«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне аудиторлық
қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы»
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2006 жылғы 8 маусымдағы № 156-ө Өкімі
1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне аудиторлық қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 5 мамырдағы Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық кесімдердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі тізбеге сәйкес тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық кесімдерді қабылдасын және Қазақстан Республикасының Үкіметін қабылданған шаралар туралы хабардар етсін.
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2006 жылғы 8 маусымдағы
№ 156-ө өкімімен
Бекітілген
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
аудиторлық қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының
2006 жылғы 5 мамырдағы Заңын іске асыру мақсатында
қабылдануы қажет нормативтік құқықтық кесімдердің тізбесi
Р/с № | Нормативтік құқықтық кесімнің атауы | Кесімнің нысаны | Орындауға жауапты мемлекет- тік орган | Орындау мерзімі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1. | Міндетті аудит жүргізу жө- ніндегі аудиторлық ұйымдар- ға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы | Уәкілетті органның бұйрығы | Қаржымині ҚҚА | 2006 жылғы шілде |
2. | Кәсіби аудиторлық ұйымдарды аккредиттеу ережесін бекіту туралы | Уәкілетті органның бұйрығы | Қаржымині | 2006 жылғы шілде |
3. | Аудиторлық қызметті лицен- зиялау ережесін бекіту туралы | Уәкілетті органның бұйрығы | Қаржымині | 2006 жылғы шілде |
4. | Аудиторлыққа кандидаттарды аттестаттауды жүргізу ережесін бекіту туралы | Уәкілетті органның бұйрығы | Қаржымині | 2006 жылғы шілде |
5. | Аудиторлыққа кандидаттарды аттестаттау жөніндегі бі- ліктілік комиссиясының қыз- метін қалыптастыру және жү- зеге асыру ережесін бекіту туралы | Уәкілетті органның бұйрығы | Қаржымині | 2006 жылғы шілде |
6. | Кәсіби аудиторлық ұйымдарды тексеруді жүзеге асыру ережесін бекіту туралы | Уәкілетті органның бұйрығы | Қаржымині | 2006 жылғы шілде |
7. | Кәсіби аудиторлық ұйымдар- дың есептілікті беру тізбе- сін, нысандары мен мерзім- ділігін бекіту туралы | Уәкілетті органның бұйрығы | Қаржымині | 2006 жылғы шілде |
8. | Аудиторлардың біліктілігін арттыру және курстан өткені туралы сертификаттар беру ережесін бекіту туралы | Уәкілетті органның бұйрығы | Қаржымині | 2006 жылғы шілде |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
Қаржымині - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚҚА - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі