Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесін, сондай-ақ әлеуметтік көмек көрсету еселігін белгілеу туралы (2016.15.11. берілген өзгерістермен)
VI сайланған Алматы қаласы мәслихатының XXVII сессиясының 2018 жылғы 17 сәуірдегі № 224 шешімімен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-ІV Бюджет кодексінің, сондай-ақ «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және оларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі № 2247, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ, «Мүгедектерді әлеуметтік қорғауды мемлекеттік реттеу» сұрақтары нормативті түрде «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 39 заңдарының нормативтік ережелеріне, сондай-ақ «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес, V сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ: 1. Қоса беріліп отырған әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесі, сондай-ақ әлеуметтік көмек көрсету еселігі белгіленсін. 2. Алматы қаласы мәслихатының аппараты: 1) осы шешімді Алматы қаласы мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін; 2) нормативтік құқықтық актіні Алматы қаласы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткізсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|