«Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне
Осы редакция 2006 ж. 20 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 22 қарашадағы Заңының 20-бабын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне білім беруге бөлінетін 2006 жылға арналған республикалық бюджеттің ағымдағы нысаналы трансферттерін пайдалану ережесі бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне ағымдағы нысаналы трансферттердің бекітілген сомасын аударуды қамтамасыз етсін. 3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері: 1) ағымдағы нысаналы трансферттердің бөлінген сомасын уақтылы және мақсатты пайдалануды; 2) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне есептіден кейінгі айдың 5-күніне дейін ағымдағы нысаналы трансферттердің бөлінген сомасының пайдаланылуы туралы есептер ұсынуды қамтамасыз етсін. 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Үкіметінің 2006 жылғы 15 наурыздағы № 167 қаулысымен Бекітілген
Білім беруге облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне бөлінетін 2006 жылға арналған республикалық бюджеттің ағымдағы нысаналы трансферттерін пайдалану ережесi
1. Осы Ереже республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттерді мынадай республикалық бюджеттік бағдарламалар бойынша пайдалану тәртібін айқындайды: 026 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне арнайы (түзету) білім беру ұйымдарын арнаулы техникалық және орнын толтыру құралдарымен қамтамасыз етуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер»; 028 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жалпы орта білім беретін мемлекеттік мекемелердің бірүлгі штаттарын ұстауды қамтамасыз етуге берілген ағымдағы нысаналы трансферттер»; 029 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жаңадан пайдалануға берілетін білім беру объектілерін ұстауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер»; 033 «Облыстық бюджеттерге балалардың тамақтану, өмір сүру және тест пункттеріне жеткізілуін ұйымдастыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер»; 034 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жалпы орта білім беретін мемлекеттік мекемелерді Интернетке қосуға және трафигіне ақы төлеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер»; 035 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жалпы орта білім беретін мемлекеттік мекемелердің кітапхана қорларын жаңарту үшін оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сатып алуға және жеткізуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер»; 036 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жалпы орта білім беретін мемлекеттік мекемелерде лингафондық және мультимедиалық кабинеттер құруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер»; 037 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне бастауыш кәсіби білім беретін мемлекеттік мекемелердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер»; 038 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне облыстық (қалалық) педагог кадрлардың біліктілігін арттыру институттарының педагог қызметкерлерін қайта даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер»; 039 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне облыстық (қалалық) педагог кадрлардың біліктілігін арттыру институттарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер». 2. Ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына және мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. 3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 2006 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарында бекітілген сандық көрсеткіштерге сәйкес: 1) техникалық ерекшеліктерін көрсете отырып, арнаулы техникалық және орнын толтыру құралдарының; 2) оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендердің; 3) бастауыш кәсіптік білім беретін мемлекеттік мекемелердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға арналған жабдықтардың; 4) облыстық (қалалық) педагог кадрларының біліктілігін арттыру институттарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға арналған жабдықтардың; 5) ұлттық бірыңғай тестілеуді жүргізу пункттерінің; 6) педагог кадрлардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау курстары тақырыптарының тізбесін айқындайды. 4. Лингафондық және мультимедиалық кабинеттерді мемлекеттік сатып алу бойынша конкурсты бірыңғай ұйымдастырушы болып Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі танылады. 5. Астана және Алматы қалаларының білім департаменттері (басқармалары), аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) білім бөлімдері лингафондық және мультимедиалық кабинеттердің соңғы алушыларын заңнамада белгіленген тәртіппен және мерзімде анықтайды және оларды пайдалану мониторингін жүзеге асырады. 6. Облыстық, Астана және Алматы қалаларының білім департаменттері (басқармалары) әрбір тоқсан сайын есептіден кейінгі айдың 5-күніне дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі белгілеген нысан бойынша лингафондық және мультимедиалық кабинеттерді мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың жасалуы және орындалуы туралы есептерді ұсынады. 7. Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне: 1) мемлекеттік білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға, оның ішінде жалпы орта білім беретін мемлекеттік мекемелердің, кітапхана қорларын жаңарту үшін оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сатып алуға, ұлттық бірыңғай тестілеуді жүргізуге, педагог кадрлардың біліктілігін арттыруға, лингафондық және мультимедиалық кабинеттерді құруға бөлінген ағымдағы нысаналы трансферттер қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың негізінде жүзеге асырылады; 2) үлгілік штаттарға сәйкес мемлекеттік білім беру ұйымдарын жинақтауға бөлінген ағымдағы нысаналы трансферттер әкімдіктердің білім беру ұйымдарын жете жинақтау туралы қаулыларының негізінде жүзеге асырылады; 3) интернет желісіне қосуға бөлінген ағымдағы нысаналы трансферттер әкімдіктердің Интернет желісіне қосуға жататын мектептердің тізбесін бекіту туралы қаулыларының негізінде жүзеге асырылады; 4) жаңадан іске қосылған білім беру объектілерін ұстауға бөлінген ағымдағы нысаналы трансферттер әкімдіктің қаулысымен бекітілген пайдалануға берілген білім беру объектілерін іске қосу кестесіне сәйкес жүзеге асырылады. Ағымдағы нысаналы трансферттер күрделі сипаттағы шығыстарды қоспағанда, жаңадан іске қосылған білім беру объектілерін ұстауға байланысты ағымдағы шығыстарға бөлінеді.
|