Зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды қорғау жөніндегі іс-қимылды үйлестіру туралы
ҚР Үкіметінің2015 жылғы 26 қарашадағы № 951 Қаулысымен бекітілді 2016 жылғы 19 шілдеде күшіне енді
Бұдан әрі мүше мемлекеттер деп аталатын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің атынан олардың үкіметтері, Зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды сақтау мен қорғау туралы хаттаманы іске асыру мақсатында (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 26-қосымша), Еуразиялық экономикалық одақ (бұдан әрі - Одақ) шеңберінде мүше мемлекеттердің зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды қорғау саласындағы ынтымақтастығын дамытуға ниет білдіре отырып, төмендегілер туралы уағдаласты:
Осы Шарттың мақсаттары үшін мынаны білдіретін ұғымдар пайдаланылады: «іс-қимылды үйлестіру» - мүше мемлекеттердің зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды қорғау саласындағы өзара мүдделерін қамтамасыз ету мақсатында мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының өздерінің арасында және Еуразиялық экономикалық комиссиямен өзара іс-қимылы; «зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды бұзу» - зияткерлік меншік объектілеріне мүше мемлекеттер заңнамасына сәйкес қорғалатын құқықтарын бұзуға әкеп соқса, зияткерлік меншік объектілерін қамтитын тауарларды жасау, тарату немесе өзгеше пайдалану, сондай-ақ осы мақсаттар үшін әкелу, тасымалдау немесе сақтау, зияткерлік меншік объектілерін рұқсатсыз пайдалану, оның ішінде «Интернеттің» ақпараттық-телекоммуникациялық желісінде пайдалану әрекеттері; «бірлескен іс-шаралар» - екі немесе одан да коп мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары зияткерлік меншік объектілеріне құқықтардың бұзылуының алдын алу, анықтау, жолын кесу және тергеп-тексеру бойынша жүргізетін келісілген іс-шаралар; «уәкілетті орган» - мүше мемлекеттің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды қорғау саласында өкілеттіктер берілген атқарушы билік органы, сондай-ақ өзге де орган. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|