«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 19 ақпандағы № 158 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 19 ақпандағы № 158 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 20, 252-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Үкіметінің 2013 жылғы 5 тамыздағы № 784 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 19 ақпандағы № 158 қаулысымен бекiтiлген
Миссиясы Агроөнеркәсіптік кешенде мемлекеттің саясатын тиімді қалыптастыру және жүзеге асыру арқылы бәсекеге қабiлеттi агроөнеркәсiптік кешенді құру. Пайымдауы Бәсекеге қабiлеттi агроөнеркәсiптік кешенді құру.
2-бөлiм. Ағымдағы жағдайды және қызметтің тиiстi салаларының (аялар) даму үрдiстерiн талдау
Ауыл шаруашылығы жалпы өнім өндірісінің көлемі 2011 жылы 27 %-ға өсті және 2,2 трлн. теңгеден асты. Ауыл шаруашылығы өндірісінің осындай өсуі соңғы 10 жылдың ішінде ең жоғары көрсеткіш болып табылады. 2011 жылы ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігі 4,4 мың АҚШ долларын құрады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|