|
|
|
Қазақстан Республикасының (2011.05.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2011 жылғы 21 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Түпнұсқада мазмұны жоқ
2007.18.06 № 262-III ҚР Заңымен кіріспе өзгертілді (бұр. ред. қара) Осы Заң басқару қызметiн ұйымдастыруды жетiлдiруге, мемлекеттік органдардың iркiлiссiз жұмыс iстеуiн қамтамасыз етуге, басқарушылық шешiмдердi жедел қабылдауға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сақтауға, мемлекеттік мүдделердi қорғауға, мемлекеттік қызметшiлердiң лауазымдық өкілеттікті қызметтен тыс мақсаттарда пайдалануына жол бермеуге , сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі қызметке жәрдемдесетiн әкiмшiлiк рәсiмдердi белгiлеуге бағытталған.
ҚР 12.03.04 ж. № 536-II Заңымен 1-бап толықтырлды; 2010.15.07. № 337-ІV ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара) 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар 1. Әкiмшiлiк рәсiмдер деп: 1) мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың мемлекеттік функциялар мен лауазымдық өкiлеттiктердi жүзеге асыру кезiнде шешiмдер қабылдау мен орындау тәртібі және оларды ресiмдеу, оның ішінде электрондық нысанда ресімдеу; 2) мемлекеттік аппараттың жұмысын ұйымдастыру рәсiмi; 3) азаматтардың өз құқықтарын iске асыру жөніндегі өтiніштерiн қарау рәсiмдерi, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiн әкiмшiлiк қорғау рәсiмдерi; 4) экономика саласындағы шешiмдер қабылдау рәсiмдерiнiң негiзгi бастаулары ұғынылады. 2. мемлекеттік органдар деп мемлекет атынан Конституция, заңдар, өзге де нормативтік құқықтық актiлер арқылы: 1) жалпыға бiрдей мiндетті мiнез-құлық ережелерiн белгілейтiн актiлер шығару; 2) әлеуметтiк мәнi бар қоғамдық қатынастарды басқару мен реттеп отыру; 3) мемлекет белгiлеген жалпыға бiрдей мiндеттi мiнез-құлық ережелерiнiң сақталуына бақылау жасау жөнiндегі функцияларды жүзеге асыруға уәкiлеттік берiлген мемлекеттік мекемелер ұғынылады. 2011.01.04. № 425-IV ҚР Заңымен 2-1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 2-1. Мемлекеттік органның құзыретi деп мемлекеттік орган қызметiнiң нысанасын айқындайтын оның белгiленген өкiлеттiктерiнiң жиынтығы ұғынылады; мемлекеттік органның өкiлеттiктерi деп мемлекеттік органның құқықтары мен мiндеттерi ұғынылады; мемлекеттік органның құқықтары деп белгiлi бiр iс-әрекеттi жасау, басқа тұлғадан (басқа тұлғалардан) белгiлi бiр мiнез-құлықты (ic-әрекеттi немесе iс-әрекет жасаудан тартынуды) талап ету мүмкiндiгi ұғынылады; мемлекеттік органның мiндеттемелерi деп мемлекеттік орган орындауға мiндеттi iс-әрекет шеңберi ұғынылады; мемлекеттік органның мiндеттерi деп мемлекеттік орган қызметiнiң негiзгi бағыттары ұғынылады; мемлекеттік органның функциялары деп мемлекеттік органның қызметтi өз құзыреті шегiнде жүзеге асыруы ұғынылады. Мемлекеттік органның құзыреті, өкілеттігі, функциялары мен міндеттері Конституцияда, заңдарда және Президент, Үкімет, өзінен жоғары тұрған орталық мемлекеттік орган қабылдайтын өзге де нормативтік құқықтық актілерде белгіленеді. 2007.18.06 № 262-III ҚР Заңымен 1-бап 2-2- тармақпен толықтырылды; 2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.02.04. № 263-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) 2-2-тармақ жаңа редакцияда 2-2. Мемлекеттік қызмет көрсету - мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының және өзге де жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік органдардың жекелеген функцияларын іске асыру нысандарының бірі болып табылатын, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген, жеке және заңды тұлғалардың (мемлекеттік органдарды қоспағанда) қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған, жеке сипаттағы әрі жеке және (немесе) заңды тұлғалардың (мемлекеттік органдарды қоспағанда) өтініші бойынша жүзеге асырылатын қызметі. Мемлекеттік қызмет көрсету мемлекеттік қызметтер көрсетудің стандарттары мен регламенттері шеңберінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ақылы немесе тегін негізде көрсетіледі. 2007.18.06 № 262-III ҚР Заңымен 1-бап 2-3- тармақпен толықтырылды; 2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.02.04. № 263-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) 2-3-тармақ жаңа редакцияда 2-3. Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты - мемлекеттік қызмет көрсету процесінің, нысанының, мазмұны мен нәтижелерінің сипаттамасын қамтитын мемлекеттік қызметтер көрсетуге қойылатын талаптарды белгілейтін нормативтік құқықтық акт. 2007.18.06 № 262-III ҚР Заңымен 1-бап 2-4- тармақпен толықтырылды 2-4. 2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2007.18.06 № 262-III ҚР Заңымен 1-бап 2-5-тармақпен толықтырылды; 2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен 2-5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2-5. Мемлекеттік қызметтер көрсету тізілімі - мемлекеттік қызметтер көрсетуді алушыларды, олардың көрсетілуін қамтамасыз ететін мемлекеттік органдарды және ұйымдарды көрсете отырып, республикалық және жергілікті деңгейде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің үнемі жаңартылып отыратын тізбесін және басқа да сипаттамаларды қамтитын нормативтік құқықтық акт. 2010.02.04. № 263-IV ҚР Заңымен 2-6-тармақпен толықтырылды (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) 2-6. Мемлекеттік қызмет көрсету регламенті - мемлекеттік қызмет стандартының сақталуына қойылатын талаптарды белгілейтін және мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының, мемлекеттік қызметтер көрсететін лауазымды адамдардың, сондай-ақ өзге де жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік қызмет көрсетуінің тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық акт. Мемлекеттік қызмет көрсету регламенті мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының және өзге де жеке және заңды тұлғалардың іс-қимылының (өзара іс-қимылының) сипаттамасын да белгілейді. 2-7. Электрондық мемлекеттік қызметтер көрсету - ақпараттық технологияларды қолдана отырып, электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтер. 3. Лауазымды адамдар деп осы Заңда мемлекеттік функцияларды (өкiмет өкiлiнiң функцияларын) тұрақты, уақытша немесе арнайы өкiлеттiк бойынша жүзеге асыратын не мемлекеттік органдарда ұйымдастырушылық-өкiмдiк немесе әкiмшілiк-шаруашылық функцияларын орындайтын адамдар ұғынылады. Конституцияның, заңдардың және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң талаптарына байланысты лауазымды адамдар өздерiне жүктелген функцияларды: 1) жеке-дара өкiм жүргiзу тәртібімен мемлекеттiң нақты лауазымды адамының атынан; 2) нақты мемлекеттік органда шешiмдер қабылдаудың заңдарда көзделген тәртібіне байланысты жеке-дара өкiм жүргiзу тәртібімен не алқалық тәртiппен нақты мемлекеттік органның және оның құрылымдық бөлiмшелерiнiң атынан жүзеге асыра алады.
2-бап. Осы Заңның қолданылу шектерi 1. Осы Заңда көзделген әкiмшiлiк рәсiмдер заң актілерімен реттелмеген бөлiгiнде: 1) Қазақстан Республикасы Президентінің, Мемлекет басшысының қызметiн қамтамасыз ететiн мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың, Президентке тiкелей бағынысты және есеп беретiн мемлекеттік органдардың; 2) Қазақстан Республикасының Парламентi Палаталары, Орталық сайлау комиссиясы аппараттарының; 3) Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi, Жоғарғы Соты мен өзге де соттары аппараттарының; 4) Қазақстан Республикасы Үкіметінiң, Премьер-Министрi Кеңсесiнің, орталық атқарушы органдарының; 5) Қазақстан Республикасының жергiлiктi өкiлдi органдары аппараттарының; 2007.18.06 № 262-III ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара) 6) Қазақстан Республикасының жергiлiктi атқарушы органдарының; 2007.18.06 № 262-III ҚР Заңымен 1-тармақ 7) тармақшамен толықтырылды 7) мемлекеттік қызметтерді ұсынуы кезінде мемлекеттік қызметтер көрсету субъектілерінің қызметінде қолданылады. 2. Осы Заңда көзделген рәсiмдердiң күшi: 1) азаматтардың өтiнiштерiн қарауға және қаралу тәртібі әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдарда, қылмыстық iс жүргізу және азаматтық iс жүргiзу заңдарында белгiленген өзге де iстердi қарауға; 2) дайындалу рәсiмi өзге заң актілерінде көзделген нормативтiк құқықтық актiлердi дайындауға; 2010.02.04. № 263-IV ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3) жүзеге асырылу тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленетін стратегиялық, бюджеттік және экономикалық жоспарлау түрлеріне қолданылмайды.
3-бап. Әкiмшiлiк рәсiмдердi белгілеу принциптерi Осы Заңда көзделген әкiмшiлiк рәсiмдер: 1) заңдылық; 2) төменгi мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың жоғары тұрған органдар мен лауазымды адамдарға бағынуы; 3) заң мен сот алдында баршаның теңдiгi; 4) азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының басымдығы, азаматтар мен ұйымдардың өтiнiштерiн қарау кезiнде төрешiлдiк пен сөзбұйдалық көрiнiстерiне жол бермеу; 5) әкiмшiлiк рәсiмдерiнде көзделген iс-әрекеттер мен актiлердiң барлық азаматтар, ұйымдар мен лауазымды адамдар үшiн мiндеттiлiгi; 6) жеке адамның, қоғам мен мемлекеттiң өзара жауапкершiлiгi мен мүдделерiнiң теңбе-тең болуы; 7) мемлекеттік құпиялар және заңмен қорғалатын өзге де құпия туралы заңдарды қатаң сақтай отырып, қоғамдық пiкiр мен жариялылықты ескеру; 8) мемлекеттік билiктiң беделiн қолдау мен Қазақстан Республикасының беделiн түсiретiн және мемлекеттік қызмет мүдделерiне қайшы келетiн iс-әрекеттерге жол бермеу, соның iшiнде сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiне қарсы тұру, мемлекеттік қызметшiлер үшiн заңдарда белгіленген тыйымдар мен шектеулердi қатаң сақтау; 9) барлық деңгейдегi мемлекеттік органдар үшiн әкiмшiлiк рәсiмдер талаптарының бiрыңғай болуы; 10) барлық мемлекеттік органдар мен мемлекеттiң лауазымды адамдары құзыреттерiнiң ара-жiгін айқын межелеу және олардың келісе отырып жұмыс iстеуi; 2007.18.06 № 262-III ҚР Заңымен 11) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара) 11) үнемдiлiк пен тиiмдiлiк; 2007.18.06 № 262-III ҚР Заңымен 3-бап 12) тармақшамен толықтырылды 12) мемлекеттік қызметтердің қол жетімділігі мен сапасы принциптеріне негізделеді.
2-тарау. Мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың мемлекеттік функциялар мен лауазымдық өкілеттіктерді жүзеге асыруы кезінде шешімдер қабылдау тәртібі және оларды ресімдеу
4-бап. Мемлекеттік органдардың өз функцияларын жүзеге асыруы кезiнде шешiмдер қабылдауы 1. Мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар мемлекеттік функциялар мен лауазымдық өкiлеттiктердi жүзеге асыруы кезiнде құқықтық актiлер шығару арқылы шешiмдер қабылдайды. 2. Мемлекеттік органдардың құқықтық актiсi жеке қолданылатын актiлерге жатады, белгiленген нысандағы жазбаша ресми құжат болып табылады және: 1) бiр рет не өзгеше шектеулi түрде қолдануға есептеледі; 2) (немесе) заңдарда регламенттелген жағдай шеңберiнде белгiлi бiр тұлғаға не өзге де белгiлi бiр тұлғалар тобына қолданылады; 3) (немесе) белгiлi бiр тұлғаның немесе тұлғалардың өзге шектеулi тобының құқықтары мен мiндеттерiн белгiлейдi, өзгертедi, тоқтатады немесе тоқтата тұрады. 3. Жеке қолданылатын құқықтық актiлер Қазақстан Республикасының заңдарына кiрмейдi және нормативтiк құқықтық актiлерге жатпайды. 4. Жеке қолданылатын құқықтық актiлердi қабылдау рәсiмдерi, олардың ресiмделуiн, орындалуын және орындалуына бақылау жасауды ұйымдастыру осы Заңмен және өзге де нормативтiк құқықтық актiлермен белгiленедi. 5-бап. Құқықтық актілерге және олардың ресiмделуiне қойылатын талаптар 1. Мемлекеттік органдардың құқықтық актiсi мынадай талаптарға сай келуге тиiс: 1) құқықтық акт Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарға және жоғары тұрған мемлекеттік органдардың құқықтық актілеріне қайшы келмеуге тиiс; 2) құқықтық актiнiң құрылымы реттеу нысанасының толық ашылуын қамтамасыз етуге, ал мазмұны дайындалып жатқан құқықтық актiнiң бiркелкi түсiнiлуi мен қолданылуын қамтамасыз етуге тиiс; 3) құқықтық актiде белгiленiп отырған шаралардың мазмұны анық баяндалуға, құқықтық актiнiң күшi қолданылатын және (немесе) оларды белгiленген мерзiмде iске асыру үшiн жауапты адамдар тобы айқын белгiленуге тиiс; 4) басқарудың төменгi деңгейлерiнде iске асыруды қажет ететiн құқықтық актiлерде белгiлi бiр мемлекеттік органдарға және (немесе) лауазымды адамдарға оларды орындау жөнiнде берiлетiн нақты тапсырмалар болуға тиiс. 2. Мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасы Конституциясының талаптарына және Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келетiн құқықтық актілері қабылданған кезiнен бастап жарамсыз болып табылады және Қазақстан Республикасының аумағында қолданылмауға тиiс. 3. Әртүрлi деңгейдегi мемлекеттік органдар қабылдаған құқықтық актiлер бiр-бiрiне қайшы келген жағдайда, жоғары тұрған мемлекеттік органның құқықтық актiсi қолданылады. 4. Бiр деңгейдегi мемлекеттік органдар қабылдаған құқықтық актiлер бiр-бiрiне қайшы келген жағдайда осы шешiмдi қабылдау құзыретiне кiретiн органның құқықтық актiсi қолданылады. Мүдделi тұлғаның арызы бойынша бiр құқықтық актiнiң басқа құқықтық актiден басымдығы туралы шешiмдi жоғары тұрған мемлекеттік орган немесе сот қабылдайды. 5. Мемлекеттік органдардың құқықтық актiсiнде, осы баптың 1-тармағында көзделген талаптардан басқа, мынадай деректемелер болуға тиiс: 1) құқықтық актінiң атауы; 2) сол актіде қаралатын нысананы белгiлейтiн тақырып; 3) актiнің қабылданған орны мен күнi; 4) тиiстi актiге қол қоюға уәкiлетті адамның (адамдардың) қойған қолы (қолдары); 5) органның мөрi. 6-бап. Құқықтық актiнiң орындалуын ұйымдастыру мен бақылау 1. Құқықтық актiнiң орындалуын ұйымдастыру уәкiлеттi мемлекеттік органдардың (лауазымды адамдардың) қабылданған шешiмдi уақтылы және толық орындау жөніндегі ұйымдастыру шараларын әзiрлеуi мен қабылдауы болып табылады. 2. Қажет болған жағдайда құқықтық актiнiң орындалуын қамтамасыз ету үшiн уәкiлеттi мемлекеттік орган (лауазымды адам) оны орындау жөніндегі ұйымдастыру шараларының жоспарын әзiрлеп, бекiтедi, ол тiкелей орындаушыларға жеткiзiледi. 3. Егер құқықтық актiде оны орындаудың нақты мерзiмдерi мен тiкелей орындаушылары айқындалмаса, оларды орындаушы мемлекеттік орган немесе жоғары тұрған орган белгiлейдi және дереу тiкелей орындаушылардың назарына жеткiзiледi. 4. Қабылданған шешiмдердi уақтылы және толық орындау мақсатында мемлекеттік орган немесе лауазымды адам олардың орындалуына бақылауды жүзеге асыруға тиiс. 5. 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 6. 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 7. 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 8. 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 7-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 7-бап. Құқықтық актінің орындалуын бақылауды жүзеге асыру тәртібі Құқықтық актінің орындалуын бақылауды жүзеге асыру тәртібі «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен айқындалады.
8-бап. Мемлекеттік органдардың құқықтық актілерінiң күшiне енуi және қолданылуының тоқтатылуы 1. Егер мемлекеттік органның құқықтық актiсiнде неғұрлым кеш мерзiм белгiленбесе, ол қабылданған кезiнен бастап күшiне енедi. 2. Мемлекеттік органның құқықтық актiсi осы құқықтық акт арналған адамдар оның талаптарын немесе онда қамтылған тапсырмаларды орындаған кезден бастап қолданылуын тоқтатады. 3. Құқықтық актiнiң қолданылуы тоқтатылғанға дейiн бұл құқықтық актiнi қабылдаған мемлекеттік орган, одан жоғары тұрған мемлекеттік орган не сот оның қолданылуын тоқтата тұруы, өзгертуi немесе күшiн жоюы мүмкiн. 4. Мүдделi тұлғалардың жоғары тұрған мемлекеттік органға немесе сотқа құқықтық актiнiң күшiн жою, өзгерту немесе қолданылуын тоқтата тұру туралы арыз беруi тиiстi шешiм қабылданғанға дейiн құқықтық актiнiң қолданылуын тоқтата тұрады. 3-тарау. Мемлекеттік органдардың жұмысын ұйымдастыру рәсімдері
2007.27.07. № 315-III ҚР Заңымен 9-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2010.02.04. № 263-IV ҚР Заңымен 9-бап жаңа редакцияда (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 9-бап. Мемлекеттік органдардың жұмысын жоспарлау 1. Мемлекеттік органдар өз қызметін стратегиялық және операциялық жоспарларға, сондай-ақ қажет болған жағдайда тоқсанға, бір жылға және ұзақ мерзімді перспективаға арналып жасалатын жұмыс жоспарларына сәйкес жүзеге асырады. 2. Стратегиялық жоспарларды әзірлемейтін мемлекеттік органдар өз қызметін тоқсанға, бір жылға және ұзақ мерзімді перспективаға арналып жасалатын жұмыс жоспарларына сәйкес жүзеге асырады. 3. Мемлекеттік органның жұмыс жоспарлары органның құрылымдық бөлімшелерінің ұсыныстары негізінде және құқықтық және нормативтік құқықтық актілерді орындау үшін алдын ала жасалады. Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелері өз жұмыс жоспарларын осы органның жұмыс жоспарының негізінде жасайды.
2007.18.06 № 262-III ҚР Заңымен 9-1-баппен толықтырылды; 2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен 9-1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2010.02.04. № 263-IV ҚР Заңымен 9-1-бап жаңа редакцияда (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 9-1-бап өзгертілді (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 9-1-бап. Регламент және стандарт, мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесі туралы ереже 1. Мемлекеттік орган өз қызметін ұйымдастыру және оның ішкі тәртібі мәселелері бойынша регламент қабылдайды. 2. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасына бірыңғай талаптарды қамтамасыз ету үшін орталық мемлекеттік органдар мемлекеттік қызметтер көрсету, оның ішінде жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызметтер үшін стандарттар әзірлейді. 3. Қазақстан Республикасының Президентіне бағынатын және есеп беретін мемлекеттік орган әзірлейтін мемлекеттік қызмет көрсету стандартын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін мемлекеттік орган әзірлейтін мемлекеттік қызмет көрсету стандартын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін үлгілік стандарт негізінде әзірленеді. Орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарының сақталуын қамтамасыз етеді. 4. Мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының және мемлекеттік қызмет көрсететін өзге де жеке және заңды тұлғалардың қызметін ұйымдастыру үшін мемлекеттік органдар мемлекеттік қызметтер көрсету регламенттерін әзірлейді және бекітеді. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне бірнеше мемлекеттік органдар, олардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдары және өзге де жеке және заңды тұлғалар қатысқан кезде мемлекеттік қызмет көрсету регламентін мемлекеттік органдар бірлесіп әзірлейді және бекітеді. Мемлекеттік қызмет көрсету регламентін әзірлеу жөніндегі әдіснамалық көмекті мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган жүзеге асырады. 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілді) 5. Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесінің мәртебесі мен өкілеттігін айқындау мәселелері бойынша ереже бекітіледі. Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесі туралы ережені әзірлеу және бекіту тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
2007.27.07. № 315-III ҚР Заңымен 9-2-баппен толықтырылды; 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 9-2-бап өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара) 9-2-бап. Мемлекеттік органның функциялары Мемлекеттік органның функциялары стратегиялық, реттеушілік, іске асыру және бақылау болып бөлінуі мүмкін: жоспарлы құжаттарды әзірлеу, қабылдау, мемлекеттік жоспарлау жүйесін айқындау, халықаралық қатынастарды, ұлттық қауіпсіздік пен қорғаныс қабілеттілігін қамтамасыз ету жөніндегі функциялар стратегиялық функциялар болып табылады; мемлекеттік функциялардың іске асырылуын нормативтік құқықтық қамтамасыз ету, рұқсат құжаттарын (лицензиялауды, тіркеуді, сертификаттауды қосқанда) беру, нормативтік құқықтық актілердің орындалуына талдау жүргізу, мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру, мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі функциялар реттеушілік функциялар болып табылады; жоспарлы құжаттарды, нормативтік құқықтық актілерді орындауға, мемлекеттік органның жоспарлы құжаттарында көзделген мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуге, мемлекеттік қызметтер көрсетуді ұсынуға бағытталған функциялар іске асыру функциялары болып табылады; жеке және заңды тұлғалар, соның ішінде мемлекеттік мекемелер қызметінің Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарында және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында көзделген талаптарға сәйкестiгi тұрғысынан тексеру және бақылау жөніндегі функциялар бақылау функциялары болып табылады. Қазақстан Республикасының Президентіне есеп беретін мемлекеттік органдардың құрылымында функцияларды стратегиялық, реттеушілік, іске асыру және бақылау деп бөлуді — Қазақстан Республикасының Президенті, ал орталық атқарушы органдарда Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
10-бап. Жеке-дара өкiмшiлiк қызмет 1. Жеке-дара өкiмшiлiк қызмет - лауазымды адамдардың мемлекеттік органдарда жүзеге асыратын уәкiлеттi лауазымды адамдардың құқықтық актiлерге жеке-дара қол қоюын, бағынысты қызметкерлерге нұсқаулар мен тапсырмалар беруiн, мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру жөнiнде өзге де ұйымдық-өкiмшiлiк шараларын жеке-дара қабылдауын қамтитын қызметi. 2. Мемлекеттік органның басшысы (алқалы мемлекеттік органдарды қоспағанда) сенiп тапсырылған органға басшылықты жеке-дара өкiмшiлiк қызмет жолымен жүзеге асырады және қабылданатын шешiмдердiң заңдылығы үшiн жеке жауапты болады. 3. Жеке-дара өкiмшiлiк қызметтi жүзеге асыру кезiнде төменгi лауазымды адамдар өздерiнiң әрекеттерiн жоғары тұрған лауазымды адамның шешiмдерiмен қатаң сәйкестiкте жүзеге асырады. Егер мемлекеттік функциялар тек қана жеке-дара өкiмшiлiк қызмет жолымен жүзеге асырылса, бұл жағдайда төменгi лауазымды адамдардың мiндетi уәкiлеттi адамның осы қызметiн қамтамасыз ету болып табылады. 11-бап. Алқалы мемлекеттік органдардың қызметi 1. Шешiмдерi мемлекеттік органдар мүшелерiнiң көпшiлiк дауысымен қабылданатын органдар алқалы мемлекеттік органдар болып табылады. Алқалы орган қабылдайтын шешiмдердiң заңдылығы үшiн жауапкершiлiк, шешiмдi қабылдаған кезде қарсы дауыс бергендердi қоспағанда, алқалы органның дауыс беруге қатысқан барлық мүшелерiне жүктеледi. 2. Алқалы органдар қызметiнiң негiзгi нысаны олардың отырыстары болып табылады, оларда осы органдардың шешiмдерi қабылданады. 3. Алқалы мемлекеттік органдардың отырыстарын дайындау және өткізу кезiнде уәкiлеттi органдар (олардың құрылымдық бөлiмшелерi) мен лауазымды адамдар мынадай мәселелердi шешедi: 1) отырыстарды жоспарлау - осы отырыстарды өткізу жоспары әзiрленедi және бекітіледi. Осы жоспар тиiсiнше тоқсандық және жылдық мерзiмге әзiрленедi, ал тиiстi келiсуден кейiн оны алқалы органның басшысы не алқалы органның қызметін қамтамасыз ететiн органның басшысы бекiтедi. Бекiтiлген жоспар мүдделi органдар мен лауазымды адамдардың назарына жеткiзiледi; 2) алқалы мемлекеттік органның отырысына шығарылатын мәселелердi дайындауды, отырысты өткізу жөніндегi өзге де ұйымдық шараларды оның тиiстi құрылымдық бөлiмшелерi не алқалы органның қызметiн қамтамасыз ететiн орган жүзеге асырады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |