: "Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары" деген 6-тармақтың кестесінде: "Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар" деген 5-бағанда: реттік нөмірі 3-жол "ноутбук - 1 бірлік" деген сөздерден кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: "компьютерлік үстел - 15 бірлік"; көрсетілген қаулыға 9-қосымшада: "Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары" деген 6-тармақтың кестесінде: "Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар" деген 5-бағанда: реттік нөмірі 1-жол "көшіру аппараты - 2 бірлік" деген сөздерден кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: "құжаттарды жойғыш - 1 бірлік". 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |