Нотариат туралы (2006.22.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2007 ж. 12 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды (жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі)
Осы Заңға өзгерістер енгізу туралы: 2007.12.01. № 222-III ҚР Заңын қара (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі)
1 Бөлiм Нотариат қызметiнiң ұйымдық және құқықтық негiздерi (1 - 33 баптар) 1-тарау. Жалпы ережелер (1 - 5 баптар) 2-тарау. Нотариустың құқықтық жағдайы (6 - 25 баптар) 3-тарау. Нотариаттық палата (26 - 29 баптар) 4-тарау. Нотариаттық қызметке ақы төлеу (30 бап) 5-тарау. Нотариустың қызметiн бақылау. Әдiлет органдарының (31 - 33 баптар) нотариатты реттеу саласындағы құзыретi 2 Бөлiм Нотариаттық iс-әрекеттер және оларды жасау ережелерi (34 - 105 баптар) 6-тарау. Нотариус пен уәкiлеттi лауазымды адамдар (34 - 38 баптар) жасайтын нотариаттық iс-әрекеттер 7-тарау. Нотариаттық iс-әрекеттер жасаудың негiзгi ережелерi (39 - 51 баптар) 8-тарау. Мәмiлелердi куәландыру (52 - 59 баптар) 9-тарау. Мұрагерлiк құқығы туралы куәлiк беру (60 - 72 баптар) 10-тарау. Ортақ бiрлескен мүлiктегi үлеске меншiк құқығы (73 - 75 баптар) туралы куәлiктер беру. Мүлiктi иелiктен алуға тыйым салу және оны алып тастау 11-тарау. Құжаттардың көшiрмелерi мен олардан алынған (76 - 80 баптар) үзiндiлердiң дұрыстығын, қойылған қолдардың түпнұсқалығын және аударманың дұрыстығын куәландыру 12-тарау. Фактiлердi куәландыру (81 - 83 баптар) 13-тарау. Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн (84 - 86 баптар) басқаға беру, ақшаны депозитке қабылдау 14-тарау. Вексель наразылығын жасау (87 - 92 баптар) 15-тарау. Құжаттарды және бағалы қағаздарды сақтауға қабылдау (93 - 94 баптар) 16-тарау. Теңiз наразылықтарын жасау (95 - 97 баптар) 17-тарау. Дәлелдемелердi қамтамасыз ету (98 - 99 баптар) 18-тарау. Нотариустың басқа мемлекеттердiң құқық нормаларын (100 - 105 баптар) қолдануы. Халықаралық шарттар Нотариат қызметiнiң ұйымдық және құқықтық негiздерi 1-тарау. Жалпы ережелер ҚР 24.12.01 ж. № 276-II; 05.05.03 ж. № 408-II (бұр. ред. қара); 2004.20.12 № 13-III Заңымен (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) Заңдарымен 1-бап өзгертілді 1-бап. Қазақстан Республикасындағы нотариат 1. Қазақстан Республикасындағы нотариат - құқықтар мен фактiлердi куәландыруға, сондай-ақ Заңда көзделген өзге де мiндеттердi жүзеге асыруға бағытталған нотариаттық iс-әрекеттердi жасау арқылы жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңда мүдделерiн қорғаудың заң жүзiнде бекітілген жүйесi. 2. Осы Заңмен белгiленген жағдайлар мен шектерде нотариаттық iс-әрекеттер жасауға мыналардың құқықтары бар: 1) мемлекеттік нотариат кеңселерiнде жұмыс iстейтiн нотариустар (мемлекеттік нотариустар) мен жеке практикамен айналысатын нотариустар (жекеше нотариустар); 2) аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердiң, ауылдардың (селолардың), ауылдық (селолық) округтердiң әкiмдерi аппараттарының нотариаттық iс-әрекеттер жасауға уәкiлеттi лауазымды адамдары; 3) Қазақстан Республикасының атынан консулдық қызмет атқаратын адамдар; 4) осы Заңмен нотариаттық iс-әрекеттер жасауға уәкiлеттi өзге де адамдар. Нотариат туралы заңдар Азаматтық кодекс нормаларынан, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының нотариаттық қызметтi реттейтiн өзге де заңдарынан тұрады. 3-бап. Нотариаттық қызмет және оның кепiлдiктерi 1. Нотариаттық қызмет - нотариустың және өзге де уәкiлеттi адамдардың осы Заңмен көзделген нотариаттық iс-әрекеттердi жасауы. 2. Нотариустар мен нотариаттық iс-әрекеттер жасауға уәкiлеттi басқа да адамдар нотариаттық iс-әрекеттер жасағанда тәуелсiз болады және тек қана заңға бағынады. Бұл орайда олар осы Заңды және басқа нормативтiк құқықтық актiлердi, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекiткен, осындай қызметтi реттейтiн халықаралық шарттарды басшылыққа алады. 3. Жеке және заңды тұлғаларға олардың жасаған нотариаттық iс-әрекеттердiң құпиясын сақтауға кепiлдiк берiледi. 4. Нотариус ретiнде қызметiн тоқтатқан адамдар нотариаттық iс-әрекеттердiң құпиясын сақтауға мiндеттi. 5. Нотариаттық iс-әрекеттер туралы мәлiметтер, нотариус берген құжаттардың көшiрмелерi немесе дубликаттары тапсырысы бойынша нотариаттық iс-әрекеттер жүргiзiлген заңды және жеке тұлғаларға, не олардың уәкiлеттi адамдарына ғана берiледi. 2006.22.06. № 147-III ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 6. Нотариаттық iс-әрекеттер туралы мәлiметтер мен құжаттар өздерi жүргiзiп жатқан iстер бойынша соттың, тергеу және анықтау органдарының, өздері жүргізіп жатқан атқарушылық іс жүргізу істері бойынша атқарушылық іс жүргізу органдарының жазбаша талап етуi бойынша, прокуратура органдарына, сондай-ақ әдiлет органдарына және осы Заңмен нотариустар қызметiн тексерудi жүзеге асыруға уәкiлдiк берiлген нотариат палаталарына берiледi. 7. Жасалған нотариаттық iс-әрекеттер туралы мәлiметтердi қасақана жария еткен адамдар заңдарға сәйкес жауап бередi. 8. Меншiк нысанына қарамастан, заңды тұлғалар және лауазымды адамдар нотариаттық iс-әрекеттер жасауға қажеттi мәлiметтер мен құжаттарды нотариус оларды талап еткен кезден бастап он күн мерзiмнен кешiктiрмей нотариусқа табыс етуге мiндеттi. 9. Өсиеттер туралы мәлiметтер, өсиеттердiң дубликаттары мен көшiрмелерi мүдделi адамдарға, егер заңдарда өзгеше белгiленбесе, өсиет берушi өлгеннен кейiн ғана берiледi. ҚР 05.05.03 ж. № 408-II Заңымен 4-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) 4-бап. Нотариаттық iс жүргiзу 1. Нотариаттық iс жүргiзу Қазақстан Республикасының архивтер мен құжаттаманы басқару жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік органымен келiсу арқылы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі бекiтетiн Нотариаттық iс жүргiзу жөніндегі нұсқаулыққа (бұдан әрi - Нұсқаулық) сәйкес жүзеге асырылады. 2. Нұсқаулық талаптарының сақталуына бақылау жасауды аумақтық әдiлет органдары мен нотариат палаталары жүзеге асырады. 3. Мемлекеттік нотариустардың құжаттары Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен мiндеттi түрде мемлекеттік архивке тапсырылуға тиіс. Жекеше нотариустардың құжаттары Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртіппен міндетті түрде жеке нотариаттық архивке тапсырылуға тиiс. 5-бап. Нотариаттық iс жүргiзiлетiн тiл 1. Нотариаттық iс Қазақстан Республикасының тiл туралы заңдарына сәйкес жүргiзiледi. 2. Егер нотариаттық iс-әрекет жасауды өтiнген адам iс жүргiзiлетiн тiлдi бiлмесе, ресiмделген құжаттардың мәтiндерi оның өтiнiшi бойынша осы Заңның 80-бабына сәйкес ақы төлеттiрiп аударылып берiлуге тиiс. 2-тарау. Нотариустың құқықтық жағдайы ҚР 13.11.98 ж. № 302-1; 11.07.01 ж. № 235-II; 24.12.01 ж. № 276-II; 05.05.03 ж. № 408-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 6-бап өзгертілді 6-бап. Қазақстан Республикасындағы нотариус 1. Жоғары заң білімi бар, әдiлет аттестаттау комиссиясында аттестаттаудан, нотариуста кемiнде бiр жыл тағылымдамадан өткен және нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия алған Қазақстан Республикасының азаматы нотариус бола алады. Өтелмеген немесе заңда белгіленген тәртіппен соттылығы алынбаған, белгiленген тәртіппен іс-әрекет жасауға қабiлетсіз не iс-әрекет жасауға қабілеттілігі шектеулi деп танылған адам нотариус бола алмайды. Өзiне қатысты ақталмайтын негiздер бойынша қылмыстық iс тоқтатылған, лицензиясы керi қайтарылып алынғандықтан не нотариаттық iс-әрекет жасау кезiнде Қазақстан Республикасы заңдарының бұзылуына жол бергенi үшiн мемлекеттік нотариус қызметiнен босатылғандықтан нотариаттық қызметтi тоқтатқан адам да осындай оқиға болғаннан кейiн үш жыл бойы нотариус бола алмайды. 2. Жекеше және мемлекеттік нотариустардың нотариаттық қызметтi жүзеге асырған кездегi құқықтары, мiндеттер тең болады. Олар ресiмдеген құжаттардың бiрдей заң күшi болады. 3. Осы баптың 1-тармағында көзделген лицензиясы жоқ адамдардың (осы Заңның 1-бабындағы 2-тармақтың 2),3) тармақшаларында аталған адамдарды қоспағанда) нотариаттық iс-әрекеттер жасауы, не нотариат туралы заңдардың өзге де талаптарын бұзып жасауы және сол iс-әрекеттерден табыс табуы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болуға әкеп соғады. ҚР 05.05.03 ж. № 408-II Заңымен 7-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) 7-бап. Нотариустың көмекшiлерi мен сынақтан өтушiлерi 1. Нотариустың көмекшiлерi мен сынақтан өтушiлерi болуы мүмкiн. 2. Қазақстан Республикасының азаматы ғана нотариустың көмекшiсi бола алады. 3. Нотариустың көмекшiсi жеке практикамен айналысатын нотариуста еңбек шартының негiзiнде жұмыс iстей алады немесе мемлекеттік нотариат кеңсесiнiң құрамында бола алады. 4. Нотариустың көмекшiсi нотариустың тапсырмаларын нотариустың нұсқауымен және жауапкершiлiгiмен орындауға құқылы. 5. Жоғары заң білімi бар және аттестаттау комиссиясында аттестаттаудан өткен Қазақстан Республикасының азаматтары нотариустың сынақтан өтушiлерi бола алады. Сынақтан өтушiлер сынақтан өту туралы шарт негiзiнде жеке практикамен айналысатын нотариустарда немесе мемлекеттік нотариустарда сынақтан өтедi. Заң мамандығы бойынша кемiнде екi жыл жұмыс стажы бар адамдар үшiн аумақтық әдiлет органы мен нотариаттық палатаның бiрлескен шешiмiмен сынақтың мерзiмi қысқартылуы мүмкiн. Сынақтың ұзақтығы үш айдан кем болмауы керек. 6. Нотариустардың сынақтан өтушiлерiнiң сынақтан өтуiнiң тәртібі, мерзiмi мен шарттары Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі бекiтетiн Нотариустардың сынақтан өтушiлерi туралы ережемен белгiленедi. ҚР 13.11.98 ж. № 302-1; 11.07.01 ж. № 235-II; 05.05.03 ж. № 408-II (бұр. ред. қара) 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) Заңдарымен 8-бап өзгертілді 8-бап. Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия 1. Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттау қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі берген лицензия (нотариус лицензиясы) нотариусқа нотариаттық iс-әрекеттер жасауға уәкiлдiк бередi. 2. Нотариус лицензиясы алуға қажеттi құжаттардың тiзбесi лицензия беру мерзімі мен тәртібі тиісті нормативтік құқықтық актілермен белгіленеді. 3. Нотариус лицензиясы мерзiмi шектелмей берiлетiн басты лицензия болып табылады және ол Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында қолданылады. 4. Нотариус лицензиясын беру үшiн алым алынады, оның мөлшерi мен төлену тәртібі салық заңдарымен белгiленедi. 5. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiн жүргiзедi және ведомстволық баспасөз органында нотариаттық қызметпен айналысуға лицензия берiлген адамдар туралы мәлiметтер жариялайды, онда: 1) нотариустың тегi, аты, әкесiнiң аты; 2) лицензия берiлген күн мен оның нөмiрi көрсетiледi. 6. Қазақстан Республикасының Әділет біліктілік алқасында біліктілік емтиханын тапсырған адамдар, тұрақты судьялар және өз міндеттерін атқару кезінде теріс қылықтар жасағаны және заңдылықты бұзғаны үшін судьялық қызметінен босатылған судьяларды қоспағанда, тұрақты судья болып жұмыс істеген адамдар, сондай-ақ мемлекеттік нотариустар аттестаттаудан өтпестен нотариаттық қызметті жүзеге асыру үшін лицензия алуға құқылы. 6-1. Нотариаттық қызметті жүзеге асыруға үміткер адамдардың аттестаттаудан өту ережесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. 9-бап. Нотариус лицензиясын беруден бас тарту 1. Нотариус лицензиясын беруден бас тарту негiздерi лицензиялау туралы заңдармен белгiленедi. 2. Нотариус лицензиясын беруден бас тартылған жағдайда өтiнiш иесiне ол қабылданған күннен бастап үш күн iшiнде бас тарту себептерi көрсетiле отырып жазбаша түрде дәлелдi шешiм берiледi. 3. Бас тарту туралы шешiм жөнiнде сотқа шағымдануға болады. ҚР 05.05.03 ж. № 408-II Заңымен 10-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) 10-бап. Нотариус лицензиясының күшiн тоқтата тұру 1. Нотариус лицензиясының күшiн азаматтардың арыздары, аумақтық әдiлет органдарының, нотариаттық палаталардың, прокуратура, тергеу, анықтау органдарының, сондай-ақ салық қызметiнiң ұсыныстары негiзiнде Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң шешiмiмен тоқтатыла тұрады. 2. Нотариус лицензиясының күшi алты айға дейiнгi мерзiмге мынадай жағдайларда: 1) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензияны керi қайтарып алу жөніндегі талап-арыз iсiн қозғағанда; 2) нотариус қылмыстық iс бойынша айыпталушы ретiнде тартылған жағдайда; 3) нотариус өзiнiң тегiн, атын, әкесiнiң атын өзгерткенi, сондай-ақ оның үй-жайының орналасқан орны өзгергенi туралы мәлiметтердi аумақтық әдiлет органына бiр ай iшiнде хабарламағанда; 4) нотариус осы Заңға сәйкес өзiне белгiленген қызмет аумағын бұзғанда; 5) нотариус нотариаттық iс-әрекеттердi жасаған кезде Қазақстан Республикасының заңдарын бұзғанда тоқтатыла тұруы мүмкiн. 3. Нотариус лицензиясының күшi тоқтата тұру туралы шешiмде лицензияның қолданылуын тоқтата тұру себептерi мен мерзiмi көрсетiлуге тиiс. Лицензияның күшi мұндай шешiм нотариусқа жеткiзiлген күннен бастап тоқтатыла тұрады. Тоқтата тұруға себеп болған мән-жайлар жойылған жағдайда лицензиар лицензияның күшiн қалпына келтiру туралы шешiм шығарады. 4. Нотариус лицензиясының күшiн тоқтата тұру тоқтатылған кезеңде нотариаттық iс-әрекеттер жасалуына тыйым салуға және нотариустың жеке мөрiн аумақтық әдiлет органына тапсыруына әкеп соғады. 5. Нотариус лицензиясының күшiн тоқтата тұру немесе қалпына келтiру туралы шешiм Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң ведомстволық баспасөз органында жарияланады. 6. Нотариус лицензиясының күшiн тоқтата тұру туралы шешiм жөнiнде сотқа шағымдануға болады. ҚР 11.07.01 ж. № 235-II; 05.05.03 ж. № 408-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 11-бап өзгертілді 11-бап. Нотариус лицензиясын керi қайтарып алу Әдiлет аттестаттау комиссиясының не прокуратура органдарының, не Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң, не Республикалық нотариаттық палатаның талап қоюы бойынша сот шешiмiмен мынадай жағдайларда: 2) жекеше нотариус Нотариустың ар-ождан кодексiн бiрнеше рет бұзғанда; 3) нотариус нотариаттық iс-әрекеттер жасаған кезде Қазақстан Республикасының заңдарын бiрнеше мәрте бұзғанда не мемлекеттiң, жеке және заңды тұлғалардың мүдделерiне зиян келтiрiп, заңдарды бұзғанда; 4) лицензияның күшiн тоқтата тұру себептерi жойылмағанда; 5) лицензия беруге негiз болып табылатын құжаттарда нотариустың дәйектемесiз немесе қасақана бұрмаланған ақпарат беру фактiсi анықталғанда; 6) лицензияның күшi үш мәрте тоқтатылғанда; 7) аттестаттаудың нәтижесi терiс болғанда нотариус лицензиясы керi қайтарылып алынады. ҚР 05.05.03 ж. № 408-II Заңымен 12-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) 12-бап. Нотариус лицензиясының күшiн тоқтату 1. Лицензия керi қайтарылып алынған жағдайда, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң шешiмi бойынша мынадай жағдайларда: 1) нотариус өз тiлегiмен өтiнiш бергенде; 2) нотариус азаматтығын өзгерткенде немесе Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерге тұрғылықты мекен-жайына кеткенде; 3) нотариус қайтыс болғанда; 4) нотариус қылмыс жасағаны үшiн сотталғанда - үкiм заңды күшiне енгеннен кейiн; 4-1) нотариусқа қатысты ақталмайтын негiздер бойынша қылмыстық iстi тоқтату туралы қаулы шыққанда; 5) нотариус заңдарда белгiленген тәртiппен iс-әрекет жасауға қабiлетсiз не iс-әрекет жасауға қабiлеттiлiгi шектеулi деп танылғанда; 6) денсаулық жағдайына байланысты нотариустың өз кәсiптiк мiндеттерiн атқаруы мүмкiн болмағанда (медициналық қорытынды негiзiнде); 7) нотариус хабар-ошарсыз кеткен деп танылғанда немесе қайтыс болған деп жарияланғанда нотариус лицензиясының күшi тоқтатылады. 2. Нотариус лицензиясының күшiн тоқтату туралы ұсынысты тиiстi нотариат палатасы мен аумақтық әдiлет органы енгiзедi. 3. Аумақтық әдiлет органы мен нотариаттық палата лицензиясының күшi тоқтатылған нотариустың құжаттарын басқа нотариусқа немесе жеке нотариаттық архивке беру жөнiнде, сондай-ақ лицензияны лицензиарға беру үшiн алып қою және нотариустың жеке мөрiн жою жөнiнде шаралар қолдануға мiндеттi. 4. Нотариус лицензиясының күшi тоқтатылуына байланысты даулар сот тәртібімен шешiледi. 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 13-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) 13-бап. Мемлекеттік нотариус 1. Мемлекеттік нотариус осы Заңның 6-бабында аталған талаптарға сай болуға тиiс, бұған нотариус лицензиясын алу туралы талаптар қосылмайды. 2. Мемлекеттік нотариустың нотариаттық iс-әрекеттерi үшiн аумақтық әдiлет органы мүлiктiк жағынан жауап бередi. 14-бап. Мемлекеттік нотариат кеңсесi 1. Мемлекеттік нотариат кеңсесi аумақтық әдiлет органының құрылымдық бөлiмшесi болып табылады, оның заңды тұлға құқығы болмайды және осы орган бекiткен Ереже негiзiнде жұмыс iстейдi. 2. Мемлекеттік нотариат кеңселерi Қазақстан Республикасының аудандарында (қалаларында) орналасады. ҚР 24.12.01 ж. № 276-II; 05.05.03 ж. № 408-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 15-бап өзгертілді 15-бап. Жеке практикамен айналысатын нотариус 1. Заңды тұлға құрмай, лицензия негiзiнде нотариаттық қызметпен айналысатын, өзiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн нотариаттық iс-әрекеттер жасау нәтижесiнде зиян келтiру салдарынан туындайтын мiндеттемелер бойынша сақтандырған, нотариаттық палатаға мүше болған және аумақтық әдiлет органында есепке тұру тiркеуінен өткен азамат жеке практикамен айналысатын нотариус деп танылады. 2. Жеке практикамен айналысатын нотариус банк мекемелерiнде есеп айырысу шоты болуына және өзге де шоттар ашуға, еңбек заңдарына сәйкес көмекшiлер, техникалық қызметкерлер жалдап, оларды жұмыстан босатуға, нотариаттық iс-әрекеттер жасаудан алынған табысқа билiк етуге, соттарда өз атынан сөз сөйлеуге және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес басқа да iс-әрекеттер жасауға құқылы. ҚР Конституциялық Кеңесінің 2005.31.01. № 1 қаулысымен 3-тармақтың күші жойылды 3. Кәсiби қасиеттерiнiң деңгейiн айқындау мақсатында жеке практикамен айналысатын нотариус бес жылда бiр рет аттестаттаудан өтедi. Аттестаттаудан өту тәртібін Қазақстан Республикасының Әдiлет министрi бекiтедi. 4. Жеке практикамен айналысатын нотариустың азаматтар мен заңды тұлғалар өкiлдерiнiң еркiн кiрiп-шығуына, нотариаттық iс-әрекеттер жасаудың құпиялылығын сақтауға және нотариаттық iс жүргiзудiң сақталуын қамтамасыз ету үшiн жағдай жасауға жарамды үй-жайы болуға тиiс. ҚР 05.05.03 ж. № 408-II Заңымен 16-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) 16-бап. Жекеше нотариустың қызметiн сақтандыру 1. Жекеше нотариус осы Заңның 34-бабының 1-тармағында көзделген нотариаттық әрекеттер жасау нәтижесiнде зиян келтiру салдарынан туындайтын мiндеттемелер бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру шартын жасасуға мiндеттi және оның мұндай шарт болмағанда нотариаттық iс-әрекеттер жасауға кiрiсуге құқығы жоқ. 2. Нотариустың нотариаттық iс-әрекеттер жасауы нәтижесiнде зиян келтiру салдарынан туындайтын мiндеттемелер бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандырудың тәртібі мен шарттары Қазақстан Республикасының заң актілерімен белгiленедi. ҚР 29.03.00 ж. № 42-II; 05.05.03 ж. № 408-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 17-бап өзгертілді 17-бап. Нотариустың құқықтары Нотариус: 1) өзiне жүгiнген жеке және заңды тұлғалардың мүдделерiне сәйкес осы Заңда және Қазақстан Республикасының басқа да заң актілерінде көзделген нотариаттық iс-әрекеттер жасауға; 2) мәмiлелердiң, өтiнiштер мен басқа да құжаттардың жобаларын жасауға; 3) құжаттардың