«Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңын iске асырудың кейбір мәселелерi туралы (2009.30.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2010 жылғы 17 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 қаңтардағы Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: ҚР Yкіметінiң 2005 ж. 17 қыркүйектегі № 925 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2009.30.07. № 1157 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді 1. Қоса беріліп отырған: 1) Инвестициялық преференцияларды көздейтiн инвестицияларды жүзеге асыруға арналған модельдiк келісім-шарт; 2) Инвестициялық преференциялар берiлетiн экономикалық қызмет түрлерiнiң жалпы сыныптауыш сыныптары деңгейде қызметтiң басым түрлерiнiң тiзбесi; 3) инвестициялардың ең жоғарғы көлемдері; 4) Инвестицияларды мемлекеттік қолдау саласындағы уәкiлеттi органның мемлекеттік органдардың мамандарын, консультанттар мен сарапшыларды тарту ережесi бекітілсiн. 2. Осы қаулы ресми жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2003 жылғы 8 мамырдағы № 436 қаулысымен бекітілген
Инвестициялық преференцияларды көздейтiн инвестицияларды жүзеге асыруға арналған МОДЕЛЬДIК КЕЛIСIМ-ШАРТ
Астана қаласы ______ _______ _______ (күні, айы, жылы)
Осы Инвестициялық преференцияларды көздейтiн, инвестицияларды жүзеге асыруға арналған келісім-шарт, бұдан әрi Тараптар деп аталатын ________________________________ негiзiнде әрекет eтeтiн (Ереже немесе Бұйрық) ________________________________________________________________ (бұдан әрi - Уәкiлеттi орган) ________________________________________________________________ (уәкiлеттi органның атауы) __________________________________________________________ атынан (басшының немесе оның мiндетiн атқарушы тұлғаның аты-жөнi) ________________________________________________________________ және _____________________________________негiзінде әрекет ететiн (Жарғы немесе сенiмхат) __________________________________________________________ атынан (басшының немесе өзге уәкiлеттi тұлғаның аты- аты-жөнi) ________________________________________________________________ (инвестициялық жобаны iске асыруды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының атауы) (бұдан әрi - Инвестор) арасында жасалды. Мыналарды: 1) Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделген Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамасы қызметтiң басым түрлерінде жаңа өндiрiстердi құру, жұмыс iстеп тұрғандарын кеңейту және жаңарту мақсатында қолайлы инвестициялық ахуал жасауға бағытталғанын; 2) уәкiлеттi органға келісім-шарттарды жасасуға және орындалуын бақылауға тiкелей байланысты құқықтар берiлгенi; 3) уәкiлетті орган және Инвестор _________________________ (инвестициялық жобаның атауы) инвестициялық жобаны iске асыру кезінде олардың өзара құқықтары мен міндетiн реттейтiнi туралы уағдаласқандығын назарға ала отырып, уәкiлеттi орган және Инвестор мыналар туралы осы Келісім-шарт жасасты.
1. Келісім-шарттың мән-жайы 1. Осы Келісім-шарттың мән-жайы Инвесторға инвестициялық жобалар шеңберiнде Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамасында көзделген инвестициялық преференцияларды беру болып табылады. 2. Инвесторға мынадай инвестициялық преференциялар берiледi: 1) ҚР Yкіметінiң 2009.30.07. № 1157 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2) _______________________________________________________; (келісім-шартқа 2-қосымшаға сәйкес кеден баждарын салудан босату) 3)________________________________________________________. (мемлекеттік заттай грант)
3. Осы Келісім-шартқа қолданылатын негiзгi ұғымдар: 1) Келісім-шарт - уәкiлеттi орган мен Инвестор арасындағы осы Инвестициялық преференцияларды көздейтiн инвестицияларды жүзеге асыруға арналған келісім-шарты, сондай-ақ осы Келісім-шартқа барлық қосымшаларды білдiредi; 2) Қазақстан Республикасының құқығы - Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттар; 3) кiрiстер - пайданы, дивидендтi, және басқа да сыйақыларды қоса алғанда, олар төлейтiн нысанға қарамастан инвестициялық немесе онымен байланысты қызметтен алынатын кiрiстер; 4) ҚР Yкіметінiң 2009.30.07. № 1157 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 5) материалдық емес активтер - жиынтық жылдық кiрiстi алу үшiн ұзақ мерзімді кезең iшiнде (бiр жылдан астам) пайдаланатын материалдық емес объектiлер; 6) форс-мажор - келісім-шарттың бұдан әрi орындалу барысын қиындататын немесе оған мүмкiндік бермеуге әкеп соғатын тежеусiз күш жағдайлары (әскери қақтығыстар, табиғи, дүлей апаттар және басқалары); 7) үшiншi тұлға - келісім-шарт боЙынша тарап болып табылмайтын кез келген тұлға; ҚР Үкіметінің 2005.07.09. № 851 Қаулысымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 8) жұмыс бағдарламасы - осы Келісім-шартқа сәйкес және Келісім-шартқа 1-қосымшада көрсетілген инвестициялық жобаны іске асыру жөніндегі жұмыстардың күнтізбелік кестесін айқындайтын келісім-шартқа қосымша. 4. Осы бөлімде жоқ ұғымдар, түсіндiрулер "Инвестициялар туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 қаңтардағы Заңындағы (бұдан әрi "Инвестициялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы) және инвестициялық преференциялар мәселелерiн реттейтiн басқа да нормативтiк құқықтық кесiмдердегi ұғымдарға сәйкес мәнге ие.
3. Келiсім-шарттың мақсаты 5. Осы Келісім-шарт ______________________________________ (қызметтiң басым түрлерiнiң атауы) инвестициялық қызметтi жүзеге асыру кезiнде инвестициялық преференцияларды беру мақсатында қолдану құқығына сәйкес уәкiлеттi орган мен Инвестор арасындағы шарттық өзара қарым-қатынастардың заңды шеңберiн белгілейдi. 4. Инвестициялық қызмет объектiлерi 6. Осы Келісім-шарт бойынша өзiне мыналарды: Тiркелген активтердің инвестициясы
қамтитын _________________________________________________ (инвестициялық жобаның атауы, орналасқан жерi) инвестициялық қызмет объектiсi болып табылады. 7. Уәкiлеттi органның: 1) өкілеттiктердi табыстау шегiнде инвесторлармен тiкелей келiссөздер жүргiзу кезiнде Қазақстан Республикасын білдiруге; ҚР Yкіметінiң 2005 ж. 17 қыркүйектегі № 925 2 тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара) 2) келісім-шарттардың шарттарын және жасасу мен бұзуы тәртібін айқындауға, келісім-шарт жасасуға және тiркеуге; 3) ҚР Yкіметінiң 2005 ж. 17 қыркйектегі № 925 алып тасталды (бұр. ред. қара) ҚР Үкіметінің 2005.07.09. № 851 Қаулысымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 4) инвестициялық жобаны iске асыруға бақылау жүргізуге, оның iшінде Инвестордан Келісім-шарттың шарттарын орындау жөнінде жүйелi есептi талап етуге, сондай-ақ инвестициялық жобаға қатысты өзге де ақпаратты сұратуға; 5) ҚР Yкіметінiң 2005 ж. 17 қыркйектегі № 925 алып тасталды (бұр. ред. қара) 6) Уәкілеттi орган туралы ережеде және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтары бар. 8. Инвестордың: 1) келiсілген инвестициялық жобаны iске асыру үшiн Келісім-шарт шарттарына және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қайшы емес кез-келген әрекеттердi қабылдауға; 2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы шеңберінде инвестициялық қызметтi жүзеге асыруға қажеттi активтердi, оның iшінде жабдықтарды және өзге де материалдарды импорттауға; 3) уәкiлеттi мемлекеттік органға белгіленген тәртiппен Келісім-шартқа өзгерістер мен (немесе) қосымшалар енгізу жөнiнде ұсыныстар енгiзедi. 6. Тараптардың міндеттерi 9. Уәкiлеттi орган өз құзыры шегінде: 1) Келісім-шарттың шарттарына сәйкес инвестициялық преференциялар беруге; 2) ҚР Yкіметінiң 2005 ж. 17 қыркйектегі № 925 алып тасталды (бұр. ред. қара) ҚР Yкіметінiң 2005 ж. 17 қыркүйектегі № 925 3) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара) 3) Инвестордың қатысуымен инвестициялық дауларды сотқа дейiнгi тәртiппен реттеуде көмек көрсетуге міндеттеме алады. 1) Жұмыс бағдарламасына сәйкес инвестициялық қызметтi және өндiрiстi қосуды жүзеге асыруға; 2) жұмыс бағдарламасына сәйкес Келісім-шарттың 6-тармағында көрсетiлген инвестицияларды жүзеге асыруға; 3) келісілген инвестициялық жобаларды iске асыру кезiнде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын және осы Келісім-шарттың ережелерiн сақтауға; ҚР Үкіметінің 2005.07.09. № 851 Қаулысымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 4) осы Келісім-шарттың 5-тармағында көрсетілген қызмет түрін өзгертпеуге және инвестициялық преференциялар берiлетiн келісілген инвестициялық жобалардың шарттарын бұзбауға; ҚР Үкіметінің 2005.07.09. № 851 Қаулысымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 5) қазақстандық кадрларды үздіксіз оқыту жүйесін енгізуге және олардың біліктілігін арттыру жөнінде жұмыс жүргізуге; ҚР Yкіметінiң 2005 ж. 17 қыркүйектегі № 925 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 6) ҚР Үкіметінің 2005.07.09. № 851 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 7) уәкiлеттi орган талап еткен инвестициялық жобаларды iске асырылу барысы туралы ақпаратты беру және есеп берудiң мерзiмiн сақтауға; 8) тiркелген активтердің инвестицияларын жүзеге асыру кезiнде қазiргi заманғы технологияны қолдануға; ҚР Yкіметінiң 2005 ж. 17 қыркүйектегі № 925 9) тармақшамен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2005.07.09. № 851 Қаулысымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 9) Келісім-шарт қолданылатын мерзімде берілген мемлекеттік заттай грантты және Келісім-шарттың жұмыс бағдарламасына сәйкес сатып алынған тіркелген активтерді жалға бермеуге, иеліктен айырмауға және олардың нысаналы мақсатын өзгертпеуге міндеттеме алады. 7. Меншіктi және ақпаратты иелену құқығы 11. Келісім-шартта өзге көзделмесе, өз инвестициялық қызметiн жүзеге асыру үшiн Инвестор алған кез келген активтер, сондай-ақ ақпарат Инвестордың меншiгi болып табылады. 8. Салықтар және төлемдер ҚР Yкіметінiң 2009.30.07. № 1157 Қаулысымен 12-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 12. Инвестор Қазақстан Республикасының қолданыстағы салық заңнамасына сәйкес салық және бюджетке төленетiн басқа да міндеттi төлемдердi төлеуге міндеттеме алады. 9. Форс-мажор 13. Келісім-шарт бойынша қандай да болмасын орындамаған міндеттемелер үшін, егер бұл орындамаушылық немесе орындау кезiнде кiдiрту тежеусiз күш (форс-мажор) жағдайынан туған болса Тараптардың ешқайсысы жауапты болмайды. 14. Тежеусiз күш жағдайына әскери қақтығыстар, табиғи апаттар, дүлей апаттар жатады өрт, iрi апаттар, коммуникациялардың бұзылуы т.б. және осы жағдайлардағы өзге де төтенше және қайтпас жайттар жатады. 15. Форс-мажор жағдайларынан туындаған Келісім-шарт бойынша жұмыстардың толық немесе iшiнара тоқтауы кезiнде, Жұмыс бағдарламасына өзгерістер енгізу жолымен форс-мажордың әрекетi мерзімінде бұл жұмыстардың жүргiзiлу мерзiмi ұзартылады және форс- мажор аяқталған сәттен бастап жаңартылады. 16. Форс-мажор жағдайлары туындаған жағдайда, одан зардап шеккен Тарап ол басталған күннен 15 жұмыс күнi iшінде бұл туралы форс-мажор оқиғасы басталған күндi және сипаттамасын көрсете отыра, жазбаша хабарламаны тапсыру жолымен екiншi Тарапты хабардар етедi. 17. Форс-мажорлық жағдайлар туындаған кезде тараптар қалыптасқан жағдайдан шығудың шешуiн iздеу үшiн дереу келiссөздер өткiзедi және мұндай жағдайлардың зардаптарын барынша азайту үшін барлық құралдарды пайдаланады. 10. Құпиялылық 18. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Тараптар, келісім-шарттың әрекет ету мерзiмi iшiнде оны iске асыру жөніндегi жұмысқа қатысты барлық құжаттар, ақпараттар және есептер бойынша құпиялылық шарттарын (осы Келісім-шарттың 19-тармағына сәйкес) сақтауы тиiс. 19. Екiншi Тараптың жазбаша келісімiнсiз ешбiр Тарап Келісімшарттың мазмұнына қатысты немесе инвестициялық жобаны жүзеге асыруға байланысты және құпия деп есептелетін өзге де ақпаратты ашуға мына жағдайлардан басқа жағдайда құқығы жоқ: 1) егер ақпарат сот талқыламасы барысында пайдаланылса; 2) ақпарат Келісім-шарт бойынша Тараптардың бiрiне қызмет көрсететiн үшiншi тұлғаға, бұл үшiншi тұлға мұндай ақпараттың құпиялық шарттарын сақтау және оны Тараптар белгiлеген мақсаттарда және айқындалған мерзiмде ғана пайдалануға мiндеттеме алу шарты берілген жағдайда; 3) ақпарат Келісім-шарт бойынша Тарап қаржы қаражаттарын алатын банкке немесе басқа қаржылық ұйымға берiлсе, мұндай банк немесе басқа қаржылық ұйым бұл ақпараттың құпиялық шарттарын сақтауға мiндеттеме алған жағдайда; 4) кез-келген, оның iшiнде Инвестордың оның ішiнде Қазақстан Республикасынан тысқары шетелдiк банктерде ашылған кез-келген шарттарына қатысты банкілік құпия болып табылатын, ақпаратқа ене алатын салық немесе өзге де Қазақстан Республикасының мемлекеттік уәкiлеттi органы берген жағдайда; 5) егер, уәкiлеттi орган жасасқан Келісім-шарт бойынша инвестициялық жобаны iске асыруға қатысты нормативтiк құқықтық кесiмдердi бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласа. Бұл жағдайда уәкiлетті орган инвестициялардың сомасы мен құрылатын жұмыс орындарының саны туралы ақпаратты ғана жариялауға құқылы. ҚР Yкіметінiң 2005 ж. 17 қыркүйектегі № 925 тақырыбы жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2005.07.09. № 851 Қаулысымен 11-бөлім жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 11. Келісім-шарт жағдайларының сақталуына мониторинг және оны бақылау
