«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 26 мамырдағы № 511 қаулысын іске (2006.30.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2007 жылғы 23 мамырдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 26 мамырдағы № 511 қаулысын іске асыру мақсатында, шетелдік жоғары оқу орындары және шетелдік серіктестер ұсынған құжаттардың негізінде БҰЙЫРАМЫН: 1. 1-10-қосымшаларға сәйкес елдер бөлінісінде Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясының мөлшерін анықтау үшін шығыстар нормасы бекітілсін. 2. Білім беруді дамыту стратегиясы және халықаралық ынтымақтастық департаменті (Ә.Қ. Айтқалиев) "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ-пен (Ә.Х. Бралиев) бірлесіп, келесі қаржы жылының республикалық бюджетінің жобасын әзірлеген кезде белгіленген шығыстар нормаларын түзетуді қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдасын. 3. Білім беруді дамыту стратегиясы және халықаралық ынтымақтастық департаменті (Ә.Қ. Айтқалиев) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуден өткізсін. 4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. 5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Білім және ғылым министрінің 2005 жылғы 2 желтоқсандағы № 745 бұйрығына 1-қосымша
ҚР Білім және ғылым министрінің 2006.30.06. № 358 Бұйрығымен 1-қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясының стипендиатын оқытуға жұмсалатын шығыстардың нормалары
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|