|
|
|
Монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекетаралық кеңестегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілетті өкілдері туралы (2015.19.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
2000 жылғы 25 қаңтардағы Монополияға қарсы келісілген саясат жүргізу туралы шарттың 4-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Ораз Әлиұлы Жандосов және Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев Монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекетаралық кеңестегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілетті өкілдері міндетінен босатылсын. ҚР Үкіметінің 2010.31.12. № 1517 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2011.04.08. № 911 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.20.06. № 806 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.15.05. № 486 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.05.05. № 456 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2015.19.02. № 72 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда 2. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Марат Әпсеметұлы Құсайынов және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің төрағасы Серік Мақашұлы Жұманғарин Монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекетаралық кеңестегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілетті өкілдері болып тағайындалсын. 3. «Монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекетаралық кеңестегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілетті өкілдері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 25 қарашадағы № 1174 қаулысының күші жойылды деп танылсын. 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |