Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2007 жылғы 27 қарашадағы № 319 бұйрығына 1-қосымша
ҚР Әділет министрінің 2010 жылғы 30 наурыздағы № 91 Бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының әділет органдарынан және өзге де мемлекеттік органдардан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою туралы мемлекеттік қызмет көрсету стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Апостиль - құжатқа қол қойған адамның қолының түпнұсқалығын және оның өкілеттіктерін растауды, сондай-ақ осы құжат бекітілген мөрдің немесе мөртаңбаның түпнұсқалылығын растайтын арнайы мөртаңба. Апостильді қою Гаага конвенциясына қатысушы елдердің аумағында қолдануға арналған апостиленетін құжаттардың түпнұсқалылығы мен дұрыс ресімделінуіне кепілдікті қамтамасыз ету болып табылады. 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: жартылай автоматтандырылған. 3. Мемлекеттік қызмет «Қазақстан Республикасының Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыру талаптарын жоятын конвенцияға қосылуы туралы» Қазақстан Республикасының Заңының, «Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыруды талап етудің күшін жоятын конвенция (Гаага, 1961 жылғы 5 қазан) ережелерін іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 сәуірдегі № 545 қаулысының, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1536 болып тіркелген «Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою тәртібі мен шарттары туралы бірыңғай қағиданы бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2001 жылғы 4 маусымдағы № 67 бұйрығының негізінде көрсетіледі. 4. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі комитетінің (бұдан әрі - Комитет) апостильдеу жұмыстарын ұйымдастыру бөлімі мен облыстардағы және Алматы қаласы әділет департаменттері көрсетеді. Мемлекеттік қызмет Министрлік үйі ғимаратында, облыстар мен Алматы қаласы әділет департаменттерінің ғимараттарында көрсетіледі. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|