|
|
|
«Ағаш конструкцияларының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы (2013.23.07. берілген өзгерістермен)
«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған «Ағаш конструкцияларының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті бекітілсін. 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап алты ай еткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2008 жылғы 26 желтоқсандағы № 1265 қаулысымен бекітілген
«Ағаш конструкцияларының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті
1. Қолданылу саласы
1. Осы «Ағаш конструкцияларының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті (бұдан әрі - Техникалық регламент) ағаш конструкцияларының қауіпсіздігіне, оларды өндіру, тасымалдау, сақтау, пайдалану мен кәдеге жарату процестеріне қойылатын талаптарды белгілейді. Осы Техникалық регламентте техникалық реттеу объектілері мыналар болып табылады: 1) осы Техникалық регламентке 1-қосымшада келтірілген ағаш конструкциялары; 2) ағаш конструкцияларын өндіру, тасымалдау, сақтау, пайдалану мен кәдеге жарату процестері (тіршілік циклдері). ҚР Үкіметінің 2011.08.02. № 91 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 2. Ағаш конструкцияларын сәйкестендіру Кеден одағының Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының (КО СЭҚ ТН) кодтары мен ҚР МЖ 04-2008 Экономикалық қызметінің түрлері бойынша өнім жіктемесі (ЭҚТ ӨЖ) бойынша, таңбалануы мен ілеспе құжаттары бойынша, конструкциялардың бүйірлік беттері қабаттарының (ламельдерінің) болуы бойынша және/немесе олардың беттерінде желімдік аралық қабаттардың (қосылыстарының) болуы бойынша, сондай-ақ жиынтығында оларды тану үшін жеткілікті болатын өзге де белгілер, өлшемдер, көрсеткіштер мен талаптар бойынша соларға сәйкес келетін кодтарды пайдалану жолымен жүргізіледі. ҚР Үкіметінің 2010.18.08. № 822 Қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (2010 жылғы 18 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3. Ағаш конструкцияларының қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексімен және Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 19 желтоқсандағы Еңбек кодексімен, «Тұтынушылар құқығын қорғау туралы» 2010 жылғы 4 мамырдағы, «Өрт қауіпсіздігі туралы» 1996 жылғы 22 қарашадағы, «Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы» 1998 жылғы 23 сәуірдегі, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі, «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» 2002 жылғы 3 сәуірдегі, «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы» 2002 жылғы 4 желтоқсандағы заңдарымен белгіленеді. 4. Ағаш конструкцияларының тіршілік циклі процесінде аулақ болу қажет болатын негізгі қауіпті факторлар (қатерлер) мыналар болып табылады: 1) ағаш конструкцияларын дайындау мен құрастыру кезінде шу мен дірілдердің жоғары деңгейі орын алуы мүмкін; 2) жабдықтардың, құрал-сайманның жылжымалы бөліктері, жылжытылатын бұйымдар, әзірлемелер, материалдар; 3) қоршаған ортаның, жабдықтардың бетінің жоғары немесе төмен температурасы; 4) ағаш конструкцияларының бетінде микрофлораның дамуы; 5) өндірістік процестер кезінде ағаш конструкцияларының тұтануы; 6) ағаш конструкцияларда адам ағзасына теріс әсерін тигізуі мүмкін шекті рұқсат етілген мәннен асатын радиоактивті сәулеленулердің болуы; 7) тасымалдау кезінде жүктің тепе-тең бөлінбеуі тежеу кезінде немесе бұрылыстағы қозғалыс кезінде оны басқаруға ие бола алмай қалуға әкеп соқтыруы мүмкін, ал бекітілмеген жүк қозғалыс кезінде ығысып немесе түсіп қалуы мүмкін; 8) өндіру мен пайдалану кезінде шайырлардың, желімдердің, сұйықтардың, ағашты әшекейлік/қорғауға арналған өңдеу құралдарының, саңырауқұлақ ауруына қарсы дәрі-дәрмектердің, лактардың, бояулардың және ерекше иісті басқа да материалдар мен химиялық заттардың адам денсаулығына зиян келтіруге қабілетті шекті рұқсат етілген концентрациялардан асатындай мөлшерде бөлінуі; 9) өрттің шығу себебіне айналуы мүмкін артық мөлшердегі жылу бөлінетін қауіпті пайдалану процестері; 10) елеулі мөлшердегі пайдалану жүктемелерін қабылдауға арналған ағаш конструкцияларының бұзылуы; 11) өндірістік учаскелерінің және құрылыс-монтаждау алаңдары шегінде қозғалыстағы көлік құралдарынан, жүк көтерме машиналардан, тетіктер мен олардың бөліктерінен туындайтын қауіп. 5. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған ағаш конструкциялары саласындағы халықаралық шартта осы Техникалық регламентте көзделгеннен өзге ережелер белгіленген болса, халықаралық шарттың ережелері қолданылады. 6. Осы Техникалық регламент бұрын пайдалануда болған және құрылыста қайтадан пайдаланылатын ағаш конструкцияларына қатысты болмайды.
ҚР Үкіметінің 2013.23.07. № 735 Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 7. Осы Техникалық регламентте техникалық реттеу саласы мен сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнамалық актілерде пайдаланылатын негізгі ұғымдар қолданылады, мына терминдер қосымша пайдаланылады: 1) ағаш конструкцияларының беріктігі - ағаш конструкцияларының пайдалану және өзге жүктемелерінің әсерінен бұзылуға төтеп беру қабілетін сипаттайтын оның механикалық қасиеті; 2) ағаш конструкцияларының биологиялық қауіпсіздігі - ағаш конструкцияларын дайындау кезінде пайдаланылған сүректің келеңсіз әсерін тигізетін микроорганизмдерден, әртүрлі жәндіктерден адам денсаулығы мен қоршаған ортаға зиян келтірудің жол берілмейтін қатері болмайтындай жай-күйі; 3) ағаш конструкцияларының механикалық қауіпсіздігі - ағаш конструкцияларының берілген қызмет мерзімі ішінде олардың талап етілген беріктігі қамтамасыз етілетіндей және адам өміріне немесе денсаулығына және қоршаған ортаға, оның ішінде өсімдіктер және жануарлар әлеміне зиян келтірудің рұқсат етілмейтін қатері болмайтындай жай-күйі; 4) ағаш конструкциясы - ғимараттардың, құрылыстардың құрылыстық конструкцияларында және бұйымдарында көтеру және/немесе қоршау және/немесе әшекейлік функцияларын немесе олардың жиынтығын орындауға арналған белгілі бір өлшемдердегі және өзара белгілі бір тәртіппен орналасқан біріктірілген ағаш бөлшектерінің (қабаттарының, ламельдерінің) жиынтығы; 5) ағаш конструкцияларының желім қосылыстарының төзімділігі - ағаш конструкцияларының желім қосылыстарының пайдалану мерзімімен белгіленген уақыт ішінде әртүрлі жүктемелердің әсерімен талап етілген беріктілік өлшемдерін сақтау қасиеті; 6) ең аз қажетті талаптар - азаматтардың өмірі немесе денсаулығын қорғау, қоршаған ортаны, жануарларды немесе өсімдіктерді қорғау, өнімнің қауіпсіздігі мен сапасына қатысты тұтынушыларды адастыруға алып келетін әрекеттердің алдын алу үшін рұқсат етілетін зиян келтіру қатерін бағалауға негізделген қауіпсіздік талаптары; 7) жалпы (елеулі) талаптар - қажетті қауіпсіздікті қамтамасыз етудің нақты тәсілдері мен сипаттамаларын егжей-тегжейлі көрсетпей-ақ, оның мәнін сипаттау түрінде ұсынылған ең аз қажетті талаптар; 8) жол берілмейтін қатер - адамдардың денсаулығына жол берілмейтін зиян келтірудің не болмаса жеке немесе заңды тұлғалардың мүлкіне, мемлекеттік мүлікке, қоршаған ортаға жол берілмейтін зиян келтірудің ықтималдылығы; 9) көрнекі сынама - өнімнің белгілі бір партиясынан алынған барлық нүктелік сынамалардың жиынтығы; 10) қабат (ламель) - тұтас ағаш бөлшек түріндегі көп қабатты желімделген ағаш конструкцияларының элементі; 11) нагель - біріктірілетін элементтердің өзара ығысуына жол бермейтін фермалардың түйіспелеріндегі, құрама өзекшелері мен арқалықтардағы ағаш конструкцияларының элементтерін біріктіруге арналған өзекшелер мен тілікшелер (болат және ағаш); 12) нүктелік сынама - бір бақылау нүктесіндегі өнімнің партиясынан іріктеп алынған өнім материалының мөлшері; 13) оттан қорғау - талап етілетін оттан қорғау тиімділігіне ие және ағаш конструкцияларды арнайы оттан қорғауға арналған құрам, зат (заттардың қоспасы) немесе материал; 14) радионуклидтердің үлестік белсенділігі - көрнекі сынамадағы радионуклид белсенділігінің өте құрғақ күйдегі сынаманың салмағына ара қатынасы; 15) сәйкестік презумпциясы - оған сәйкес үйлестірілген ұлттық стандарттардың егжей-тегжейлі (нақты) талаптарын орындау Техникалық регламенттің тиісті жалпы (елеулі) талаптарын сақтау деп есептелетін заңнамалық немесе тұжырымдамалық бекітілген ереже.
3. Өнімнің Қазақстан Республикасының нарығындағы айналым шарттары
8. Ғимараттарды, құрылыстарды салу кезінде пайдаланылатын ағаш конструкциялар осы Техникалық регламенттің талаптарына, сондай-ақ ағаш конструкцияларына қатысы бар басқа да Техникалық регламенттерде белгіленген қауіпсіздік талаптарына сәйкес келуі тиіс. 9. Ағаш конструкциялары (оның ішінде импортталатын) өткізу (сату) кезінде тұтынушы үшін зиян келтірудің мүмкін болатын қатерлерін бағалау және олардың тиісті қауіпсіздік шараларын қабылдауы үшін қажетті ілеспе құжаттамамен қамтамасыз етілуі тиіс. Онда мыналар көрсетілуі тиіс: 1) ағаш конструкцияларының мақсаты және оларды пайдалану шарттары; 2) ағаш конструкцияларының және олардың қосылыстары беріктігінің нақты көрсеткіштерінің нормативтік талаптарға сәйкес келуі; 3) ағаш конструкцияларының өрт және экологиялық қауіпсіздік өлшемдері; 4) ағаш конструкциялары материалдарының, олардың қабатындағы (ламельдері) заттар мен сүректердің радиациялық қауіпсіздік талаптарына сәйкес болуын растау; 5) желімделген ағаш конструкцияларын дайындау кезінде пайдаланылған желімдік заттардың санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес болуын растау; 6) ағаш конструкцияларын сақтау, тасымалдау, пайдалану және кәдеге жарату қауіпсіздігінің шарттары бойынша нұсқаулар; 7) ағаш конструкцияларының осы Техникалық регламенттің талаптарына сәйкестік сертификаттары туралы мәліметтер. 10. Ескерту таңбалауына енгізілетін ақпарат «Буып-түюге, таңбалауға, затбелгі жапсыруға және оларды дұрыс түсіруге қойылатын талаптар» техникалық регламентінің талаптарына сәйкес болуы тиіс. 11. Ағаш конструкцияларының ескерту және сәйкестендіру таңбалары мәтін, нышандар түрінде салынады. 12. Қабылдаудан өткен және тұтынушыға жеткізілетін әрбір конструкцияға шайылмайтын бояумен трафарет немесе мөртабанның көмегімен таңбалау белгілері салынуы тиіс. Конструкцияға таңбалауды монтаждаудан кейін көрініп тұратын бетіне салады. 13. Ақпаратты түсіру құралдары ағаш конструкцияларын сақтау, тасымалдау, іске асыру және пайдалану кезінде таңбалардың сақталуын қамтамасыз етуі тиіс.
14. Осы Техникалық регламентте тіршілік циклі процестерінде қойылатын механикалық (құлау немесе қирау кезіндегі соққы әсері), өрт, биологиялық және радиациялық және экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздікке қойылатын талаптар келтірілген. 15. Ағаш конструкцияларын құру, дайындау және пайдалану кезінде олар орындайтын барлық функциялар мен пайдалану шарттары ескерілген болуы тиіс. 16. Желімделген ағаш конструкцияларының желімдік қосылыстарының беріктілігі желімделген қабаттардың (ламель) сүрегі мен әрлеу материалдарының беріктілігінен кем болмауы және нақты мақсаттағы ағаш конструкцияларында жүктемелер мен әсер етулердің сипаты мен мәндеріне сәйкес келуі тиіс. 17. Желімделген ағаш конструкцияларының желімдік қосылыстарының төзімділігі нақты мақсаттағы ағаш конструкцияларын қалыпты пайдаланудың есептік уақыты ішінде желімдік қосылыстардың нормативтік беріктік мәндерін 0,95-тен кем болмайтындай сенімділікпен қамтамасыз етуі тиіс. Ағаш конструкцияларының көтерме қабілеті мен иілгіштігін есептеудің пайдаланылатын әдістері тиісті материалдардан жасалған конструкцияларға арналған қолданыстағы нормативтік құжаттардың, осы Техникалық регламенттің көтерме ағаш конструкцияларына қатысты талаптарына сәйкес жауап беруі және жүктемелер мен әсер етулердің қолайсыз үйлесімдерін есепке ала отырып, орындалуы тиіс. 18. Желімделген ағаш конструкцияларын дайындау кезінде қолданылатын полимерлік және синтетикалық материалдар мен заттарға мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының тиісті рұқсаты болуы тиіс. Ағаш конструкцияларының жіктемесі осы Техникалық регламентке 2-қосымшада келтірілген.
4.1. Механикалық қауіпсіздік талаптары
19. Ағаш конструкцияларын өндіру, тасымалдау және сақтау, құрылыста пайдалану, кәдеге жарату кезінде олардан туындауы мүмкін механикалық соққы әсерінен (құлау немесе қирау кезінде) қорғау үшін қажетті қауіпсіздік деңгейін қамтамасыз ететін мынадай талаптар орындалуы тиіс: 1) жекелеген ағаш конструкциясы, сондай-ақ олардың қатары қаластыру кезінде аударылу, құлау немесе бұзылу қатеріне жол бермей пайдалануды қамтамасыз ете отырып, көзделген жұмыс жағдайларында орнықты болуы тиіс; 2) ағаш конструкцияларын құрылыс объектілерінде сақтау кезінде персоналдарды олардың мүмкін болатын құлауы немесе бұзылу кезінде соққы әсерінен қорғау үшін қорғау қоршаулары мен аспалар (маңдайшалар) қолданылуы тиіс; 3) ағаш конструкцияларын жобалық орнына орнату кезінде, сондай-ақ олардың қатарын қаластырып жинаған кезде орнықтылығын қамтамасыз ету үшін тиісті бекітпелерді қолдануды көздеу қажет. 20. Ағаш конструкцияларының механикалық қауіпсіздігі беріктілігі бойынша талаптарды орындаумен және сүректің табиғи кебу процесінен туындаған шөгуінің салдарынан геометриялық өлшемдерінің өзгермеуі арқылы қамтамасыз етіледі. 21. Ағаш конструкцияларын жобалау мен монтаждау кезінде олардың иілгіштігін ескеру қажет, олар белгілі бір өңірге тән болып келетін барынша жоғары қар және жел жүктемелеріне шыдауы тиіс. 22. Ағаш конструкциялары берік болуы және құрылыс алаңдарының нақты инженерлік-геологиялық жағдайларын және егер соңғысы сейсмикалық қауіпті ауданда орналасқан болса соның сейсмикалығын ескере отырып, ғимараттар мен құрылыстардың орнықтылығын қамтамасыз етуі тиіс.
4.2. Өрт қауіпсіздігі талаптары
23. Ағаш конструкцияларының тіршілік циклінің барлық сатыларында олардың өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қолданыстағы заңнамаларға, техникалық регламенттерге және өрт қауіпсіздігі саласындағы басқа да нормативтік құжаттарға сәйкес талаптар орындалуы тиіс. 24. Ағаш конструкцияларын өндіру кезінде кәсіпорынның барлық қызметтері мен өндірісте жұмыс істейтін персоналдың жұмысын өндірістің өрт қауіпсіздігін тиісті техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес қамтамасыз ететіндей түрде ұйымдастыру қажет. 25. Ағаш конструкцияларымен жұмыс істеу кезінде өрттің туындау жағдайларының алдын алатын шаралар көзделуі тиіс: 1) тұтынушыға ағаш конструкцияларының өртке қауіптілігі туралы ескертіледі; 2) оларды пайдалану жөніндегі нұсқаулық және өрт қауіпсіздігі саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жалпы талаптар сақталады; 3) ағаш конструкцияларының тұтануын алдын алуды қамтамасыз ететін, бастапқы сатыда өрттің дамуын тежейтін немесе тоқтататын, оның жайылмауын қамтамасыз ететін, өрттің қауіпті факторларының әсерін азайтатын және оны жылдам жоюға ықпал ететін, жаңа прогрессивті жобалық шешімдердің мүмкіншіліктерін кеңейтетін өрттен қорғау шаралары жүргізіледі; 4) ағаштан жасалған құрылыс конструкцияларын оттан қорғау құрылымдық тәсілдермен (жылу оқшаулағыш материалдарымен қаптау, әртүрлі экрандар мен өртке қарсы аралық жабындарды орнату) және ағаштың бетін өңдеу үшін арнайы оттан қорғау құрамдарын (жақпалар, бояулар, лактар, сіңіргіштер) пайдаланумен жүзеге асырылады. 26. Ағаш конструкцияларын оттан қорғау жұмыстарын жүргізу кезінде ағаштың бетін дайындауға, оттан қорғау құрамын дайындау мен жағу технологиясына, жұмсауға және қабатының қалыңдығына қойылатын нормативтік құжаттардың талаптарын қатаң түрде сақтау қажет. 27. Ағаш конструкцияларын немесе олардың элементтерін оттан қорғау құрамдарымен және заттармен қорғауды кезең-кезеңмен (оның қолданылуының белгіленген мерзімі аяқталғаннан кейін) жаңартып отыру қажет. 28. Ағаш конструкцияларын пайдалану кезінде өрт шығу қатерін азайту үшін мұндай қатерлерді барынша азайтатын немесе оған мүлде жол бермейтін шаралар көзделуі тиіс. 29. Қазақстан Республикасының аумағында сатылатын отандық және импорт өндірісінің ағаш конструкциялары нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес өрт қауіпсіздігі бойынша жіктелінуі тиіс.
4.3. Биологиялық қауіпсіздік талаптары
30. Ағаш конструкцияларының биологиялық қауіпсіздігі өнімнің қасиетімен белгіленеді (сүректе адам мен қоршаған ортаға келеңсіз әсерін тигізетін микроорганизмдер, түрлі жәндіктер болуы мүмкін) және қолданыстағы заңнамаға сәйкес талаптарды орындау жолымен қамтамасыз етіледі. 31. Ағаш конструкцияларының барлық беттері адам үшін қауіпсіз, ұшпайтын, шаң шығармайтын және саңырауқұлақ түзілімдерінің, ағаш бүлдіретін жәндіктер мен ауру тудырғыш бактериялардың пайда болуына қарсы толық кепілдікті қамтамасыз ететін құрамдармен залалсыздандырылған болуы тиіс.
4.4. Радиациялық қауіпсіздік талаптары
32. Ағаш конструкцияларының тіршілік циклінің барлық сатыларындағы радиациялық қауіпсіздік қолданыстағы заңнамаларға сәйкес талаптарды орындау жолымен қамтамасыз етілуі тиіс. 33. Ағаш конструкцияларын дайындаушы кәсіпорынның барлық қызметтері мен өндірісте жұмыс істейтін персоналдың жұмысын радионуклидтермен залалданған шикізатты, материалдар мен заттарды қолдануға жол бермейтіндей етіп ұйымдастыруы тиіс. 34. Ағаш конструкциялары қоршаған ортаға, адам ағзасына келеңсіз әсерін тигізуі мүмкін шекті рұқсат етілген мәннен асатындай радиоактивті сәулелену көздері болмауы тиіс. Ағаш конструкцияларындағы радионуклидтердің меншікті белсенділігі нормативтік-құқықтық актілерде, нормативтік құжаттарда бекітілген нормаларға сәйкес болуы және Халықты радиологиялық қорғау жөніндегі халықаралық комитетінің ұсынымдарымен бекітілген шектен аспауы тиіс. 35. Шаруашылық қызметте пайдалану үшін келіп түскен ағаш конструкцияларының бетінде тіркелмеген (алынатын) радиоактивті ластанудың болуына жол берілмейді. 36. Адам мен қоршаған ортаға радиациялық әсер етуі мүмкін ағаш конструкцияларын, оларға арналған оң санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды болмайынша айналымға енгізуге жол берілмейді. Ағаш конструкцияларының радиациялық қауіпсіздігінің нақты нормативтері осы Техникалық регламентпен үйлестірілген стандарттарда белгіленеді.
4.5. Экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік талаптары
37. Ағаш конструкцияларының тіршілік циклінің барлық кезеңдеріндегі экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздігі қолданыстағы заңнамаларға сәйкес талаптарды орындау жолымен қамтамасыз етілуі тиіс. 38. Ағаш конструкцияларын дайындаушы кәсіпорынның барлық қызметтері мен өндірісте жұмыс істейтін персоналдың жұмысын өндірістің экологиялық қауіпсіздігін тиісті техникалық регламенттердің талаптарына және санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ететіндей түрде ұйымдастыруы тиіс. 39. Өндірістік процестер кезінде және апаттар кезінде, сондай-ақ солардың келеңсіз салдарын жою кезіндегі қоршаған ортаның ластануына жол берілмеуін көздеу қажет. 40. Ағаш конструкциялары (оның ішінде құрамында шайыр, желімдер, лак, бояулар және басқа материалдар бар) үй-жайлардың микроклиматын бұзбай және қоныстану алдында үй-жайлардағы ерекше иістерді тудырмауы, ауаға, суға және топыраққа шекті рұқсат етілген концентрациясынан асатындай мөлшердегі химиялық заттарды бөлмеуі, өз бетіндегі микрофлораның дамуына ықпал етпеуі тиіс және ылғалды дезинфекциялауға қол жетімді болуы тиіс.
4.6. Көтерме ағаш конструкцияларының қауіпсіздік талаптары
41. Ағаш конструкцияларының көтерме қабілеті бойынша (шекті күйлердің бірінші тобы) және жүктемелердің сипаты мен қызметінің ұзақтығын ескере отырып, қалыпты пайдалануға кедергі болмайтын (шекті жай-күйлердің екінші тобы) деформациялар бойынша есептеу талаптарын қанағаттандыруы тиіс. 42. Ағаш конструкцияларының ұзақ мерзімге шыдамдылығы нормативтік құжаттарға сәйкес сындарлы шаралармен сындарымен және қажет болған жағдайларда оларды ылғалданудан, биобүліну мен тұтанудан сақтауды көздейтін қорғағыш өңдеуімен қамтамасыз етілуі тиіс. 43. Ағаш конструкцияларды үнемі немесе мерзімді ұзақ уақыттық қыздыру жағдайларында, егер қоршаған ортаның температурасы 50оС-тан аспаса пайдалануға рұқсат етіледі. 44. Рұқсат етілген қатердің мүмкін дәрежесімен көтерме ағаш конструкцияларын жасау кезінде, көтерме ағаш конструкцияларын нақты пайдалану жағдайларындағы барлық нақты ықтимал жүктемелер мен әсер етулер, ғимараттар мен құрылыстардың жауапкершілік деңгейлері мен қызмет ету мерзімдері есептермен расталуы тиіс. Ағаш конструкциясын пайдалану кезінде әсер ететін жүктемелер мен әсер етулер, көтерме ағаш конструкциялары қолданылған құрылыстық немесе өзге түрдегі конструкциялардың рұқсат етілмеген көлемде деформациялауына немесе қирауына әкеп соқтырмауы тиіс. 45. Қосылысқа әсер ететін күш, қосылыстың есептік көтерме қабілетінен аспауы тиіс. Қосылыстардың есебі нормативтік және нормативтік-техникалық құжаттардың талаптарына сәйкес жүргізілуі тиіс. 46. Қосылыстың негізгі түрлері әртүрлі керілісті күйде жұмыс істейтін бейімсіз (желімдік қосылыстар) және бейімді (сыналық қосылыстар, металды тісті тілікшелердегі қосылыстар, қосқыштағы қосылыстар) ретінде қарастырылуы тиіс. 47. Қосылыстардың есептік көтермелік қабілеті қосылыстың түрі мен оның керілісті күйіне қарай сенімділіктің тиісті коэффициентін енгізе отырып, эксперименталдық деректердің негізінде анықталуы тиіс. 48. Жекелеген қабаттарды түйістіруге арналған тісті тиектегі желімдік қосылыстар ұзындығы бойынша қолданылатын кесілген ағаш материалдардың беріктілігінен кем болмайтындай кедергіге ие болуы тиіс. Әртүрлі сортты материалдардан (әртүрлі тектес сүрек, басқа сүрек материалдары бар сүрек, металлы бар сүрек) жасалған желімдік қосылыстар көлденең қиманы келтіру әдісін нормативтік құжаттардың талабына сәйкестендіріліп есептелуі тиіс. 49. Желімделген өзекшенің ағаш конструкцияларының элементтері талшықтарының тігінен немесе көлденең жұлуға немесе сығуға қатысты есептік көтерме қабілетін жапсырылған өзекше диаметрінің, өзекшенің бекітілетін бөлігінің ұзындығының және бекітілетін бөлігінің ұзындығына байланысты қозғау кернеуін бір қалыпты емес бөлуді ескере отырып, коэффициенттің қозғалыс кедергісін есептеуге байланысты айқындалуы қажет. 50. Элементтердің цилиндрлік сынадағы есептік көтерме қабілетін жұмыс шарттарының тиісті коэффициенттерін енгізе отырып, пайдаланудың әртүрлі температуралық-ылғалдылық жағдайларын, жүктемелердің сипаты мен жүктеу қызметінің ұзақтығын ескере отырып, айқындау қажет. 51. Бұрама шегелер мен глухарьдың ағашқа кем дегенде екі диаметрден кем емес қағып кіргізген кездегі олардың көтерме қабілетін болат цилиндрлік сыналарға арналған ережелер бойынша айқындау қажет. Металды тісті тілікшелердегі қосылыстарды олардың көтерме қабілетін қосылыстың кернеу күйінің түріне, жеке тісінің кедергісі мен ағаш элементтерін біріктіретін тілікшенің өлшеміне байланысты, сондай-ақ пайдаланудың әртүрлі температуралық-ылғалдылық жағдайларын, жүктемелердің сипаты мен жүктеу қызметінің ұзақтығын анықтай отырып, есептеу қажет. 52. Ағаш элементтер мен конструкциялардың салыстырмалы иілулері пайдалану талаптары мен сындарлы мақсаттарын айқындайтын шектік сипаттан аспауы тиіс. 53. Көтерме ағаш конструкцияларының беріктілігінің, майысқыштығының мен ұзақ мерзімге шыдамдылығының есептерін нормативтік сенімдік дәрежесімен орындалуы тиіс және қажет болған жағдайда заттай әрі зертханалық сынақтармен расталған болуы тиіс. 54. Көтерме ағаш конструкцияларды іргетастарға, тас қабырғаларға, болат және темір-бетонды бағаналар мен аса жылу өткізгіш материалдардан жасалған конструкцияның басқа да элементтеріне сүйеу (олардың тікелей байланысы кезінде) гидрооқшаулағыш төсемдер арқылы жүзеге асыруы қажет. 55. Ашық ауада пайдаланылатын көтерме желімделген ағаш конструкциялар тұтас қималы болуы қажет, бұл конструкциялардың жоғарғы көлденең және еңкейген қырларын антисептикалық тақтайлармен, мырышталған болат профильденген немесе жалпақ табақтан, алюминийден, шыныпластиктен немесе атмосфераға төзімді басқа да материалдан жасалған маңдайшалармен қорғалуы қажет. Көтерме желімделген ағаш конструкцияларын дайындау кезінде оларды дайындау технологиясының ерекшеліктері және тиісті өлшемді желімдерді қолданылуы ескерілуі және қамтамасыз етілуі қажет.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |