Азаматтық авиацияның авиация персоналы киім үлгісін кию және айырым белгілерін тағып жүру ережелерін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 53-бабының 3-тармағына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Азаматтық авиацияның авиация персоналы киім үлгісін кию және айырым белгілерін тағып жүру ережелері бекітілсін. 2. Мыналардың: 1) «Нысанды киім кию, қамтамасыз ету нормалары ережесін және нысанды киім киюге құқығы бар Қазақстан Республикасының азаматтық авиация қызметкерлері лауазымдарының (кәсіптерінің) тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының м.а. 2004 жылғы 26 тамыздағы № 157 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3109 болып тіркелген); 2) «Нысанды киім кию, қамтамасыз ету нормалары ережесін және нысанды киім киюге құқығы бар Қазақстан Республикасының азаматтық авиация қызметкерлері лауазымдарының (кәсіптерінің) тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы міндетін атқарушының 2004 жылғы 26 тамыздағы № 157 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация Министрінің 2008 жылғы 24 маусымдағы № 302 бұйрығының (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5268 болып тіркелген, 2008 жылғы 27 тамызда № 130 (1356) «Заң газеті» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын. 3. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Р.Ө. Әдимолда) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау міндетті Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі Е. Дүйсенбаевқа жүктелсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|