20. Келісім-шарттар талаптарының сақталуын бақылауды уәкілетті орган мынадай нысандарда жүзеге асырады: 1) камералдық бақылау - уәкілетті орган осы Келісім-шарттың 21-тармағына сәйкес ұсынылған есептерді зерделеу және талдау негізінде жүзеге асыратын бақылау; 2) инвестициялық қызмет объектісіне барып, оның ішінде жұмыс бағдарламасын және келісім-шарт талаптарын орындау жөніндегі құжаттарды қарап. 21. Келісім-шарт жасасқаннан кейін инвестор уәкілетті органға: 1) жұмыс бағдарламасы қолданылатын мерзімде статистика жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша: жиырма бесінші маусымнан кешіктірмей жұмыс бағдарламасының орындалуы туралы аралық есепті; жиырма бесінші қаңтардан кешіктірмей жұмыс бағдарламасына сәйкес сатып алынған тіркелген активтер бойынша толық көрсете отырып, жұмыс бағдарламасының орындалуы туралы жылдық есепті; 2) тіркелген активтер пайдаланылуға енгізілгеннен кейін бір ай ішінде тіркелген активтердің пайдаланылуға енгізілгенін растайтын құжатты; 3) жұмыс бағдарламасы бойынша жұмыстарды аяқтау мерзімі өткеннен кейін бір ай ішінде аудиторлық есеппен расталған: жұмыс бағдарламасының орындалуы туралы есепті; инвестициялық қызметтің нәтижелері бойынша кірістер мен шығыстар туралы есепті; жұмыс бағдарламасына сәйкес сатып алынған тіркелген активтер бойынша толық жазылуын ұсынады. Аудиторлық есепте жұмыс бағдарламасының бүкіл қолданылу кезеңіндегі қаржы-шаруашылық қызметтің нәтижелерін талдау қамтылуға тиіс. 22. Жұмыс бағдарламасына өзгерістер тараптардың келісімі бойынша жылына бір рет енгізілуі мүмкін. 22-1. Инвестициялық қызмет объектісіне барып тексеру уәкілетті органның шешімі негізінде жұмыс бағдарламасы бойынша жұмыстардың аяқталу мерзімі өткеннен кейін үш ай ішінде жүргізіледі. Инвестициялық қызмет объектісіне барып кезектен тыс тексеру уәкілетті органның шешімі бойынша: 1) камералдық бақылау нәтижелері бойынша келісім-шарт талаптарының бұзылуы анықталған жағдайларда; 2) құқық қорғау органдарының өтініштері бойынша жүргізіледі. 22-2. Тексеру нәтижелері бойынша уәкілетті органның өкілі инвестордың басшысы келісім-шарттың жұмыс бағдарламасын орындаудың ағымдағы жай-күйінің актісіне қол қояды. 22-3. Келісім-шарттың жұмыс бағдарламасы орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған жағдайда уәкілетті орган инвесторға бұзушылықтарды көрсете отырып, жазбаша нысанда хабарлама жібереді және бұзушылықтарды жою үшін үш айдан аспайтын мерзімді белгілейді. 22-4. Мемлекеттің экономикалық мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында келісім-шартты бұзу туралы ақпарат мыналарға жіберіледі: 1) тиісті шаралар қабылдау үшін мемлекет алдындағы салықтық міндеттемелердің орындалуын салықтық бақылауды қамтамасыз ететін уәкілетті мемлекеттік органға және қажет болған кезде өзге де мемлекеттік органдарға; 2) оларға сәйкес мемлекеттік заттай грант берілген келісім-шарттар бойынша мемлекет алдындағы салықтық міндеттемелердің орындалуын салықтық бақылауды қамтамасыз ететін уәкілетті мемлекеттік органға, мемлекеттік мүлікті және (немесе) жер ресурстарын басқару саласындағы мемлекеттік органдарға, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдарға.
12. Дауларды шешу 23. Тараптар инвестициялық қызметпен байланысты немесе Келісім-шарттың кез-келген ережелерiнің орындалуымен немесе түсіндiрулерiмен байланысты туындайтын барлық даулар мен келiспеушiлiктердi өзара келiссөздер жолымен шешу үшiн бар күштi салады. 24. Тараптар кез келген Тараптың екiншi Тарапқа жазбаша өтiнiм алған күннен бастап екi ай iшінде келісімге қол жеткiзбеген жағдайда даулардың шешiлуi Қазақстан Республикасының сот органдарында, сондай-ақ Тараптардың келісімiмен айқындалатын халықаралық арбитраждарда жүргiзiледi. 25. Тараптар пайда болған даулар мен келiспеушiліктер толықтай шешiлгенше Келісім-шартта белгiленген міндеттемелердi орындаудан босатылмайды. 13. Келісім-шарттың тұрақтылығына кепілдемелер
26. Уәкілеттi мемлекеттік орган мен инвестор арасындағы жасасқан Келісім-шарттың шарттары "Инвестициялар туралы" Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген немесе Тараптардың келісімi бойынша Келісім-шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлетiн жағдайларды қоспағанда, осы Келісім-шарттың әрекет ету мерзiмi аяқталғанша өзгерiссiз қалады. 14. Қолданылатын құқық 27. Келісім-шарт негiзiнде қол қойылған Келісім-шарт және басқа да келісімдер үшiн Қазақстан Республикасының құқығы қолданылады. 15. Келісім-шарттың әрекет ету мерзiмi және күшiне eнуі ҚР Үкіметінің 2005.07.09. № 851 Қаулысымен 8-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 28. Келісім-шарттың қолданылу мерзімі инвестициялық преференциялардың қолданылу мерзімімен айқындалады. Жұмыс бағдарламасы бойынша жұмыстарды аяқтау мерзімі келісім-шарттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін үш айдан кешіктірмей аяқталуға тиіс. 29. Осы Келiсім-шарт уәкiлеттi органдарда тiркелген сәттен бастап күшiне енедi.
16. Келісім-шарт енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар
30. Тараптар өзара келісім бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Келісім-шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізуге құқылы. 17. Келісім-шарт әрекетiн тоқтатудың шарттары 31. Келісім-шарт әрекетi Келісім-шарттың 32, 33-тармақтарында көрсетiлген жағдайларды қоспағанда, жылдың (айы) соңғы күнiнiң өтуi бойынша тоқтатылады. 32. Келісім-шарттың әрекетi мына жағдайларда мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы мүмкiн: 1) Тараптардың келісімi бойынша; 2) бiр жақты тәртiппен. ҚР Yкіметінiң 2005 ж. 17 қыркүйектегі № 925 33 тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); ҚР Yкіметінiң 2009.30.07. № 1157 Қаулысымен 33-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 33. Уәкілетті орган келісім-шарт жасасқан инвесторға бұл туралы жазбаша түрде хабарлаған сәттен бастап үш ай өткеннен кейiн мынадай жағдайларда келісім-шартты бiржақты тәртiппен бұза алады: 1) инвестор ұсынған және инвестициялық преференциялар беру жөнiндегі шешiмге ықпал ететін мәліметтердің бұрмаланғаны немесе жасырылғаны анықталған кезде; 2) инвестор келісім-шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамаған кезде; 3) Келісім-шарттың 20-тармағына сәйкес инвестордың есеп бepудегі мәлiметтердi бұрмалағаны немесе жасырғаны анықталған кезде. Бұл жағдайларда көрсетiлген инвестор келісім-шарт бойынша ұсынылған инвестициялық преференциялар салдарынан төленбеген кеден баждарының сомасы Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген айыппұл санкцияларын қолдана отырып төлейдi. ҚР Yкіметінiң 2005 ж. 17 қыркүйектегі № 925 34 тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); ҚР Yкіметінiң 2009.30.07. № 1157 Қаулысымен 34-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 34. Инвестордың бастамасы бойынша келісім-шарт бiржақты тәртiппен мерзiмiнен бұрын тоқтатылған кезде инвестор келісім-шарт бойынша берілген инвестициялық преференциялар салдарынан төленбеген кеден баждарының сомасын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен өсiмпұлды есептей отырып төлейдi. |