Алматы облысының аумағын абаттандыру Ережелерін бекіту туралы
Алматы облысы мәслихатының 2015 жылғы 29 қазандағы № 49-283 шешімімен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 2-2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 21-бабының 4) тармақшасына сәйкес Алматы облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 1. Қоса беріліп отырған Алматы облысының аумағын абаттандыру Ережелері бекітілсін. 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау жетекшілік ететін облыс әкімінің орынбасарына жүктелсін (келісім бойынша). 3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛГЕН: Қазақстан Республикасы Премьер Министрінің бірінші орынбасары Қазақстан Республикасының Өңірлік даму министрі Б. Сағынтаев 09 тамыз 2013 жыл
2013 жылғы 9 тамыздағы «Алматы облысының аумағын абаттандыру Ережелерін бекіту туралы» № 21-136 шешімімен бекітілген.
Алматы облысының аумағын абаттандыру Ережелері
1. Жалпы Ережелер
1. Осы Алматы облысының аумағын абаттандыру Ережелері (бұдан әрі - Ережелер) Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне, Қазақстан Республикасының «Жер туралы» Кодексіне, Қазақстан Республикасының «Экологиялық» Кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңына сәйкес әзірленді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|