көшiрмелерiн және олардың үзiндiлерiн әзiрлеуге; 4) нотариаттық iс-әрекеттер жасау мәселелерi бойынша консультациялар беруге; 5) Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген коммерциялық, банктiк және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып, жеке және заңды тұлғалардан нотариаттық iс-әрекеттер жасауға қажеттi құжаттар мен мәлiметтер талап етуге; 6) ғылыми, педагогтiк және шығармашылық қызметпен айналысуға, соның iшiнде жалдау шарты бойынша айналысуға; 18-бап. Нотариустың мiндеттерi Нотариус: 1) осы Заңның және Қазақстан Республикасының нотариат қызметiн реттейтiн басқа да нормативтiк құқықтық актілерінiң талаптарына сәйкес нотариаттық iс-әрекеттер жасауға; 2) азаматтарға және заңды тұлғаларға құқықтар мен мiндеттердi түсiндiруге, олардың заңды бiлмегендiгi өздерiне зиян келтiруге пайдаланылуы мүмкiн болмауы үшiн, жасалған нотариаттық iс-әрекеттерiнiң салдарлары жөнiнде ескертуге; 3) кәсiптiк қызметiн жүзеге асыруға байланысты өзiне белгiлi болған мәлiметтердi құпия ұстауға; 4) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келмейтiн жағдайда нотариаттық iс-әрекеттер жасаудан бас тартуға; 5) кәсiптiк әдептi сақтауға; 6) әдiлет органына және (немесе) нотариаттық палатаға өз iс-әрекеттерiне түскен шағымдар бойынша өзi жасаған нотариаттық iс-әрекеттер туралы мәлiметтер, өзге құжаттар, ал қажет болған жағдайларда жеке түсiнiктемелер, оның iшiнде кәсiптiк әдеп талаптарын сақтамау мәселелерi жөнiнде түсiнiктемелер беруге мiндеттi. ҚР 24.12.01 ж. № 276-II; 05.05.03 ж. № 408-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 19-бап өзгертілді 19-бап. Нотариустың қызметiн шектеу 1. Нотариустың: 1) кәсiпкерлiк қызметпен айналысуға; 2) шарттарды жасасу, өзгерту және бұзу кезiнде делдалдық қызмет көрсетуге; 3) өкiлдi органға депутат болып сайланған жағдайда нотариус мiндеттерiн орындауға құқығы жоқ. 2. Жеке практикамен айналысатын нотариустың жалдама қызметкер ретiнде еңбек қатынастарында болуға құқығы жоқ. ҚР 05.05.03 ж. № 408-II Заңымен 20-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) 20-бап. Нотариаттық округ Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аймақтық бөлiнiске сәйкес бiр облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың аумағы нотариаттық округ болып танылады. ҚР 05.05.03 ж. № 408-II Заңымен 21-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) 21-бап. Нотариустың қызмет ету аумағы 1. Нотариаттық округ шегіндегі мемлекеттік нотариустың қызмет ету аумағын аумақтық әдiлет органы белгiлейдi. 2. Нотариаттық аумақ шегiнде жекеше нотариустың қызмет ету аумағын нотариаттық палатамен бiрлесе отырып, аумақтық әдiлет органы белгiлейдi. Аумақтық әдiлет органы халыққа мемлекеттік және жекеше нотариустардың қызмет ету аумағын үнемi хабарлап отырады. 3. Нотариустың қызмет ету аумағы осы Заңның 34-бабы 1-тармағының 3, 4, 5-тармақшаларында, сондай-ақ 54-бапта көзделген iс-әрекеттердi жасаған жағдайда сақталады. Басқа жағдайлардың бәрiнде жеке және заңды тұлғалардың нотариаттық iс-әрекеттер жасату үшiн кез келген нотариусқа жүгiнуге құқығы бар. 4. Нотариаттық iс-әрекеттер жасауға арналған үй-жай осы баптың 1 және 2-тармақтарында көзделген тәртiп бойынша белгiленген аумақ шегiнде болуға тиiс. |