|
|
|
Адвокаттық және нотариаттық қызмет түрлерін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы (2012.29.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 19 қарашадағы № 1460 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 2011.16.11. № 1346 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының «Нотариат туралы» 1997 жылғы 14 шілдедегі, «Адвокаттық қызмет туралы» 1997 жылғы 5 желтоқсандағы және «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы заңдарын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған: 1) ҚР Үкіметінің 2011.16.11. № 1346 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2) адвокаттық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары; 3) ҚР Үкіметінің 2011.16.11. № 1346 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 4) нотариаттық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін. 1) «Адвокаттық қызмет пен нотариустардың қызметін лицензиялау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 27 ақпандағы № 254 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 6, 60-құжат); 2) «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері» туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 41, 532-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 4-тармағының; 3) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 25 қыркүйектегі № 1235 және 2002 жылғы 27 ақпандағы № 254 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 7 мамырдағы № 518 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 21, 269-құжат) 1-тармағының 2) тармақшасының күші жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы ресми жариялануға тиіс және 2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.
Ереже. ҚР Үкіметінің 2011.16.11. № 1346 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
Үкіметінің 2007 жылғы 2 маусымдағы № 454 қаулысымен бекітілген
Адвокаттық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары
ҚР Үкіметінің 2011.16.11. № 1346 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2012.29.03. № 365 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1. Адвокаттық қызметті жүзеге асыру үшін жеке тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптары: 1) Қазақстан Республикасының азаматтығы; 2) жоғары заң білімінің болуы; 3) кемінде бес жыл адвокаттық қызмет стажы бар адвокатта алты айдан бір жылға дейінгі мерзімде тағылымдамадан өту; 4) аттестациялық әділет комиссиясында аттестаттаудан өту; 5) наркологиялық және психиатриялық диспансерлерде есепте тұратыны туралы мәліметтердің болмауы; 6) соттылығының болмауы. ҚР Үкіметінің 2011.16.11. № 1346 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2012.29.03. № 365 Қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2. Осы адвокаттық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарының 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген біліктілік талабы «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 34-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 9) және 12) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша судья өкілеттіктерін тоқтатқан адамдарға қолданылмайды. ҚР Үкіметінің 2012.29.03. № 365 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3. Осы адвокаттық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарының 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген біліктілік талабы мыналарға: 1) Қазақстан Республикасының Жоғары Соты Кеңесінің жанындағы Біліктілік комиссиясында біліктілік емтиханын тапсырған, сотта тағылымдамадан ойдағыдай өткен және облыстық немесе оған теңестірілген соттың жалпы отырысының оң пікірін алған адамдарға; 2) «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 34-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 9) және 12) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша судья өкілеттіктерін тоқтатқан адамдарға; 3) теріс себептермен босатылғандарды қоспағанда, прокурор немесе тергеуші лауазымында кемінде он жыл жұмыс өтілі болған жағдайда, прокуратура және тергеу органдарынан босатылған адамдарға қолданылмайды. 4. ҚР Үкіметінің 2011.16.11. № 1346 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |