«Алматы қаласы Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесін құру туралы
Алматы қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 26 сәуірдегі № 2/266 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңдарына, V сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс ХХХV сессиясының «Алматы қаласын басқару сызбасын бекіту туралы» 2013 жылғы 5 шілдедегі № 144 шешіміне, Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласы әкімдігінің құрылымы туралы» 2013 жылғы 15 шілдедегі № 3/606 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 1/33 қаулысына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Алматы қаласы Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылсын. 2. Қоса беріліп отырған «Алматы қаласы Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін. 3. Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы жергілікті бюджетте тиісті қаржы жылына «Алматы қаласы Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесін қаржыландыруды қарастырсын. 4. «Алматы қаласы Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте: 1) «Алматы қаласы Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Алматы қаласының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін; 2) осы қаулыны интернет-ресурста орналастыруды қамтамасыз етсін. 5. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысы Б. Қарымсақовқа жүктелсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|