Азаматтық істер бойынша сот актілерінің заңдылығына прокурорлық қадағалауды (2008.16.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Бас Прокурорының 2010 жылғы 12 тамыздағы № 46 бұйрығымен күші жойылды
Азаматтардың, мемлекеттің және заңды тұлғалардың конституциялық пен өзге заңдар қорғайтын құқықтарын, бостандықтарын және мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету және азаматтық сот ісін жүргізудің заңдылығына прокурорлық қадағалаудың тиімділігін арттыру мақсатында «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11, 18-баптарын басшылыққа алып, БҰЙЫРАМЫН: 1. Ұсынылып отырған азаматтық істер бойынша сот актілерінің заңдылығына прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру туралы Нұсқаулық бекітілсін. 2. Осы бұйрық пен азаматтық істер бойынша сот актілерінің заңдылығына прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру туралы Нұсқаулықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу үшін азаматтық және әкімшілік істер бойынша сот актілері мен атқару өндірісінің заңдылығын қадағалау департаменті (Т.Ержанов) шаралар қолдансын. 3. Бұйрық Бас әскери прокурорға, облыстық, қалалық, аудандық және оларға теңестірілген прокурорларға жіберілсін. 4. Бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының осы салаға жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін. 5. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының келесі бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын: 1) 2002 жылғы 27 желтоқсандағы 76 санды «Азаматтық істер бойынша сот актілерінің заңдылығына прокурорлық қадағалау туралы» Нұсқаулықты бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілердің Мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2167 санымен тіркелген); Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|